СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғафу Қайырбеков "Ана тілі".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғафу Қайырбековтың "Ана тілі" өлеңіне сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Ғафу Қайырбеков "Ана тілі".»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Уақыты: 4.03.2019

Сыныбы: 4«а»

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ғ. Қайырбеков. Ана тілі.

Сабақтың мақсаты

Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды-идеяның мағынасын ашады.

2. Ой өрісі дамиды, мәнерлеп оқу дағдысы артады.

Әдіс-тәсілдері

Оқыту, сұрақ - жауап, талдау, ойын.

Сабақтың жабдығы

Тақырыптық суреттер, слайд.

Психологиялық ахуал

2 минут

Ана тілім мақтанышым, елдігім.

Ана тілім күш-қуатым, өрлігім.

Қиянатқа ешқашанда төзбейтін

Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім.

Қызығушылықты ояту

6 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

Тіл туралы сұрақтар:

-Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 жылы 11-шілдеде)

-Тіл дегеніміз не?

-Біз қай тілде сөйлейміз? (қазақ тілі)

-Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?


Мағынаны тану

20 минут

- Балалар, тіл туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз, бугін Ғ. Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңімен танысамыз.

А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.

Ғ.Қайырбеков (1928-1994) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақтың көрнекті ақыны.Оның«Алматы бесік» т.б көптеген өлең жинақтары бар.



Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,

Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.

Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,

Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

(Дүниені шарлап жүрсе де адам қаншалықты білімді, мәдениетті болған сайын өз ана тілін құрметтеуі тиіс. Өз ұлтын адал пейілімен сүйгіш ақын тілегі де, мүддесі де сол).

Бар қазақтың арман, көлі, өзені.

Тау қиясы жалпақ, жазық кезеңі.

Сайрап, сөйлеп тұрған жоқпа қазақша,

Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке.Ақын кең байтақ жері, байлыққа толы екенін сүйсініп, тіл тозбайды,ол мәңгілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп жырлайды.)

Сенде емес пе солардың бар ажары,

Орман үйі, бұлағының таза әні.

Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары,

Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке. Сол байлықтың ажарын кіргізетін тіл-қазақ тілі, табиғат әсемдігін де жырлайды.)

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын.

(Ана тіліміздің байлығы мен қуаттылығы жөнінде ақын ерекше толғанып, байлықты ысырап етпей үнемдеп жұмсауға бағыт берген.)

Ой толғаныс

5 минут

Біліміңді байқап көр.

1. Мақал мәтел айту.

2. Өздері білетін өлең шумақтарын айту.

3. Нақыл сөздер.

4. Ана тілі туралы ән айту.

5.Мен не айтқым келеді? Қимылмен көрсетілген мақалдарды табу.

Басқа бәле тілден.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Өнер алды қызыл тіл.

Ең ащы да - тіл,

Ең тәтті де – тіл.

Сергіту сәті

2 минут




Кәне сапты түзейік

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік

Көбелекше ұшамыз

Отырамыз, тұрамыз

Сергітуге мың алғыс!

Үйге тапсырма





5 минут

Өлеңді оқып, әңгімелеу.


Күнделіктеріне жазып алады.


Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.



Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

1. Маған ұнаған тұсы...

2. Менің қиналған тұсым...