СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ганибекова София Ганибековна

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Научная статья успеть надо о публикаваться. Чтобы все работали и знали

Просмотр содержимого документа
«Ганибекова София Ганибековна»

Колледж студенттерінің бойында құзіреттіліктерін қалыптастыру

Біз, Қазақстан Республикасының кірпіші болып қаланған азаматы мен азаматшасымыз. Біз унитарлы, зайырлы, демократиялы елде өмір сүргендіктен жаһандануға қабілетті болуымыз шарт. Мен оқытушы педагог ретінде ең алдымен, білім саласына мол назар қажет екенін алға тартамын. Мұндағы себеп білімсіз қабілетті болу мүмкін емес тұғын. Әр заманның озығы мен тозығы бар. Білімнің де алар шыңы мен бағындырар шегі болады. Алайда оған кедергі ештене жоқ екеніне әбден көзім жетті. Біліммен қаруланған педагог ғана шәкірттеріне мол дән себе алады. Сол дәннің тұқымы әртүрлі болғанымен миссиясы бір. Сондықтан да алар қадамдар мен бағындырар қырлардың қатары мол. Өмір жолы әркімді сарсан жолға салады. Сол сарсан жолдан өз бағытынды тауып, педагог болудың алтын кілтін ұстанғандықтан болашақ өмірді шәкірттермен ғана елестету шарт. Қазіргі заман біліктілік пен білімділікті қажет ететіндіктен мен де талапшылдықты басты назарға ұстанамын. Талап, сапаға бағынатын шәкірт ғана болашақ тұлға атанары хақ. Өмір иірімдерінің соққысы ауыр болғанымен тармақтары бір ғана бағытта. Сол бағытты түзу ұстану біздің басты парызымыз.

Колледж студенттерінің бойында құзіреттілікті қалыптастыратын арнайы пәндер оқу пәрменіңде жүрмейді. Дегенмен тәрбие бағытындағы іш-шаралар, ашық кураторлық сағаттар тұрақты болып тұрады. Мұндағы мақсат жастарды патриоттық және адамгершілік тәрбиеге бағыттау болып табылады. Өз әдісімде студент-жастарды құзіреттіліктерін қалыптастырудың бес функциясын ұстанамын. Студент «еркін адам» деген мағынаны білдіреді. Еркіндікті сезіне біліп, әрбір сабақты еркін отырып игерту щарт. Екіншіден, жастардың ойларымен санасу, үшіншіден, теориялық сабақтарды практикамен белсендендіру әрі оның маңыздылығын алға тарту. Төртіншіден, өз Отанына, ана тіліне, дініне, діліне және оқу орнына деген құрмет деңгейін айқындау, ал бесіншіден, әр студенттің дербестігін бойындағы, қабілет, өнерлерін жиынтықтау. Осылар арқылы жастар бойындағы ашық көзқарас, еркін ой, сүбелі пікір алмасу жүреді. Шет елде алған білімімді өз отаныма еркін түрде дәріптеп, әрбір сабағымда жаңа әдістерді жүйелі түрде қолданамын. Шет елдегі еркіндікте өскен жастар өз мақсаттарын үлкендер қауымына еркін түрде жеткізеді. Сондықтан аудиторияда студенттерді еркін форматта дәріс алып, еркін түрде тәжірибелік сабақтарын игереді. Колледж тарапында ақпарат саласың қолдап, «Сырсандық» ақпараттық-танымдық газеттің тұсауын кескелі жатырмыз. Мұндағы мақсат жастар арасында қалам тербетіп, ойларын көпшілікпен бөлісу болып табылады. Құзіретті болу деген өз-өзіне толық жауап бере алатын қабілет. Құзіреттілікті қалыптастыра алатын жастар көп. Ал соған мотив болатын үлкендер қарасы саусақпен санарлықтай. Білім мен өнерді ұштастыру арқылы әрбір студенттің бойында құзіреттілікті қалыптастыруымыз міндет. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, жастарымыз озық ойлы болғай...

Аида ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ

Орал гуманитарлық колледжінің оқытушысы, Орал қаласы