СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Географиялық аудандастыру

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1.  Шығыс Еуропа жазығы Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді.
  2. Солтүстік Қазақ жазығы- Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы- Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200-250 шақырымдық аумақты алып жатыр.
  3. Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңғыстау, Үстірт, Арал маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы кіреді.
  4. Сарыарқа тауы – Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа тауы Баянауыл, Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі –Мұғалжар тауы кіреді. Мұғалжар тауы Орал тауының Қазақстандағы табиғи жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырымға созылып жатыр.
  1. Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі – Мұзтау, оның биіктігі 4506 м, ол Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан.
  2. Жетісу Алатауы- еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан.
  3. Сауыр жотасы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі болып саналады. Бұл жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 шақырым. Ең биік нүктесі – Мұзтау, оның биіктігі 3816 м.

Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда "Тәңір шыңы, Аспан тау" деген мағына береді. Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады

Просмотр содержимого документа
«Географиялық аудандастыру»

  1. Шығыс Еуропа жазығы Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді.

  2. Солтүстік Қазақ жазығы- Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы- Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200-250 шақырымдық аумақты алып жатыр.

  3. Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңғыстау, Үстірт, Арал маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы кіреді.

  4. Сарыарқа тауы – Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа тауы Баянауыл, Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі –Мұғалжар тауы кіреді. Мұғалжар тауы Орал тауының Қазақстандағы табиғи жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырымға созылып жатыр.

  1. Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі – Мұзтау, оның биіктігі 4506 м, ол Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан.

  2. Жетісу Алатауы- еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан.

  3. Сауыр жотасы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі болып саналады. Бұл жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 шақырым. Ең биік нүктесі – Мұзтау, оның биіктігі 3816 м.

  4. Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда "Тәңір шыңы, Аспан тау" деген мағына береді. Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырына сәйкес келеді. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрадыё


Скачать

© 2019, 2869 5

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!