| | | Пәні: Математика |
| Сабақ тақырыбы | Функцияның формуламен берілуі тақырыбын қайталау |
| Мақсаты | Функционалдылық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын, оқылуын білу. Функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба білу дағдысын қалыптастыру. |
| Күтілетін нәтиже | Функцияның формуламен берілуін пайдаланып, жаттығуларды орындай біледі. |
| Негізгі идеялар | Функция ұғымын қалыптастыру. |
| Сабақ түрі | Жаңа білімді игерту сабағы |
| Әдіс-тәсілдер | Жұптық, топтық, «Зигзаг» стратегиясы |
| Сабақ көрнекілігі | Топ ережесі, бағалау критерийі, сұрақтар, смайликтер, қажетті құралдар. |
| Өту барысы: |
| Сабақ кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
| Ұйымдастыру /2 мин/ | -амандасу; -түгелдеу; -оқушының назарын сабаққа аудару; -оқу құралдарының дайындығын тексеру ,,Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін, Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін. Көрсетіп есептеудің жолын қалай, Келдім оларды айтып бермек үшін,, -деп сабағымызды бастаймыз . Оқушыларды формулалар арқылы топқа бөлу | -амандасу; -кезекшілік міндеттерін атқару; -сабаққа дайындалу;
Оқушылар топқа бөлінеді |
| «Функция мәндерінің лабиринті» ойыны /10 мин/ | Ойын шарты: ішкі дөңгелектегі аргументтің берілген мәніне сәйкес сыртқы тіктөртбқрышқа функцияның мәнін жазу керек. | Оқушылар осы ойын арқылы функцияның мәнін табу керек |
| «Кім тез» ойыны» /5 мин/ |   | Топ лото ойнау арқылы түскен есепті шығарады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып жазады. |
| «Кітап - білім бұлағы» /15 мин/ | №1270 №1274 №1282 | Оқушылар осы есептерді шығарады |
| Логикалық есеп /5мин/ | Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады? 1) Ш (Ә(х)); 2) Ш (Ш(х)); 3) Ә (Ә(х)); 4) Ә(Ш(х)). | |
| Үйге тапсырма беру /1 мин/ | №1278 | Талқылауға мүмкіндік беру. | Күнделіктеріне жазып алады. |
| Бағалау /3 мин/ | Оқушылардың пікірін тыңдау. Светофор әдісі. Ашық журнал арқылы бағалаймын. | Бағалау парақтарында жалпы ұпайды шығаруды сұраймын. | Өздерінің бағалау парақтарын өткізеді. |
| Рефлексия /2 мин/ | Кері байланыс жасау. | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау | Смайликтерді тақтаға іледі. |