| Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезені «Желілік байланыс» тренингі Шарты: Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне лентаны ұзатып тілектерін айтады. Тілек сөздер айтылып болған соң «Осы лентаны бір-бірімізге ұзатқанда не құрылды?», Бұл неге ұқсайды? Деп жетелеуші сұрақтар қою. Топқа бөлу. Сөйлемнің соңы қалай аяқталатынын болжа: Көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба - ......(Уикипедия) Смартфондарға арналған хабарлама (мәтін, аудио, видео, фото және анимациялық бейнелер) жолдаушы - ..... (WhatsApp) Көбінесе орыс тілді ғаламторда танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі - ....(Вконтакте). Егер жауабыңыз Уикипедия болса, онда «Компьютер» тобы, жауабыңыз Вконтакте болса, онда «Ноутбук» тобы, жауабыңыз WhatsApp болса, онда «Ұялы телефон» тобында боласыз. Топтарыңның атына, тренинге байланысты бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты тұжырымдау Жауаптарын талқылау кезінде оқушылар бір тұтас ойға келіп, сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдайды. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін тұжырымдауға кіріседі. | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, жіп арқылы тренинг өткізу. Оқушыларды топқа бөлуге арналған парақшалар Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
| Сабақтың ортасы | Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Модем-компьютерге телефон арқылы ғаламтор желісін қосуға мүмкіндік беретін құрылғы. E-mail – электрондық пошта.Желі қолданушылары арасында хабар, мәлімет алмасуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі.Ғаламтордағы мәліметтерді оқу «браузер» деп аталатын арнайы программа арқылы орындалады. Браузер ағылшынның қарау, парақтау деген сөзінен шыққан. Ғаламтордағыкең тараған браузерлер Internet Explorer, Mozilla FireFox, Google Chrome, Амиго және т.б ІІ топқа: Интернеттің пайдасы Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 1.Алысты жақындату 2.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 3.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 4.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 5. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 6.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; 7. Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; 8.Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; 9. «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.! ІІІ топқа: Интернеттің зияны Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім: Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек, Пайда не залал ма ескерілмек, Көргенің естігенін есепке алса, Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар зияны да баршылық. Топтардың постермен жұмыстарын бағалау. І топ оқушылары ІІ топ оқушыларының жұмысын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы (формативті бағалау) бағалайды. ІІ топ оқушылары ІІІ топ оқушыларының жұмысын төмендегі бағалау парағын пайдаланып отырып 3 балдық жүйемен бағалайды. | Балл | Дескрипторлар | | 1 | Тақырып жартылай ашылса, эстетикалық талғамда, сөз мәнерінде кемшілік болса | | 2 | Тақырып толық ашылғанымен, эстетикалық талғамға сай болмаса,сөйлеу мәнерінде аздаған кемшілік болса | | 3 | Тақырып толық ашылса, эстетикалық талғамға сай орындалса, топта ұйымшылдық болса, сөйлеу мәнері назар аударса. | ІІІ топ оқушылары І топ оқушыларының жұмысын бармақ әдісі арқылы бағалайды және өз ойларын айтып өтеді. Жеке жұмыс. Компьютерлік программалардын түрін анықтаңыз. | 1 | | Іздестіру жүйесі | | 2 | | Браузер | | 3 | | Модем | Дескрипторлар 1 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды 2 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды 3 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды ҚБ «Бір минут» әдісі оқушылaр интер белсенді тaқтaдaн жaуaптaрымен өздерін-өзі бaғaлaйды. Топтық жұмыс «КМЭҚ» әдісі арқылы ғаламторды қолданудың күшті, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдап жазыңдар.
Қ М Ә К | Дескриптор | Балл | | Ғаламторды қолданудың күшті жақтарын жазады | 1 | | Ғаламторды қолданудың әлсіз жақтарын жазады | 1 | | Ғаламторды қолданудың мүмкіндіктерін жазады | 1 | | Ғаламторды қолданудың қауіптерін жазады | 1 | ҚБ: «Бас бармақ» » әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта арқылы көрсету Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді. Интерактивті тақта арқылы дұрыс жауапты тексерді. А3 парағы |