Сабақ тақырыбы: Гендік –инженерияның маңызы.
- Оқу мақсаты: Гендік –инженерияның маңызын түсіндіру .
- Ген инженериясының негізгі мазмұны – ағзадағы қажетті генді бөліп алып, оны вектормен біріктіруге саяды. Мұнда көбінесе генетикалық вектор ретінде плазмидалық ДНҚ-ын пайдаланады. Осы үдеріс нəтижесінде алынған гибридті ДНҚ молекуласы (рекомбинантты, яғни рДНҚ), бактерия жасушасына ендіріледі. Бактерия жасушасында векторлардың еселенуі (репликация) нəтижесінде, дайындалған гибридті рекомбинантты ДНҚ молекулаларының да саны арта бастайды. Бұл үдеріс – рекомбинантты ДНҚ-ын клондау деп аталады.
- Гендік инженерия жетістіктері – денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, биотехнология жəне микробиологиялық өндіріс салаларында аса зор практикалық мəні бар проблемаларды шешуде маңызды роль атқарады. Гендік инженерия əдістерін жетілдіру денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығы үшін қажетті гормондар, ферменттер жəне антибиотиктерді синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штаммдарын алуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жануарлар гендерін бактерияларға ендірудің жіберудің де үлкен практикалық мəні бар. Өсімдік жəне жануар ақуыздарын бактерия жасушаларында синтездеу мүмкіндігі, экономикалық тұрғыдан тиімді болып есептеледі.
Бейнематериал көрсетілімі:
- https://www.youtube.com/watch?v=GvIX1Kwtd5Q
Терминология
Русский язык
Қазақ тілі
Генная инженерия
Вектор
English
Гендік инженерия
Вектор
Плазмида
Genetic Engineering
Манипуляция
Vector
Плазмида
Манипуляция
Сплайсинг
Plasmid
Manipulation
Сплайсинг
Трансгенные организмы
Splicing
Трансгенді ағзалар
Генетическая модификация
Transgenic organisms
Генетикалық модификация
Genetic modification
Сәйкестігін тап:
Термин
Түсініктемесі
Гендік модификациялық ағзалар
Физикалық түрде геномдық хромосомалардан бөлініп, автономды түрде репликациялауға қабілетті ДНҚ молекуласының фрагменттері
Вектор
Бір немесе бірнеше донорлық ағзадан екіншісіне гендік инженерия технологиясын қолданып алынған гендерді енгізу арқылы тірі ағзаның геномын өзгерту
Трансгенді ағзалар
Басқа генетикалық материалды (ДНҚ фрагментін) жасушаға (рецепиент) тасымалдауға қабілетті ДНҚ молекуласы
Плазмида
Жануарлар мен өсімдіктер эмбрионына жаңа гендерді ендіру.
Өзіңді тексер
Термин
Түсініктеме