Просмотр содержимого документа
«"Геометриялық пішіндер"»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш» балабақшасы» КМҚК
Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 10.11.2021ж.
Психолог: Брянова Арузат Шарипжановқызы
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»
Мақсаты: Балалардың қабылдау қабілетін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Балаларды бірлікке,мейрімділікке тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: геметриялық пішіндер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Құстар мен күнге қайырлы таң!
Күлімдеген жүздерге қайырлы таң!
Балалар,бүгін біз тек сөзбен емес, қимылмен амандасайық.
Балалар амандасады. Қол қолмен. Мұрын-мұрынмен.Мандай-мандаймен.Тізе-тіземен.
2.Негізгі бөлім:
Энергизатор жаттығуы: «Молекула».
Музыка ойнайды, балалар бөлмеде еркін жүреді.
«Шапалақты есті» ойыны
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту
Ойын барысы: Балалар топта еркін жүреді немесе дөңгеленіп жүреді.Жүргізуші шапалақтаған кезде балалар айтылған күйде тұрады.Ойын алдында балалар неше рет шапалақтағанда қандай қимыл істеу керек екенін жаттап алуы керек.
«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер.
Ойынның шарты: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп,бір пішінді алып қояды.Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Сиқырлы саусақтар
Таң қалу(екіқолдың бас бармағын көтеру)
Өзіңді көрсету(бір саусақпен).
Сәлемдесу(қолды жоғары көтеру).
Қорқыту(сұқ саусақпен).
Жеңіс!(екі қолды жоғары көтеру).
Релаксация:(Музыка ойнайды)
3. Қорытынды.
Балалар, біз бүгін не туралы айттық?Қандай жаттығу сендерге ұнады.
Ендеше мен сендерге әрдайым көңілді,қуанышты болып жүрулеріңді тілеймін.
Келесі кездескенше!