СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғаламтор арқылы билет аламын. 8 сынып.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғаламтор арқылы билет аламын. 8 сынып. Сабақ барысы

Просмотр содержимого документа
«Ғаламтор арқылы билет аламын. 8 сынып.»

Сәлемәтсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай?

Бізде бүгін ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарды көтеріңкі көңілмен және жақсы біліммен қарсы алайық. Іске сәт!

  • Бүгін кім кезекші?

  • Кім жоқ сыныпта? Себебі. Жақсы отыр.

  • Үй жұмысына не берілді? («Шипажай» мәтіні).

  • Иә, балалар, жақсы. Қазір «Кім жылдам» әдісін қолданып үй тапсырмасына көшеміз. Үйде мәтінді оқыдыңдар. Енді айтыңдаршы, адамның денесін не сауықтырады? (емдейді)

  • Ауруханалар, емханалар, шипажайлар.

  • Дұрыс.

  • Қандай шипажайларды білесіңдер? (Жетісу, Алакөл, Баянауыл, Алтай, Сарыағаш, Бурабай, Қарқаралы, Балхаш)

  • Сарыағаш шипажайы қайда орналасқан? (Оңтүстік Қазақстанда)

  • Бурабай шипажайы қайда орналасқан? (Көкшетауда)

  • Сен қай шипажайда болдың? (Болдым, болған жоқпын)

Иә, балалар, өте жақсы. Шипажайлар адамның денесін сауықтырады, т.е. это излечивают наше тело.

  • Ал енді айтыңдаршы, балалар, тәнді не сауықтырады? (музыка, кино, театр, книги)

Өте жақсы. Керемет! Музыка, книги, кино – это пища для души.

  • Ал енді, балалар, айтыңдаршы біздің қаламызда қандай кинотеатрлар бар?

  • «Ленина», «Ботагөз», «Сарыжайлау».

  • Киноға бару үшін біз не істейміз?

  • Билет аламыз.

  • Ал билеттерді қайдан аламыз?

  • Кассадан, ғаламтордан

  • Өте жақсы.

  • Иә, балалар, дұрыс. Өте жақсы. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ғаламтор арқылы билет аламын».

Сабақтың мақсаты: мәтін оқу барысында оқушылардың сөздік қорын молайту, есімшенің септелуін бекіту.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар.

  • Балалар, қазір сендер кинотеатрға билет аласыңдар. (билет алады)

  • Кімге ертегілер түсті, солар «Ленина» кинотеатрына барады, кімге фильмдер түсті, солар «Сарыжайлау» кинотеатрына барады.

Міне, біз екі топқа бөліндік.

Қазір «Түртіп алу» әдісі бойынша «Ғаламтор арқылы билет аламын» мәтінімен жұмыс істейміз. «Түртіп алу» әдісінің мақсаты «+,-» таныс емес сөздерді анықтау, мазмұндау.

Бізге каникул басталды. Бүгін – жұма. Ертең ата-анама демалыс күні. Бүгін кешкі астан соң, бәріміз кинотеатрға барамыз. Таңертең апам ғаламтор арқылы билеттерге тапсырыс берді.

Түскі асымызды ішіп алып, отбасымызбен кинотеатрға бардық. Кинотеатр 12-ші ықшамауданда орналасқан. Біз ол жерге өз көлігімізбен бардық.

Кинотеатрда бірнеше кинозал бар. Кинозалдар заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кинотеатрда 6 зал қамтылған. Оның біреуі – VIP зал. Кинотеатр аумағында кинобарлар, ойын автоматтары бар.

Біздің көретін фильміміз – «Елбасы жолы». Көпсериялы фильм еліміздің басшысы – Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған. Киноны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Теміртау және Қарағанды қалаларында түсірген.

Бас кейіпкер рөлінде менің сүйікті актерім Нұрлан Әлімжанов ойнайды. Фильм бізге өте қатты ұнады.

  • Қане, балалар болдық па? Белгіледік пе? Қандай сөздер түсініксіз болды.

тапсырыс – заявка, запрос

ықшамаудан – микрорайон

заманауи құрылғы – современное оборудование

жабдықталған – оснащен

қамтылған – оборудован

кейіпкер – герой

  • Ал енді, балалар осы сөздерді бекіту үшін сөз тіркесін және жай сөйлемдер құрастыңдар.

Заманауи әлем, Менің сүйікті кейіпкерім, 14-ші ықшамауданда тұрады, тапсырыс беру, жақсы жабдықталған.

  • Әрі қарай, балалар, мәтіннен есімшені табамыз..

Орналасқан, қамтылған, жабдықталған, түсірген.

  • Балалар, жалпы есімше дегеніміз не?

  • Есімше неден жасалады? (етістіктен)

  • Не арқылы жасалады?

  • Қандай жұрнақтар?

  • Енді бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз «Есімшенің септелуі», сол бойынша тапсырма орындаймыз. Мәтіннен тапқан есімшелерді септейміз. «Ленина» тобы орналасқан, жабдықталған; ал «Сарыжайлау» тобы түсірген, қамтылған есімшелерін септейміз.

Ал, енді сабағымызға қорытынды жасаймыз. Бұл үшін «Сана саяжолы – Аллея сознания» әдісін қолданамыз. Сендер қазір бүгінгі тақырыбымызбен байланысты «Ғаламтор бізге керек пе?» деген сұраққа жауап бересіңдер. Сендерге 3 минут уақыт беріледі, берілген тірек сөздер арқылы топпен жұмыс істейсіңдер.

Меніңше, ғаламтор бізге керек, өйткені ол (пайдалы, көп ақпарат алуға болады, көп ақпарат бар, комуслуга төлеуге болады, билет алуға болады).

Меніңше, ғаламтор бізге керек емес, өйткені ол (денсаулыққа зиян, қызық емес, пайдасы жоқ, көп уақыт алады, көз ауырады).

  • Балалар, болдыңдар ма? Енді ортаға шығып, қарама-қарсы тұрып, өз пікірлерімізді айтамыз.

  • Жақсы, өте тамаша! Отырыңдар.

  • Балалар, енді үй тапсырмасына көшейік. Үй тапсырмасы «Кинотеатрға бару» тақырыбына диалог құру.
    - Балалар, бүгін сабақта жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерге ұнады ма? Ұнаса көңілді смаиликтерді, ұнамаса көңілсіз смаиликтерді «Білім ағашына» іліңдер.

  • Рахмет. Сау болыңдар!










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!