Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2.Топқа бөлу: Эралар атауы арқылы топқа бөлінеді
І. Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар
1.Геолгиялық жыл санау дегеніміз не? Геолгиялық жыл санау –жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті,жасы туралы ілім.
2.Геохронологиялық кестеде нелер көрсетілген?
Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі.Грек тілінен аударғанда гео-жер,хронология-жыл санау деген мағына .Геохронологиялық кесте Жер қыртысының түзілгеннен бергі уақыты мен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығына сай құрылғандықтан төменгі жағынан жоғары қарай оқылады.
3.Оның біздер үшін маңызы неде? Жердің және жер қыртысының жасын,олардың даму кезеңіндегі ірі оқиғалардың уақытын анықтай білудің маңызы зор.Тау жыныстарының салыстырмалы және абсолюттік жасын анықтау үшін маңызды
Мадақтау арқылы бағалау
ІІ. Жаңа сабақ: топтасып жұмыс жасау,постер қорғау
1.Қазіргі кезде жердің даму тарихы
2.Тау жыныстарының жасын анықтау
3.Геохронологиялық кесте
Критерий арқылы бағалау
1.Көркемдік ерекшеліктері 2.Түсіндіруі 3.Қосымша мәліметтері
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Геологиялық жыл санау дегеніміз не?
2.Геохронологиялық кесте бізге не үшін қажет
3.Қазіргі кезде жердің даму тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?
4.Жердің геологиялық даму кезеңінде қандай тау жыныстары қалыптасқан?
5.Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін қандай есептеу әдістерін қолданады?
Мұғалімнің бағалауы
Қаншалықты түсінгенін,түсінбеген жерін,жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)
Не үйрендім?
|
Не қиын болды?
|
Түсінбеген жерім
|
|