Қарағанды облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ляззат Боранкуловна Майбасова.
(1,2,3-слайд)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі Г дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы Г дыбысының дауыссыз екенін байқату.
Жаңа сөздермен таныстыру арқылы балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ жасыру арқылы логикасын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Мақал-мәтел айту арқылы Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Бір-бірін тыңдауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Стратегиялар: көрнекілік, мағынаны түсіну, әңгімелесу, сұрақ-жауап, жинақтау, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекіліктері: әріптер кассасы, «Ақ отау» мен «Аөк отау», мультимедиялық тақта, презентация.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір әліппе сабағы. Бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – ашық сабақ. Сабағымызда сендердің білімдеріңді байқау үшін мұғалімдер келіп отыр. Ал енді құрал-жабдықтарымызды түгендеп, түзу және тыныш отырайық.
ІІ.Психологиялық дайындық:
(4-слайд)
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне – менің қолым!
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау:
(5-слайд)
(6-слайд)
(7-слайд)
Тақтаға екі оқушы үйрек, күшік – сөздерін жазып, түсті бормен дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызып, буынға бөледі.
Екі оқушы кеспе әріптермен түйе, үкі сөздерін жазып, буынға бөледі.
(8-слайд)
Хормен суреттерді атау.
(9-слайд)
ІV.Жаңа сабақ:
(10-слайд)
(11-слайд)
Газда бар, ауада жоқ,
Гүлде бар, жуада жоқ.
Бұл қай әріп?
Ендеше, бүгін сендермен Г дыбысымен танысамыз.
Қане, бәріміз дыбыстайықшы: Г
Балалар, қалай ойлайсыңдар, Г дыбысы айтылуына қарай қандай дыбыс?
Неліктен дауыссыз дыбыс?
Ендеше қай отауға кіргіземіз?
(12-слайд)
Суреттері атау, Г дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін атау.
Глобус
Гүл
Гольф
Шеге
Дәрігер
Сегіз
(13-слайд)
Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлзарға су себелеп,
Газетке де үнілді.
(Қастек Баянбаев)
(14-слайд)
1.мұғалім
2.оқушылар: ішінен, хормен, тізбектей
Түсіндіру:
егін – астық өсіретін жер бетеге – өсімдік
егеу – сайман шеге – сайман
егіз – ұқсайтын зат, адам неге – сұрақ
сегіз – сан және цифр шеңгел – өсімдік
кереге – киіз үй бөлігі мезгіл – уақыт
V.Сергіту сәті:
(15-слайд)
Қане қанат жазайық,
Көгершінге ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс:
(16-слайд)
Мынау Г әрпінің жазбаша түрі. Г әрпі екі элементтен тұрады – аяғы имектелген көлбеу таяқшадан және қалпағы имектелген түзу сызықтан. Ал кіші әрпінің басы мен аяғы доғал, ортасында көлбеу сызық (Г әрпін бірінші ауада жазып корсету, содан соң дәптерде үлгі бойынша жазу,слайдпен көрсету).
(17-слайд)
Жазбастан бұрын оқулықтың төмеңгі жағындағы сөздерді оқып, жазылуына назар аудару. Гүлжан гүл өсірді. Гүл, егін, егіз, сегіз.
(18-слайд)
VI. Сергіту сәті:
(19-слайд)
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Балалар, сендер неге ұқсап жайқалдыңдар?
Ендеше, келесі тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, бір әдемі гүл шығады. Әр күлтешеде тапсырма жазылған, орындаған сайын іліп отырады.
(20-слайд)
Оқулықтағы «Ақ көгершін» өлеңін оқу. (өзім оқып беремін, 2-3 оқушыға оқытамын)
Ақын Н.Баймұхамедов бұл өлеңінде халықты бір бірімін тату-тәтті, бақытты, дос болсын деп шығарған.
Осы өлеңнін әнін тыңдау.
(21-слайд)
Ақ көгершін өлеңін кім жазған.
Өлеңде не туралы айтылған?
Ақын өлеңді не үшін жазған?
Көгершін ненің белгісі?
(22-слайд)
V. Бекіту: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
(23-слайд)
- Балалар, мынау не?
- Гүлзарға гүлдерді салайық, әйтпесе солып қалады ғой. Ол үшін гүл сөзімен басталатын немесе гүл сөзімен аяқталатын қыздардың есімдетін атайық. Әр есім аталған сайын гүлзарға 1 гүл салынады.
(24-слайд)
Айгүл, Майгүл, Нұргүл, Жангүл.
(25-слайд)
Гүлден, Гүлім, Гүлжан, Гүлзат, Гүлнұр.
(26-слайд)
- Жақсы, балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді суретке қарайық, гүгдер гүлзарға салынды.
VI. Сабақты қорыту:
(27-слайд)
Балалар, экранда нелер берілген?
Әр гүлдің бізге қояр сұрағы бар, жауап береміз бе?
Ендеше, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Г дыбысы қандай дыбыс?
Неліктен дауыссыз дыбыс?
Қай отауға жатады?
Г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
(28-слайд)
VII.Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» өлеңін жаттау.
VIII.Бағалау: сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды мақтап, гүл сыйлап мадақтау.