Христиан діні - Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды.
Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм,православитық және протестантизм.
Православие бағытында Апостолдық нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бірінші Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды.
Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.
Көптеген христиандықтар құпияларды – Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде – конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік.
Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны қарапайым ғұрып ретінде қарастырады).
Діни мейрамдары: Пасха - Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаларын түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларын бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған. Балкан елдерінде Пасха мейрамында мұсылмандар Құрбан айттағыдай қой сойып, салтанатты тағамдарын дайындайды. Бұлғарстанда бір мейрамында бір қойын түгелдей қуырылып дастарқанға қояды. Бір қойды таба алмаса, қой санынан дөнер кәуап сияқты «бедро» деген тағам жасайды немесе шашлык кәуапты ғана қуырып жасайды. Еуропада католиктер мен протестанттар Пасхалық қояндарын жасайды. Оны ойыншық немесе қоянның сипаты бар шоколад түрінде жасайды. Германияда түрлі-түсті жұмыртқаларымен фонтандарды, хауыздарды және бұлақ көздерін әшекейлейді. Православ христиандар бір-бірін бетінен сүйеді, Пасха мейрамымен құттықтайды, бір-біріне «Христос тірілді!» дейді, оған «Шынымен тірілді!» деп жауап береді. Иегованың куәгерлері Пасханың дәстүрлеріне қарсы шығып, тек Христостың тірілуіне сеніп, бұл күнде бір-бірін құттықтап, мейрамын Құдайға арналған дұғаларында өткізеді.
Рождество - Иисустың яғни Иса пайғамбардың дүниеге келген сәтімен байланысты мереке. Иисустың өмірін баяндайтын Евангелиялық куәліктер, басқа тарихи дәстүрлер де Христостың туылған сәтін нақты анықтап бере алмайды. Христиандықтың алғашқы үш ғасырында шіркеу туылған күнді тойлауды пұтқа табынушылықтың элементі ретінде қарап, оған қарсы болды деген деректер кездеседі. Алғашқы христиандар еврейлер болған еді және олар Рождествоны тойламады деп есептеледі. Десе де бұған қарама-қайшы пікірлер де жоқ емес. Мәселен, христиан апологеті Климент Александрийский мұндай тәжірибенің ІІ және ІІІ ғасырлар аралығында Мысырда болғанын және аталған мереке өзге жерлерде де тойланғанын атап өтеді. Христиандық қауымдастықтарға гректер енгеннен соң, эллиндік дәстүрлердің ықпалымен Рождество мерекесін тойлау басталып кетті. Император Константиннің жеңісінен соң Рим шіркеуі 25 желтоқсанды Рождествоны тойлау күні етіп бекіткені айтылады.
Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед
Мұхаммед пайғамбар заманы (610-632)
Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб ﷺ. Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайш тайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде оған Аллаһ жіберген Жәбірейіл періште ең бірінші рет аян етеді. Бұл «Аләқ» сүресінің алғашқы аяттары болатын.
Мұхаммед пайғамбар ﷺ Аллаһтың уахиын адамдар арасында жасырын уағыздай бастайды. Оған ең бірінші боп оның әйелі Хадиджа бинт Хууәйлид, көкесінің ұлы Әли ибн Әбу Талиб, ең жақын досы Әбу Бәкір сеніп, иман келтіреді. Ол құрайштардың арасында пұттарға табынбай, тек бір Аллаһқа ғана құлшылық қылуға шақырады. Осыны білген олар Мұхаммедке ерушілерді азаптап, діннен қайтуға мәжбүрлей бастайды. Бұны көрген Мұхаммед пайғамбар ﷺ ізбасарларына һижра жасауға рұқсат береді. Ең бірінші дін үшін көшу Эфиопия еліне болып, 80 адамнан тұратын топтың ішінде Осман ибн Аффан мен Джафар ибн Әбу Талиб болады.
Көмекшілері мен тірегі болған көкесі Әбу Талиб пен әйелі Хадиджа қайтыс болғаннан кейін көпқұдайшылардың мұсылмандарға деген қысымы күшейе түседі. Ясриб (Медине) қаласының бір топ адамы Ислам дінін қабылдап, Мұхаммедке
көмектесуге уәде етеді. Дінді аман сақтау үшін мұсылмандар жасырын түрде Медине қаласына көше бастайды. Ең соңғылардың қатарында һижраны Мұхаммед пайғамбар мен Әбу Бәкір жасап, Медине қаласына келеді. Осы кезден бастап Ясриб қаласы Медине (яғни «мәдинә ән-нәбәуийә» — пайғамбардың қаласы) атана бастайды.
Һижраның екінші жылы меккелік көпқұдайшылармен Бадр құдықтарының қасында шайқас болып, мұсылмандар Ислам тарихында алғашқы рет жеңіске жетеді. Бұған жауап ретінде келесі жылы меккеліктер Ухуд тауының қасында мұсылмандарды жеңіп, олар шегінуге мәжбүр болады. Келесі жылы мұсылмандар мен меккеліктер арасында «Худайбия келісімі» аталған он жыл бойы соғыспауға келісім жасалады. Меккеліктер жағынан қауіп сейілгеннен кейін мұсылмандар осыған дейін жауласып келген яһудилерге шабуыл жасап, оларды жеңеді.
Меккеліктермен болған келісімнен кейін сегіз жыл өткеннен кейін, Мұхаммед пайғамбар еш шайқассыз Меккені басып алады. Исламға қарсы өлең жазған 10 адамнан басқасының барлығы кешіріліп, оларға амандық беріледі. Меккені мұсылмандар басып алғаннан кейін Қасиетті Қағбаның ішіндегі барлық пұттар сындырылып, көпқұдайшылық белгілірінен тазартылады.
Меккені алғаннан кейін Мұхаммед пайғамбар ﷺ екі жыл өмір сүріп, өмірінің соңғы жылы жүздеген мың мұсылманмен бірге қажылық жасайды. Арафатта отырған кезінде оған Аллаһ тарапынан ең соңғы аят түседі:
Иман (араб.: الإيمان) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:
Аллаһқа иман келтіру
Періштелерге иман келтіру
Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
Пайғамбарларға иман келтіру
Ақырет күніне иман келтіру
Тағдыр мен қазаға иман келтіру
Мұсылман мейрамдары:
Ораза айт, Құрбан айт
Тамақтану әдебі
Ас ішуді «бисми-Лләһ» деп бастау;
Асты оң қолмен ішу;
Мүмкіндігінше тамақты отырып ішу;
Ыстық тамақты суытып ішу;
Өз алдыңдағы тамақты ғана ішу;
Кедей-кепшіктермен немесе көршімен бөлісу;
Ас әкелінген ыдыс пен саусақтарды тазалап, қалдық қалдырмау;
Тамақ жеуде шектен шықпау;
Осы берілген ризық үшін Аллаһқа шүкіршілік қылу;
Исламда жеуге харам болған нәрселер
Буддизм - Будда ( बुद्ध) — будда дінінің негізін қалаған . Шын есімі – . Солтүстік (бүгінгі жерінде), шак () халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері үстемдік құрған ілімін мойындамай, (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.
Буддизм Солтүстік Үндістанда, ең дұрысы Непалдағы Лубини деген жерде туылған Сидхартха Гаутама (б.д.д. 563-483) атты философ тарапынан құрылған философиялық дін болып табылады.
Құрушысы Гаутама жастық шағы мен жігіттік өмірін сарайда өткізген бір патшаның баласы екен. Буддизм тарихына қарағанда анасы оны тумастан бұрын түс көреді. Түсінде келешекте туылатын баласының ұлы бір ұстаз болатынын хабарлайды. Кейін Гаутама туылып, жігіт болғаннан кейін, әкесінің сарайында молшылықта өмір сүргенін рухани қанағат тұтпай, сарай өмірін тастап, орманға қаңғырып кетеді. Ол бұл өмірдің қайғыға толы екенін көріп, жалғыз өзі өмір сүруге көшеді.
Буддизм аңызы бойынша Буддаға бір күні «Білім ағашы» деп аталатын Ботхи (Інжір) ағашының астында төтенше шабыт келіп (Нирванаға жетіп), халыққа уағыз айта бастайды. Ол қалған 40 жылғы өмірін уағызға арнап, 80 жасында Кушингарада бір талдың астында қайтыс болады.
Будданың өлімінен кейін, буддизмнің монахтары буддизм дінін уағыздай бастайды. Буддизмнің кең түрде таралуына қолғабыс жасаған үнді патшасы Ашок (б.д.д. 273-236) болып табылады.
Ашок патша өзі будда дінін қабылдағаннан кейін, будда діні бүкіл Үнді түбегіне таралды. Ашоктан кейінгі патшалар да, Ашок тәрізді буддизмнің таралуына көп қолғабыс жасады. Тіпті кейін, буддизм дінін Қытай, Монғол, Жапон патшалары да қабылдайды. Түркілер арасында алғаш буддизмді қабылдаған қаған, То-По (Топа) қаған (572-588 жылдары арасында билік құрған) болып табылады. Буддизм б.д. 1-ші ғасырда Батыс Түркістанға тарала бастады. Бұл дін Орта Азия арқылы шығысқа, яғни Қытай, Корея, Жапония, Монғолия, Тибетке таралды.
Қазір бұл дін Қытай, Монғолия, Корея, Жапония, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Цейлон, Бирма, Тайланд, Непал т.б. елдерде кең түрде таралған.
Сенімдері. Буддизм құдай түсінігі кездеспейтін атеистік бір дін. Бұл дінде құдай сенімінің орнына «Буддаға сиынамын», «Дхаммаға сиынамын (дін, доктрина) », «Сангхаға (монахтар) сиынамын» деп айтып, оларға сенсе, буддизм дініне кірген болып есептелінеді. Ал бұлардың біреуін немесе барлығын мойындамаған адам буддизм дінінен емес. Сондай-ақ бұл дінде «карма», «реинкорнация», «нирвана» (туылу, өлу, қартаю қайғыларынан құтылу жетістігі) нанымдары бар. Буддистер тағы бір құтқарушы, «Меттеяның» келуін күтеді.
Ғибадат. Буддизмде Будда мүсіні, Будда естеліктері, Бодхи ағашы қасиетті саналады.
Бір буддист ғибадат жасағанда, ғибадатханаға (Вихара, Погода) кіргенде немесе үйде будда мүсінін құрметтеп, оған гүл т.б. нәрселер ұсынады. Жалпы ғибадаттары Будда мүсініне табынып, оған дұға, діни өлеңдер оқумен тұрады. Қасиетті зиярат жерлері: 1. Будданың туған жері; 2. Бодхи Гая (нұрланған жері); 3. Будданың алғаш уағыз айтқан киік паркі (Сарнадх); Будданың өлген жері (Уттар Пардес); Ганг өзені.
Ахлақ негіздері. Буддизм діні бойынша дүние мына 4 ақиқаттан тұрады: өмір туғаннан өлгенге дейін қасыретке толы; Бұл қасіреттер адамнын қалау-тілектерінен туындаған; Адам бұл қайғы-қасіреттен құтылу керек. Әйтпесе өмірі азаппен өтеді. Ал оның құтылу жолы – нирвана; Адам бақытқа яғни нирванаға жету үшін, Будданың мына сегіз тармақты жолын ұстану керек.
Буддизмнің сегіз тармақты жолы:
Тура сөз; Тура іс; Тура сөз бен тура істе әрбір буддистің мойын ұсынуы керек бес әмір бар: Еш нәрсені өлтірмеу немесе еш нәрсеге зиян тигізбеу; Ұрламау; өзін қате жолға бой ұсындырмау; өтірік, қате сөйлемеу; Ішімдік ішпеу; Тура өмір сүру. Бұл мына бес тыйымды қамтиды: Қасаптықпен (мал соймау) айналыспау; Шарапхана ашпау; Нашамен айналыспау (наша екпеу, сатпау); Қару-жарақ жасамау; Улы заттар жасап, оларды өндірмеу.Тура шешім; Тура қарау; Тура түсінік;Тура ой; Тура ниет.
Қасиетті кітаптары. Буддизмде қасиетті кітап қазақша “үш себет” деген мағынаға келетін, “Три-питака” немесе “Ти-питака” деп аталады.
Ти-питака “Виная питака”, “Сутта питака” және “Абхитхамма питака” деген бөлімдерден тұрады. Бұл аталған бөлімдерде монахтарға арналған қағидалар, діни рәсімдер, киіну әдептері, Будданың (Гаутама) өмірі, оның сөздері мен уағыздары, сөздері мен уағыздарына түсіндірмелер және буддизм философиясы т.б. тақырыптар баяндалған.
Тармақтары
Хинаяна
Махаяна
Ваджраяна
Ұғымның мағынасы
Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
Діни мерекелер - Будхана мерекесінің бейнелеу үлгісі алуан-алуан болғанымен, оның өзін құрайтын будхана, дін, ойын-сауық және сауда-саттық деген төрт құрамы болады. Будхана мерекесі әрі ұлттық табиғат пен халықтық көркемөнердің бір үлгісі. Ол ерекше діни орынға тәуелді діни қимылдан етек алған, діни мінәжәт ету, ойын-сауық өткізу және сауда-саттық жүргізулер біртұлғаланған әдет-ғұрыпқа айналған қимыл.
Діннің қоғамдағы рөлі - Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды.
Қоғам дегеніміз – әлеумет, яғни, адамдардың іс-әрекеттері мен бірігу формаларының жиынтығы. Міне, осы қоғамның және ондағы әлеуметтің дамуында діннің де атқарар рөлі зор. «Әлеуметтану» жайлы ой қозғаған Огюст Конт та кезінде дін мәселесін айналып өте алмаған. Оның пікірінше, қоғамның әлеуметтік қайта құрылуы тек қана ағарту ісінің көмегімен іске аса алмайды. Ол іске асу үшін әлеуметтік байланыстардың қандай да бір рухани тірегі болуы керек. Мұндай тіректі ол «оң діннен», яғни, бұрын өмір сүрген, қазір өмір сүріп жатқан адамдардың және болашақ ұрпақтың орасан зор әлеуметтік ағзасының біртұтас ұлы тіршілік иесі сияқты адамзатқа табынуынан көре білді [1]. О.Конт (1798-1857) діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа «тарихтың үш сатысы» жайлы заңында: Бірінші саты – діни немесе «теологиялық жағдай», онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі – философиялық «метафизикалық жағдай», онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші – позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш «сана жағдайының» әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдастырудың негізін қалайды – деп жауап береді.
Діни функциялардың қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын тарихи үдеріссіз, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерсіз бөлектеп қарауға болмайды. Өйткені, дін кез-келген мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап, қалыптасу кезеңдерінде, даму үдерістерінде, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етумен қатар, діндер арасында немесе қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып жіберу мүмкіншілігі де жоқ емес [2]. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл ретте, дін кез келген ұлттың салт-дәстүрлерін де жоққа шығармайды. Қайта олармен үндесіп, тонның ішкі бауындай жарасымды түрде қоғам дамуына жетелейді. Сондықтан, дін – қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, жаңғыртуда. Бұл орайда, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор екенін айта кеткен жөн.
Мәдениет саласында да оның ішіндегі діни наным-сенімдерге қатысты мәселелерді көңілден тыс, көзден таса қалдыруға болмайды. Мысалы, Қазақстан қаншама экономикалық және саяси жағынан дамыған мемлекетке айналып жатса да, мәдениетін өркендетуді доғарса, ол ешқашан өркениетті елдер қатарына қосыла алмас еді. Өйткені, қоғамда мәдениет пен адамгершіліктің ауылы алыстап, рухани жағынан кедей, жауапкершіліксіз, сүйіспеншілік сезімдерден ада адамдар қалыптасады да, даму үрдісі артқа кетер еді. Сондықтан да, дін мен салт-сананың бірлігі, тіпті, саясаттың да бірлігі кез-келген мемлекет үшін, қоғам дамуы үшін таптырмас қажеттілік болып саналады. Яғни, дін – әлеуметтік-мәдени байланыстардың ажырамас бір буыны іспетті.
Бүгінде адамға ең қажетті нәрсе – тәрбие. Әсіресе, бұл қазіргі жастарға өмірдегі шынайы құндылықтарды ұғынуы үшін өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын кеңейту үшін қажет. Тәрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне салғырт және немкетті қарау, кейбір шектен шыққан әдепсіздік пен арсыздықтың көрініс беруіне алып келіп отырғаны шынайылық. Жастардың ұлттық тәрбиеге қырын қарауы, бұл батыстық тұтыну мәдениетіне еліктеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, жастарға имандылықты, ұлттық дәстүрлерді насихаттап, сөзден іске көшу керек. Салт-санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөз бен іс-әрекеттеріміздің арасындағы сәйкестілік болу керек. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды. Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды, дініңді білуден басталады. Қазақстан – 2050 Стратегиясында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» – көрсетілген. Әрине, ұлттық дәстүрден және ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы мен рухани дүниесінен, ата дәстүрімен, ана сүтімен сіңген тәлім-тәрбиені өмір бойы ұстанады. Ата-баба өсиеттері, адамды тәрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық тәрбиенің бір негізі діни мәдениетімізде және өнегелі тәлім-тәрбиемізде жатыр. Адамзат пайғамбары: «Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім», – деген.
Вебер, Дюркгейм және қазіргі заманғы көптеген әлеуметтанушылардың пікірінше, діннің негізгі қызметіне – «мағыналық пайымдау» қызметі жатады. Яғни, адам өз өмірінің мағынасын толық дәрежеде түсініп және түйсініп өмір сүруі шарт. Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, тұрақтылыққа негіз жасайды, яғни, әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтырумен қатар, тұрақтандырушы функцияны да атқарады. Және адамның моральдық міндеттерді орындаудағы алғышарттарын қалыптастырады
Діннің міндеті – қандай да бір нормалы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Сондай-ақ, бүгінде діннің кері интеграциялануы деген мәселені көтерушілер бар. Мысалы, экономика саласында, еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуде кедергі келтіруі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болса да атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да сипатта мәнге ие болуы мүмкін. Дін интеграция мен тұрақтылық әкелуші ғана емес, кейтұстардағы кертартпа, дін бұзушы ағымдар арқылы қиратушы, жанжал әкелуші фактор ретінде де қарастырылады. Осыған байланысты дін әлеуметтануы харизмалық жетекшілердің рөлі жайлы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.
Дереккөздер.
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы « Бас редакциясы, 1998 , IV том
Балалар Энциклопедиясы, II- том
Діннің қоғам өміріндегі рөлі. Фариза Борантаева,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының
2 курс магистранты