СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Фольга материалы туралы түсінік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды фольга материалының қасиеттерімен таныстыру. Тұрмыстық бұйымдардың маңызы мен қасиеті туралы ой пікірін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«Фольга материалы туралы түсінік.»



Сабақ тақырыбы:

Фольга материалы туралы түсінік.

Мектеп: №8

Күні :

17.11.2017

Мұғалімнің есімі: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 3«ә»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


Оқушыларды фольга материалының қасиеттерімен таныстыру. Тұрмыстық бұйымдардың маңызы мен қасиеті туралы ой пікірін кеңейту.

Ресурстар:


Рефлексия суреті,фольга,фольгадан жасалған жұмыстар,смайлик,кері байланыс плпкаты.


Мұғалімнің әрекеті:

Оқушының әрекеті:

Психологиялық ахуал:

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен сабаққа дайынмын»тренингін ұйымдастырамын. Егер сіздің досыңыз болса,көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса,өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз,иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіз сабаққа дайын болсаңыз алақандарыңызды соғыңыздар.

Рахмет.









Оқушылар іс-қимыл арқылы орындайды.

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі біздің тақырыбымыз фольга материалы туралы түсінік беру.

Фольга туралы мәлімет беремін.

Фольга-әр түрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал.Фольга өнеркәсіпте кең қолданысқа ие.Оны электр техникасын, айна жасағанда, баспа өндірістерінде қолданады.Тамақ өнеркәсібінде алюминий фольгасы кәмпит, шай, сүт тағамдарын орау үшін пайдаланылады. Фольга жұқа және қалың болып келеді. Фольганың бір жағы жылтырлап тұрады, оған лак жағылған, ал екінші жағы – жұмсақ, өрнек салуға ыңғайлы. Қалың фольгадан ашықхат жасауға, матаға, жұқа тақтайға, қатырма қағазға панно (өрнек) алуға болады.Фольга оңай бөлшектенеді, қайшымен қиылады, онымен кез елген затты металл секілді жылтыратуға болады.Фольгамен өнделген бұйым сәнді болып, көз тартады.Бұл материал саусақпен майыстыруға ыңғайлы.Сондықтан фольгадан әр түрлі әшекейлер жасауға болады.

Оқушыларға фольгадан жасалған жумыстарды көрсетіп шығамын.

Фольга,қатырма қағаз, қайшы,клей құралдарын алып жұмыс жасатамын.

Сұрақтармен жұмыс.

Фльга дегеніміз не? Фольгадан қандай заттар жасалады? Фольганың қағаздан айырмашылығы неде?



 

 

 

 Оқушылар фольга иатериалымен танысады.





 

 

 

 



































Оқушылар берілген жұмысты жасайды.

Сергіту сәті:

Қуыр- қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қуыр- қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Қуыр-қуыр қуырмаш

Қасқыр келсе мықтап бас

Міне басты бас бармақ

Қолдағы үлкен саусақ

Ол барады жылқыға

Құлындарды бағуға

Балан үйрек саусақ

Сиыр бақташқа ұқсас

Бұзауларға жол көрсет

Ауылға кел құт берекет


Рефлексия:

Оқушыларға қайықтың суретін таратып беремін.

Өзеннің ішіне – мен бәрін түсіндім, көңіл күйім тамаша.

Шөптеріне қойса – мен түсіндім, көңіл күйім жақсы.

Сыртына қойса – мен түсінбедім, көңіл күйім жоқ

Саған қай тапсырма қыйын болды?

Үй тапсырмасын беру:

Үй жұмысына жұмыстарын аяқтауға беремін.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.

Кері байланыс:



Бағалау:

Оқушыларды сабақта жасаған жұмыстары бойынша бағалаймын.