СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гимнастика. Кермедегі,брусьядағы және бөренедегі жаттығулар.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Гимнастика. Кермедегі,брусьядағы және бөренедегі жаттығулар.

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Кермедегі,брусьядағы және бөренедегі жаттығулар.

Мақсаты: Қозғалыс қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері: а) Білімділік – гимнастика спортының техникасына, айла- тәсілдеріне түсінік беру.

ә) Дамытушылық – жаттығу кезінде икемділік пен ептілікті дамыту.

б) Тәрбиелік – оқушыларды спортқа баулу, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын технология: Ұжымдық оқыту технологиясы

Пән аралық байланыс: Физика , Геометрия , Биология .

Сабақтың түрі: Үйрету сабағы

Өтілетін орыны: Спорт алаңы.

Құрал-жабдықтар: Сағат, ысқырғыш, керме, брусья, бөрене,доптар. т.б

 

Просмотр содержимого документа
«Гимнастика. Кермедегі,брусьядағы және бөренедегі жаттығулар.»

 

Сабақ тақырыбы: Гимнастика                 

Класс: 5-6-класс

Сабақ мақсаты:  білімділік: гимнастикалық жаттығулар,гимнастикалық жаттығуларға қойылатын талаптар,оның қауіасіздік ережелері туралы түсінік беру.сауықтыру: гимнастикалық жаттығулардың көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту. тәрбиелік: оқушылардың адамгершілігін, жігерлілік қасиеттерін қалыптастыру, өнегелі өркемдік танымдарды үйренуге тәрбиелеу.

 Сабақ барысы:

     Ұлдар.     

     А)  Арыста алға, артқа тербеліп, секіріп түсуді жетілдіру

     Ә)  кермеде оқып үйренген жаттығулар топтамасын орындайды.

     Қыздар.

     А)  Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіруді жетілдіреді.

     Ә) Акробатикалық жаттығуларын қайталайды.

 

Сабақ керекті құрал-жабдықтар: Арыс, керме, кіші ағаш ат, серіппелі тұғыр, төсеніш.

 

Сабақ өтетін жер:  спорт зал

 

 

 

      №

 

 

Сабақ мазмұны

 

Жүктеме мөлшері

 

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлімі

 

 

Қатарға тұрғызу, санақ санату. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Көңіл аудару жаттығулары. Бұйыруды тыңдап, дұрыс орындау: Оң-ға! Сол-ға! Ай-нал! Саптағы орындалатын жаттығулар. Залды солға айнала жүр. Қол мықында, жартылай отырып жүр. Қолды тізеге қойып жүр. Баяу жүгір. Тіркеме адыммен оң бүйірмен жүгір. Алға, артқа бұрылып жүгір.

Жалпы дайындық жаттығулары (ЖДЖ)

1-жаттығу

Бастапқы қалып. Қол алда, әр санақта саусақты ашып-жұму. Қолды жанға түсіру, жоғары көтеру.

2-жаттығу

Аяқ иық кеңдігінде, қол мықында

Санақ:

1.      Алдыға еңкей.

2.      Бастапқы қалып

3.      Оңға иіл

4.      Б.Қ

5.      Шалқай

6.      Б.Қ

7.      Солға иіл

8.      Б.Қ

 

12-13 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

   4 рет

 

Спорттық киімге көңіл аудару

 

 

Жүрісті сол аяқпен бастау,денені тік ұстау. Арақашықтықты сақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басты түзу ұстау

 

 

 

 Дайындық бөлімі

3-жаттығу

Бастапқы қалып. Аяқ иық екңдігінде, қол мықында.

Санақ:

1-2-3-4 тұлғаны оңға айналдыру, 1-2-3-4 тұлғаны солға айналдыру

4-жаттығу

Бастапқы қалып. Қол алда.

Санақ:

1. Сол аяқты сермеп, оң қолдың ұшын тигізу

2. Б.Қ

3. Оң аяқты сермеп, сол қолдың ұшын тигізу

5-жаттығу

Бастапқы қалып. Оң аяқ алда, Сол аяқ артта, қол мықында.

Санақ:

1-2-3! оң аяқты үш рет жартылай бүк.

4! аяқты қалпына келтіріп секіріп алмастыру

5-6-7! сол аяқты бүк. 8! аяқты қайта алмастыру

6-жаттығу

 Бастапқы қалып негізгі тұрыс.

Санақ :

1-2-3-4 қолды баяу жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұру

5-6-7-8 бастапқы қалып

7-жаттығу

Бастапқы қалып негізгі тұрыс. Қол мықында.

Орнында тұрып секіріп 360° бұрыл

 

 

 

 

 

 

 

Аяқты түзу ұстау, кеудені толық айналдыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолды жоғары көтергенде демді ішке тартып, қолды түсіргенде демді қайта шығару

   Негізгі бөлім

Оқушыларды топтарға бөлу.

І топ (ұлдар) Кермеде орындайтын жаттығулар

ІІ топ (ұлдар) арыстағы жаттығуларды орындайды

ІІІ топ (қыздар) акробатикалық жаттығуларды орындайды.

IV топ (қыздар) кіші ағаш аттан секіруді орындайды.

А) тартылып барып, аяқты екі қолдың арасынан өткізіп, айналып түсу

Ә) арыста таянып тұрып, алға-артқа тербеле секіріп түсу

Б) басқа тұру, алға домалап түсу

Акробатикалық жаттығулары: жүреден отырып алдыға домалау. топтала артқа домалау, жауырынға тұру. Көпір жасап, оң қолға таянып аяққа тұру (қыздар)

В) төсенішке жатып, топталып алдыға-артқа домалау.

Г) таянып секіру: көлденең қойылған ағаш аттан секіру.Жүгіріп келіп серіппелі тұғырдан итеріліп, аяқты ашып, қолды көтере секіріп түсу.

Жаттығуларды соңғы оқушы орындайды. Отыр!Тұр!Түзел!

Сабақтың келесі түріне жүр. Орнында тұрып жүр! Тоқта! Отыр. Жаттығуларды баста. Ұлдар орындыққа отырып, қолдарын желкеге қойып, шалқайып жатып денені көтереді.

 

 

 

 

25-28 минут

 

 

 

 

2 рет

 

3-4 рет

 

3 рет

 

 

5-6 рет

 

2 рет

Жаттығуды дұрыс орындау

 

Қауіпсіздік ережелерін сақтап,жаттығуды әріптесінің көмегімен орындау

 

Секірген орнында тұру

 

Ұлдар ертеңгі сауықтыру жаттығуларын кермеге тартылу арқылы орындайды.

Қыздар жеке бас гигиенасын сақтап, шалқайып денелерін көтереді

 

 

Қорытынды бөлім

 

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Залды айнала жай жүріспен бас.

Тоқта. Сол-ға(оң-ға) бұрыл. Үйге тапсырма

Сабақта кемшілік жіберген оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. Үйге жалпылама тапсырма беру.

Бөрене үстінде тепе-теңдікті сақтап, жүріп үйрену.

Сабақтың қорытындысын шығарып баға қою.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

 

 

5 -7минут

 

Бұйрықты мұқият тыңдап, уақытында

орындау талап етіледі