Функционалдық сауаттылық
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы жұмыс үлгілері
“ Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін, бұл аса маңызды ”.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 832 2012 жылғы 25 маусымдағы қаулы бойынша
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді.
Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – мектептегі бастауыш сатыдан басталады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуымен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Функционалдық сауаттылықты дамытудағы жұмыс үлгілері
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар,рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын
тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламсының стратегияларлары:
ДЖИКСО
Топтастыру
Бес жол өлең
Диалогтік сөйлеу
РАФТ
Эссе жазу
Болжам кестесі
Ұқсастық пен даралық » ,
Галереяға саяхат
Миға шабуыл
Қарлы кесек
3 қадамдық
Инсерт
сұхбат
Ой қозғау
Автор орындығы
Венн диаграммасы
Кубизм
Қос жазба күнделік
Авторға сұрақ қою
Жұппен жұмыс
Ыстық орындық
Қарлы кесек
Болжам кестесі
Кейс стади әдісі - оқушының креативті ойлауын дамытып, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды .
Кейс – стади әдісі
Кейс-технологияға жатады: -жағдайды талдау әдісі; -рольдік ойындар әдісі; - талдау әдісі; - ойындық жоба; - дискуссия әдісі;
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту.
Математикалық есептер мен жаттығуларды
халықаралық РІSА, TIMSS зерттеулері тапсырмалары
негізінде дайындаудың маңызы зор.
4-сыныптың «Математика» пәні бойынша тапсырма үлгілері
Төменде төрт қыз баланың өсу диаграммасы көрсетілген (бойы сантиметрмен).
Диаграммада кыз балалардың есімдері көрсетілмеген. Ажардың бойы ең биік, Қарлығаштың бойы ең аласасы, ал Жұлдыздың бойы Айжанның бойынан ұзынырақ. Айжанның бойы қандай?
а) 75 см
ә) 100 см
б) 125 см
с) 150 см
Суретте бейнеленген адамнын бойы 2 метрге тең.
Ағаштың биіктігін табыңдар.
а) 4 м
ә) 6 м
б) 8 м
с) 10 м
Арман мысығының салмағы қанша екенін білгісі келеді. Алдымен ол өзі өлшенгенде таразы 57 кг көрсетті. Содан кейін мысығын қолына алып, таразыға тұрғанда, таразының 62 кг көрсеткенін көрді. Мысықтың салмағы қанша?
Жауабы ___________ килограмм
Маратта 200 теңгесі бар. Таңертеңгі асқа ол 45 теңгеге бір кесе шырын және 80 теңгеге самса сатып алды. Мараттың таңертеңгі асқа төленгеннен кейін қанша ақшасы қалды.
а) 36 теңге
ә) 75 теңге
б) 100 теңге
с) 65 теңге
Дүниетану пәні бойынша тапсырмалар
1-сұрақ. Су-адам қолданатын табиғи ресурс.Суды не үшін қолданады? Екі түрлі мысал келтіріп жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2-сұрақ. Гүл-тірі, ал су-тірі емес. Гүлдерді неге тірі табиғатқа, ал суды өлі табиғатқа жатқызады? Екі түсініктеме келтір.
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3-сұрақ.
Жер бетінің ең көп бөлігі.... жабылған.
А) ормандармен В) таулармен С) сумен Д) құммен
4-сұрақ
Мына жануарлардың қайсысы тауда, орманда өмір сүруі, тіршілік етуі мүмкін?
А) арқар С) кесіртке
В)қоян Д) ақ аю
5-сұрақ
Адамның жүйке жүйесін сақтау қажеттілігінің екі себебін жаз:
1себебі:_______________________________________________________
______________________________________________________________
2себебі:_______________________________________________________
_______________________________________________________________
6-сұрақ.
Алкоголь ішімдіктері адам ағзасына көп зиян тигізеді. Ол мүшелердің қайсысына ең көп зиянын тигізеді?
А) бүйрекке С) бауырға
Б) асқазанға Д) өкпеге
7-сұрақ:
Екі жыл мезгілінің атын жаз. Бұл жыл мезгілдерінің ауа-райы немен ерекшеленеді?
- жыл мезгілі:________________________________________________
___________________________________________________________
- жыл мезгілі:________________________________________________
___________________________________________________________
8-сұрақ:
Марат аяғын жарақаттап алды. Оның жарасы жазылу үшін күш қайдан болады?
А) тамақтан С) жараны байлаған бинттен
Б) ішетін судан Д) жараға жаққан микробқа қарсы дәріден
9-сұрақ:
Судың 3 түрлі күйде болатынын білеміз: қатты (мұз), сұйық(су) және газ (бу).
Судың бу күйіне мысал келтіріп жаз:
10-сұрақ:
Балалар доп ойнағанды жақсы көреді. Допты лақтырады, секіртеді.
Доп барлық жағдайда жеңіл болады.Неліктен? Өз пікіріңді келтір:
__________________________________________________________________
Антарктида: Мұзды құрлық. Антарктидамен танысу
Антарктида деген не?
Антарктида – ол планетаның оңтүстік шетінде орналасқан құрлық. Егер сен Антарктиданы глобустан іздесең, оның өте төмен орналасқанын көресің.
Антарктида картасы
Антарктида жер бетінің оннан бір бөлігін алып жатыр. Ол қалыңдығы 1500 метрден де көп мұз қабаттарымен қапталған.
Оңтүстік полюс Антарктиданың дәл ортасында орналасқан.
Антарктида – біздің планетамыздағы ең суық, құрғақ,
биік орналасқан, желді құрлық болып табылады. Ол
жақта жыл бойы тұратын адамдар өте аз. Ғалымдар ол
жақта көп бола алмайды, олар арнайы соғылған
ғылыми станцияларда тұрады.
Антарктидада қазан мен наурыз айлары аралығында жаз
мезгілі болады. Бұл мезгілде ол жақта үнемі жарық болып
тұрады. Ал қыс мезгілі, сәуір мен қыркүйек айлары
аралығында болғанда бәрі керісінше: Антарктидада
алты ай қараңғы болады.
Антарктиданың ауа райы
Антарктидада жаздың өзінде, қатты суық болады! Антарктиданың Оңтүстік полюсі оның ең суық бөлігі болып саналады. Қаңтардағы орташа температурасы, яғни жаздың ортасында, шамамен -28 градус Цельсиді көрсетеді (- 28 0 С). Минус деген судың қату температурасы 0 0 С тең температурадан да төмен деген сөз. Қыс мезгілінде сәуір мен қыркүйек айларының аралығында орташа температура Оңтүстік полюсте -89 0 С - дейін төмендейді. Қатты суық күндері, ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су, жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады. Ғалымдардың үлгілері қатып қалмас үшін, оларды кейде тоңазытқышта сақтауға тура келеді.
Антарктида пингвиндері
Антарктидада пингвиндер кейбір құстардан көп мекендейді. Пингвиндер ұша алмайды, өздерінің қысқа қанаттарын
жүзуге пайдаланады. Олар өте жақсы жүзеді, құрғақ
жерде теңселе басып немесе аз-аздан секіріп алға
ұмтылып жүреді.
Пингвиндердің бірінің үстіне бірі орналасқан
қауырсындары көп. Оның жылы мамығы және
қатпарлы майымен қоса қауырсындары да, қыстағы
суық ауадан, желден және судан қорғайды.
Пингвиндер жылыну үшін, топтасып алады.
1. Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады?
2. Антарктида- Жердегі ең суық орын. Ол тағы несімен ерекше?
А ең құрғақ және ең бұлтты жер
Б ең сулы және ең желді жер
В ең желді және ең құрғақ жер
Г ең бұлтты және ең биік жер
3. Антарктиданың қай бөлігі ең суық болып табылады?
4. Антарктида туралы мақалада не жайында айтқанын есіңізге түсіріңіз. Антарктидаға адамдардың наурыз айы мен қыркүйек айы аралығында неліктен бармайтынының екі себебін жазып, мысал келтіріңіз.
5. Мақалада «Ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су, жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады» -деген қандай мағынаны білдіреді?
А Антарктидада судың қаншалықты ыстық екенін
Б Антарктидада не ішетінін
В Антарктидадағы ғалымдардың жұмысы туралы
Г Антарктидада қаншалықты суық екенін
6. Мақалада, пингвиндер қанаттарын не үшін пайдаланатындығы жайында айтылған?
8. Сараның хатынан Антарктидадағы азық-түліктер жайында не білдіңіз? Екі мысал келтіріңіз.
А ұшу үшін
Б жүзу үшін
В балапандарын жылыту үшін
Г тік жүру үшін
7. Пингвиндер Антарктидада тоңбас үшін оларға не көмектеседі? Үш мысал келтіріңіз.
9. Сіздің Антарктидада болғыңыз келе ме, сол жайында ойланыңыз. Неге ол жақта болғыңыз келеді немесе болғыңыз келмейді? Ол үшін оқып өткен «Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан хат» деген бөлімдерді пайдалануға болады.
10. Қай бөлімде Антарктидадағы мұздың қалыңдығы жайында айтылады
А Антарктида деген не?
Б Антарктиданың ауа райы
В Антарктидадағы пингвиндер
Г Антарктидадан хат
11. Бұл мақалада Антарктида жайында мәліметті баяндаудың екі тәсілі көрсетілген.
-Антарктидамен танысу
-Антарктидадан хат
Баяндаудың екі тәсілінің қайсысы сізді қызықтырды?
Неге олай ойлайтыныңызды түсіндіріп беріңіз.
«Әлем өзгереді, әлеммен бірге бізде өзгереміз сондықтан барша әріптестеріме білімді,
тәрбиелі оқушыларды даярлап шығару жеткіліксіз, инновациялық әдіс-тәсілдерді білім беру үрдісіне еңгізе отырып
оқушыларды өз бетінше өмір сүре алатын,
адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай функционалды сауатты азамат тәрбиелеуге шақырамын.