СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Географиядан қмж

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғи ресурстар- адам қоршаған ортадан алатын, өмір сүруіне және шаруашылығына қолданатын табиғат элементтері.Оларға тау жыныстары, ауа ,су , топырақ, климат, жел т,б жатады

Просмотр содержимого документа
«Географиядан қмж»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.5.1.1 Табиғи ресурстардың жіктелуі.

Мектеп: Кұрық орта мектеп –гимназиясы


Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Мухамбеткалиева Айнагуль Сарсенбековна


Сыныбы 7


Қатысқандар саны: Қатыспағандар:


Оқу мақсаты

7.5.1.1. Табиғи ресурстарды жіктейді.

7.5.1.2. Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды.

Сабақ мақсаты

- Табиғи ресурстардың жіктелуі, негізгі кен орындары туралы біледі,оларды картадан көрсетеді.

-Табиғи ресурстарды игерумен байланысты туындаған мәселелерді шешу бойынша топ ішінде жұмыс істей алады.

Бағалау критерийлері

  • Табиғи ресурстарды жіктелуін біледі.

  • Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын себебін анықтайды.

  • Негізгі кен орындарды картадан анықтайды, көрсете біледі.

  • Табиғи ресурстарды игеру заңдылықтарын біледі.

  • Жергілікті жердің табиғи ресурстарының компоненттерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Тақырыпқа байланысты мәтіндерді оқиды және зерттейді, сыныптастарымен бірлесе отырып қорытындыларын (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдылары) түсіндіндіреді (презентация .).Пәнге тән арнайы сөздік және терминология: табиғи ресурстар, қалпына келетін, жартылай қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар

Құндылықтарға

баулу




Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын ала отырып, оқушыны еңбексүйгіштікке, ауызбіршілікке баулиды. Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды жүргізу барысында табиғатты аялау, оқушылар өз аймақтарының табиғат ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Биологиялық ресурс түрлерін сипаттауында биология пәнімен;

Ресурстың физика-химиялық ерекшелігін сипаттағанда физика және химия пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дaғдылaрын дамыту. өздеріне қажетті aқпaрaттарды іздеп тaбудa ғaламторды қолданудa және карталар мен презентация қолдaну барысында жүзеге aсaды.

Алдыңғы білім

Алдыңғы сабақ 5-6 сыныптың Жаратылыстану пәнінен алған тау жыныстары туралы білімдері

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздері

Ресурстар

Басы

2 минут

5 минут




































2 минут






5 минут














5 минут



І. Ұйымдастыру. (Амандасу, тугендеу)

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. (Бұл өз кезегінде оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді).


Суреттерге қатысты қойылатын сұрақтар:

  • Суреттерден нені көріп тұрмыз?

  • Барлық суреттерге ортақ қандай тақырып болуы мүмкін?

Тақырыпты ашқаннан кейін сабақтың оқу мақсатын оқушылармен бірге түсіндіреміз.

Миға шабуыл:

  • Табиғат байлығы дегеніміз не?

  • Табиғат байлығының қандай түрлері бар?(түрлерін жай ғана атап шығады. Мысалы, су, мұнай, газ, көмір, темір, т.б.)

III.Жаңа сабақ. Табиғат ресурстары- адамның табиғаттан алатын, өз қажетіне қолданатын барлық ресурс түрлері. А.Минцтің анықтамасы бойынша адам қоғамының қажеті үшін пайдаланылатын табиғат байлықтарының бір бөлігін табиғат ресурстары деп атайды. 1.Сыныппен жұмыс: Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың жинақтау,сыни ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі) Осы тапсырманың қорытындысы ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз:

Сарқылатын

Сарқылмайтын

Қалпына келетін

Ғарыштық

Қалпына келмейтін

Су, жел энергиясы, ауа массалары



Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жауаптарын осы бағалау критерийі арқылы бағалайды. (Бұл тапсырма оқушылардың есте сақтауына әсер етеді. Бұл оқушыларда сыни ойлау, талдау дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.)



Интернет ресурстары



































































Презентация





Ортасы.

10-15 минут






















2 минут





3-5 минут
































































































Соңы

2 минут




2 минут


2 минут

2. Топтық жұмыс.

Жаңа тақырыпқа оқушыларды кіріктіру шін «Сәйкестікті іздеу» әдісін пайдаланамын. Сөздің және сөздіктердің сәйкестерін анықтау талап етіледі. Топпен жұмыс.

Ғарыштық күн сәулесі Сарқылатын

Пайдалы қазбалар Сарқылмайтын

Су энергиясы Қалпына келетін

Топырақ Қалпына келмейтін

Жел энергиясы

Жануарлар

Өсімдік

Су

Жер

Минералдық

Биологиялық

  • 1топ Сарқылатын ресурстар

  • 2топ Сарқылмайтын ресурстар

  • 3топ Қалпына келетін ресурстар

  • 4топ - Қалпына келмейтін ресурстар

Аталған табиғат ресурстарының формалары бойынша осы ресурстардың жер бетінде таралуы және тиімді пайдалануын дәлелдеңіз.

Әр топ постер қорғайды.

Сергіту сәті: «Шаттық шеңбер»

(оқушылар 1,2 реттік сан арқылы санап, шеңбер құрып, екі шеңбер бір –біріне пайдалы қазбалар атауы арқылы тілек айту. Мысалы: Алтындай жарқырап журе беріңіздер. Күмістей күлімдеңіздер.Темірдей мықты болыңыздар деген сияқты)

4. «Мағынаны таны әдісі ». Жұптық жұмыс:

(Бұл тапсырмада жұптарды 1,2, сандар арқылы санап, бөлуге болады. Тапсырманың мақсаты-жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқу мақсаты мен қолдану, талдау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.)

Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:

  • Ресурстың аты;

  • Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?

  • Өндірілетін жері (ірі бассейндері);

  • Қолданылуы (қай салада);

  • Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;

  • Неліктен дәл сол жерде кездеседі?

  • Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?

Дәптерге осы ресурстың кретерийлеріне қатысты 7 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу. (Жоғары-7, орташа-5 төмен-2 деңгей)

Ұсынылатын суреттегі ресурстар:

  • Мұнай;

  • Көмір (тас көмір);

  • Темір;

  • Табиғи газ;

  • Мыс;

  • Алмаз;

Р\с

Бағалау критерийі

1.




Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)

2.

Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді

3

Табиғат ресурстарының өндірілетін орындарын анықтайды.

4

Табиғат ресурстарының тиімді пайдалануын анықттайды.

Бағалау: Әр жұп бір- бірін бағалау критерийі арқылы бағалайды.

Қорытынды: Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді.

5.Төмендегі кесте арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша ойларын жинақтайды.


Табиғат ресурстары классификациясы

Су




Жер

Биологиялық

Рекреациялық

Агроклиматтық

Минералды

Дүниежүзілік мұхит.Теңіздер.Көлдер.ӨзендерМұздықтарБатпақтар.Жер асты сулары

Топырақ.Егістік жерлер.Шабындық жерлер

Өсімдіктер дүниесі

Жануарлар дүниесі

Жағажайда

Тауда,

Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру

Күн радиациясы,

Температура,

Ылғалдылық,

Жел т.б.

Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар.

Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы алған ақпараттарды әр оқушы өз кестесіне енгізеді . ББҮ кестесі. Оқушы жаңа тақырып бойынша Білемін. Білгім келеді .Үйрендім әдісі арқылы ойын жинақтайды. Осы сабақтан алған білімін қорытындылайды.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: 1.Табиғи ресуртардың жіктелуі.2.Сендердің тұратын жерлерің қандай пайдалы қазбаларға бай? Сендердің ойларыңша, қандай жергілікті табиғи ресурс аса тиімді және нәтижелі пайдаланылады? Неге?

Саралап оқыту: 1. «Мағынаны таны» әдісі арқылы тапсырма барысында тапсырмаларды дұрыс, әрі нақты орындау деңгейлері арқылы анықтауға болады. Жұптық жұмыс барысында да деңгейі төмен оқушыларға қосымша көмек беріліп отырса, ал деңгейі жоғары оқушылар критерийлер бойынша өз бетінше жұмыс жасай береді.





Презентация





































Презентация


Оқулық



































Презентация




















Оқулық































Смайликтер


Қосымша ақпарат



Саралап оқыту кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып ,өз ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Бағалау. Сыныптастарды бағалау.(оқушылар өз пікірін білдіреді, сол арқылы білім алуда көмектеседі ) Сөйлеу арқылы ойлану.(Бір сөйлеммен түйіндеу) Смайликтер (смайлик арқылы сабақты меңгергенін көру.) Өз –өзін бағалау.(Топта жүргізіледі.)

Денсаулық және қауіпсіздік техника ережелерінің сақталуы