Гидравликалық сынақты жүргізу тәртібі
8. Оттегі (ауа) баллонын сынаққа даярлау.
1) Баллон бұрандасын ашу және баллоннан оттегін (ауаны) шығару.
2) Күйдіргіш шамды жағып, 3-5 минут бойында оттегі баллонының аузын қыздыру, АИР-317Р, Драгер тыныс алу аппараты 7-300.001 ауа баллонының аузын қыздыру 160°С температурадан аспауы тиіс.
3) Баллонды қысып, бұранданы бұрау.
4) Баллонның ішкі жағын бүгілген қырғышпен, шаңнан және таттан тазарту (ішкі қорғану жамылғысы жоқ баллондар үшін). Электр шамын баллонның ішкі жағына түсіріп, оның қабырғасы мен түбін тексеру (тексеріс кезінде ЭВП-10.1300 үлгісіндегі өндірістік эндоскоп пайдаланылады).
5) Баллонның ішкі және сыртқы бөлігін тексеру кезінде баллонның жұмысына кедергі болатын мынадай ақаулар анықталуы мүмкін: жарық, тесік, майысқан жер, жабысқак, 0,2 мм терендігіндегі жарықшақ, бұранда қиюының тозуы және паспорттық мәліметтердің болмауы; (АИР, Драгер баллондары үшін - корозиялық зақымдау аумағы 25 см2 тұтас учаскелер түріндегі металлдың тоттануы, 1 см2 бір корозиялық ошақтың болуы, тоттану өнімінің диаметрі 4 мм астам жекелеген корозиялық ошақтың болуы).
9. Оттегі баллонының бұрандасын тексеру.
6) Бұранданы бөлшектеу жөне төсемдерін алу.
7) Күйдіргі калий ерітіндісі бар астауды дайындау (каустикалық сода); 100 г күйдіргі калийға 2 л су.
8) Бұранданың серіппеден басқа барлық бөлшектерін ерітінді құйылған астауға 4-5 сағат салып қою.
9) Барлық бөлшектерді астаудан алып, металл тор көзге салу және жылы сумен жуу. Бұранданың корпусы мен штогін металл щеткамен тазалау.
10. Құрғатқыш шкафта бұранданың барлық бөлшектерін кептіру.
10) Бұранда бөлшектерін тексеру. Жарамсыз бөлшектерін айырбастау. Этиль спирті мен майын кетіріп, бұраңданы жинау.
11) Ауа баллонының бұрандасын тексеру.
12) Бұранданы бөлшектеп, пружинадан басқасын 4-5 сағатқа ваннадағы ертіндіге салу.
13) Ваннадан бөлшектерді алып, темір шатырашына қойып жылы сумен жуу. Қаңқасын және бұрагданы темір шөткемен тазарту.
14) Кептіру шкафында бұрандалының барлық бөлшектерін кептіру.
15) Бұранданың бөлшектерін қарау. Жарамсыз бөлшектерін ауыстыру. Ректификациялық этил спиртімен зарарсыздандыруды жүргізу және бұранданы жинау.
11. Оттегі (ауа) баллонының гидравликалық сынағы.
16) Оттегі (ауа) баллондарының гидравликалық сынағын оқудан өткен және емтихан тапсырған өртке қарсы қызметтің басқару органдарының бұйрығымен тағайындалған, арнайы оқудан өткен тұлғалар жүргізеді.
17) Баллонның сыртқы және ішкі тексерісінің оң нәтижесі жағдайында сынақ рампасына арнайы гидравликалық стенд қою.
18) Сынақтық қысым мен баллондарға гидравликалық сынақ жүргізу. Су температурасы +5-тен +40°С-қа дейінгі шектен аспауға тиіс. Сынақтық қысымның көлемі жұмыс қысымынан 1,5 есе асуға тиіс.
Мына баллондар үшін :
жұмыс қысымы Р=19,6 МПа - сынақтық қысымы Р=29,4 МПа;
жұмыс қысымы Р=29,4 МПа - сынақтық кысымы Р=4,2 МПа.
Гидравликалық сынақ кезінде баллондар 2 минут бойында сынақтық қысымда болуга тиіс, бұдан кейін қысым біртіндеп жұмыс қысымына дейін төмендейді, осы уақытта баллондар тексеріледі.
Баллондар, егер оларда сынық, көзге түскен ақау, судың ағуы немесе булану байқалмаса гидравликалық сынақтан өткен болып табылады.
19) Сынақтан кейін баллонның ішкі жағын құрғату.
12. Оттегі (ауа) баллонын жинау.
20) Сұйық (қорғасын тотығы) даярлау және оны химиялық таза глицеринге араластыру.
21) Баллон мен бұранда қиюын ерітіндімен бояу.
22) Баллонды қысу және бұранданы бұрау. Бұранданы бұрау сәтінде баллон 250 Нм аспауға тиіс.
23) Бұранда бұралғаннан кейін 1,0 МПа кем емес қысымға дейін баллонды оттегімен толтыру
24) Баллондарды куәландырудың қанағаттанарлық нәтижелерінен кейін әр баллонға мыңадай жазба жазылады:
баллондардың куәландыруды жүргізілген сынақ нүктесінің атауы (диаметрі 12 мм дөңгелек нысанда);
жүргізілген және келесі куәландырудың айы, күні (сынақ нүктесінің атауымен бір жолға жазылады);
белгілердің биіктігі 6 мм кем болмауға тиіс (АИР-317, Драгер тыныс алу аппараты, БГ-7-300,001 болат баллондарының таңбасын соққымен орнатуға мүлдем тыйым салынады).
Жарамаған баллондарда соңғы куәландыру айы, күнімен қатар шеңбердің ішкі жағынан крест бейнеленген диаметрі 12 мм дөңгелек жапсырма қағылады, ал баллондардың өздері олардың бұдан кейінгі пайдалану мүмкіндігін болдырмайтьн (аузының қиюына белгі қою жолымен) жарамсыздыққа жатқызуға тиіс.
Ескертпе: Баллондарды куәландыру мерзімі баллон аузындағы "ойылған" (бояу жағылған) дайындалу (бұдан бұрынғы куәландыру) және келесі куәландыру айы мен күнінің арасындағы алшақтық болып табылады.
13. Баллон сынақтарының есебі.
25) Техникалық куәландыру өткізілген барлық баллондардың тізімін жасау.
26) Хаттама жасау және оттегі (ауа) баллондарын техникалық қуәландыру журналын толтыру.