| 1-тапсырма: Мәтін бойынша проблемалық ашық сұрақтар құрастыр Алдымен мәтінді жұпта оқып сұрақтар дайындайды. Кейін топта сұрақтарды талқылап ең үздік үш сұрақты анықтайды. Мәтін: Қандай өнім тұтынған дұрыс? Біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымыздың, әсіресе, жеміс-жидек, көкөністердің құрамы, дәмі, түрі, пішіні, сақталу мерзімі уақыт өткен сайын өзгеріп барады. Мысалы, бұрын алмалар қандай еді? Иісі мұрын жарып, тәттілігі аузыңнан кетпейтін. Қазіргі алмалардың сырты жылтырап тұрғанымен іші су татиды. Тістесең, қап-қатты ағаш тәрізді. Шие мен құлпынайдың қызанақтай үлкен болғанына да, қияр мен тәтті бұрыштың әп-әдемі қалпында ұзақ уақыт сақталып тұра беретініне де көзіміз үйренді. Азық-түлік өнімдерінің табиғи қалпынан алшақтап, жасанды бола түсуінің басты себебі, олардың құрамына гендік тұрғыдан модификацияланған организмдер (ГМО) қосылғанында болып тұр. Енді осы өнімдердің қауіпсіздігі қандай? Бұл сұраққа келгенде оқымыстылар пікірі 2ге жарылуда: бір тобы — осы уақытқа дейін адамдарға кері әсері анықталмағанын айтып, ары қарай дамытуды қолдайды. Екінші топ /бұлар көптеу/ трансгенмен қоректенген жануарларда әртүрлі ақаулар дамығанын айтып қарсы пікір айтады. 2ші топ дәлел ретінде бірнеше тәжірбиелер нәтижесін келтіреді: трансгенмен қоректенген егеуқұйрық тұқымдарының 1ші буынының 50%ы өліп қалса, қалған бөлігі арасында бедеулері көп болған және мінез құлқы өзгеріп, аналық инстинкт бұзылуы, агрессивтілік жоғарылауы байқалған. Кейбіреулері өздерінің баласын жеп қойған /әдетте, кеміргіштерге тән емес/. Зерттеу бойынша көптеген трансгеннің құрамында антибиотиктерге төзімді және аллергия шақыратын гендер ұшырасқан. Яғни, ГӨ дақылдармен қоректенген адамдарға антибиотик әсер етпейді деген сөз. Кейбір трансгендер ішек арқылы сіңіп, қанға өтеді, ал, жүкті әйелдің іштегі баласына өтіп, гендік құрылымын өзгертіп әртүрлі кемістік, ақауларға әкелуі мүмкін. Организмді улайтын, гендік мутацияға әкелетін, қан жүйесі, бауыр, ми, көбею мүшелерінің ауруларын шақыратын трансгендер де бар екен. Қазіргі дайындалатын трансгендердің 80% ірі қара мен құстарға қорек ретінде пайдаланды. Демек ГӨ дақыл ағзаңызға тікелей жемесеңіз де, оны жеген жануар өнімін /ет, сүт, жұмыртқа/ тұтыну арқылы түсуі мүмкін. /Бұл көбірек шетелден келетін өнімдерге қатысты/. Сондықтан күнелікті өмірде дайын өнімдерге, «китайский» көкеністерге үйір бола бермей, табиғи өнімді тұтынған дұрыс-ау… Дескриптор • Мәтін бойынша проблеманы анықтайды • Проблемалық сұрақтар құрастырады Оқылымнан кейін: «Топтастыру» 1-топ. Мәтінде айтылған көтерілген проблемаларды топтастырыңдар.      ![]()  Проблемалар ![]() ![]()   ![]()    2-ші топқа 1 проблемалық сұрақ қояды. 2-топ. Т кестесін толтырады Бұрынғы алмалар Қазіргі алмалар ![]() 3-ші топқа 1 проблемалық сұрақ қояды. 3-топ . Мәселе: ГМО тағамдар ауру туғызады Фишбоун Себептері Қорытынды Мәселе дәлелдер Бір біріне аузша бағалау береді. Жазылым: 2-тапсырма: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар туралы 1-топ.Гендік өзгеріске ұшыраған тағам монологы. 2-топ.Гендік өзгеріске ұшыраған тағам жеген адам монологы 3-топ.Қандай өнім пайдаланған дұрыс? Ойтолғау Бағалау критерилері |