СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Фосфор және оның қосылыстары (9 - сынып)

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Фосфор және оның қосылыстары. Фосфор ПЖ - дегі орны, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызды қосылыстары.

Просмотр содержимого документа
«Фосфор және оның қосылыстары (9 - сынып)»



24 сабақ



Химия




Сабақ тақырыбы:

Фосфор және оның маңызды қосылыстары.

Сілтеме:

9 ( жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина. Н. Заграничная

Жалпы мақсаттар:

  • Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру, ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

1. Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады.
2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.
3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.
4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.
5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.

Түйінді идеялар

Фосфор және оның маңызды қосылыстары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану . Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау.Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы. Жас ерекшеріктеріне сай тапсырмалар орындау.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер, слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.

« Фронталды» сұрақтар:

  • Альдегидтердің құрылысы қандай?

  • Альдегидтерді карбонил тобы көмірсутек радикалымен және сутек атомымен байланысқан қосылыс ретінде қарастыруға бола ма?

  • Карбонил тобының құрылысы қандай?

Жаңа сабақ





Ой қозғау

 Гамбург алхимигі Бранд «философиялық тас» алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын тас болды. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істеді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырды. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Сөйтіп, 1669жылы осы зат кездейсоқ ашылды. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенелді. Бұл қандай зат деп ойлайсыңдар?


Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.

І топ.

Фосфордың атомының құрылысы, табиғатта кездесуі.

ІІ- топ

Фосфордың физикалық , химиялық қасиеттері.

ІІІ- топ

Фосфордың оттекті қосылыстары.

Тапсырмалар

  1. Тапсырма


1-топ Фосфордың химиялық қасиеттерінің сызбасына реакция теңдеуін құрыңдар

Р

фосфор

+ N2

P3N5 эл. доға P2O5 +O2


+ Me +S

Me3P2 P2S3

Me3P

2- топ

Фосформен реакцияға түсетін бейметалдардың электртерістігін еске түсіре отырып, түзілген өнімдегі заттардың атауларын атап, теңдеуді теңестіреді. Фосфор (V) оксидінің суда еруін берілген сызбанұсқа бойынша талдаңдар:

H2O H2O H2O

P2O5 HPO3 H4P2O7 H3PO4

00C метофосфор 200С пирофосфор 1000С ортафосфор

Қышқылы қышқылы қышқылы

3- топ

Р2О5–ке тән химиялық қасиеттерін: негізбен, негіздік оксидпен әрекеттсуін жазып, өнімнің аттарын атаңдар. Қышқылдың Н3РО4 судағы ерітіндісінің сатылап диссоциациялану теңдеуін жазыңдар. Фосфор қышқылынан түзілетін тұздарының формуласын жазыңдар Ортофосфат ионға РО43- сапалық реакция тәжірибесі жасаңдар.


Кейінгі тапсырмалар

1. Есеп
Сіріңке шаққанда 18,6г фосфор қанша бертоле тұзымен әрекеттеседі?
Берілгені:
Р – 18,6г
т/к: т( KClO₃)-?

Шешуі:
6Р+5 KClO₃= 3Р₂O₅+5КСl
31 – 122, 5
18, 6г – х г
х=73, 5г
2. Есеп
62г фосфориттен неше грамм фосфор алуға болады? Бұл реакцияда неше грамм көмір тотығады?
Берілгені:
Са₃ (РО₄)₂– 62г
т/к: т(Р )-?
т(С )-?
Шешуі:
Са₃ (РО₄)₂+ 3SiО₂ + 5С = 3CaSiО₃+ 5CО↑ + 2Р
310 – 31
62г – х г
х=6, 2г яғни т(Р ) =6, 2г
310 - 12
62 – х г
х=2, 4г яғни т(С ) =2, 4г

3. Есеп
Берілген заттардағы фосфордың массалық үлестерін есептеңдер:
а) фосфориттегі Са₃ (РО₄)₂
ә) жай суперфосфоаттағы Са₃ (РО₄)₂х СаSО₄
а) Берілгені:
фосфорит Са₃ (РО₄)₂
т/к: ω (Р)-?
Шешуі:
ω (Р) = 62/310= 0, 2х 100% = 20 %
ә) Берілгені:
жай суперфосфоаттағы
Са₃ (РО₄)₂ х СаSО₄

т/к: ω (Р)-?
Шешуі:
ω (Р) = 62/446= 0, 14 х 100% =14 %

Тәжірибе жасау
Сынауықтарда тұздарының ерітінділері берілген. Оларды өздеріне тән сапалық реакциялармен анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.
NaCl, Na2SO4, Na3PO4
Үш ерітіндіге де күміс нитратын тамызамыз нәтижесін бақылаймыз реакция теңдеуін жазамыз
1. NaCl +AgNO₃ = Na NO₃ + AgCl
ақ тұнба
2. Na₂SO₄ +2AgNO₃= 2NaNO₃ + Ag₂SO₄
ақ тұнба
3. Na₃PO₄+3AgNO₃= 3NaNO₃ + Ag₃ PO₄
сары тұнба

Бағалау

Формативті бағалау :

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу

Үйге тапсырма

§20