СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Графикалық  объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.

Просмотр содержимого документа
«Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.»



Пән мұғалімі

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сынып

Күні

Ахметова Айымгул Муратовна

№12 ЖОББМ

Информатика

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу.


        6

        15.02.2018

Сілтеме

Bilimdiler.kz

 

Ресурс

Слайдтар, видеопроектор, жұмыс дәптері, MS Word мәтіндік редакторы

 

Жалпы мақсаттары

Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету

 

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, сыныпты түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

 

Оқыту нәтижесі

1.      MS Word мәтіндік редакторына енгізуге болатын объектілерді

2.      WordArt-пен жұмыс жасап үйрену

3.      Автофигураны пайдаланып сурет салу

 

Негізгі идеялар

Суретті кірістіру, WordArt, автофигураны пайдаланып көркемдеп жазу жолдарын меңгертуге ықпал ету

 

Оқыту формасы

1.      СТО  (Жіңішке сұрақтар)

2.      АКТ (Слайдтар)

3.      Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

4.      Бағалау (Формативті. «Бес саусақ әдісі»)

 

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, геометрия, бейнелеу өнері

 

Өткен сабақты қайталау

Кесте дегеніміз не?
• Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа қалай бөлуге болады?
• Кестедегі қандай қозғалыс әдістерін ата.
• Бірнеше ұяшықты бір ұяшыққа біріктіру және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қалай орындалады?
• Кесте құру әдісін ата.


 

  Bilimdiler.kz порталы арқылы тапсырмалар орындау

Жаттығу -1- WordArt декаративті жазбасының тағбашасын табу

Жаттығу-2- анықтамалардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау

Жаттығу-3- информатикалық диктант

Тест төрт жауапты бес тапсырма

 

 Сергіту сәті

«Көңілді күн»көзге қолға және аяққа арналағн жаттығу жасау.

 

Лото ойыны.

 

Жіңішке сұрақтарға «иә», «жоқ» 5 минут

1.      MS Word редакторына обьектілерді (сурет, диаграмма т.б) енгізуге болады

2.      Пуск-Стандартные-MS Word  іске қосу жолы дұрыс па?

3.      WordArt-ты іске қосу үшін Кірістіру-Сурет-WordArt  

4.      Кез келген терезені жабу үшін _ барып шертеміз

5.      Автофигура ішінде әртүрлі геометриялық фигуралар орналасады





 

Жаңа сабақ:

Құжатқа сурет, сызба (схема) құрылымдарын орналастыру үшін: 
1) Обьект қойылатын жерге курсорды әкелу;
2) Кірістіру→Сурет→Картинкалар (Вставка→Рисунок→Картинки) командаларын таңдау;
3) Пайда болған терезедегі Картинкаларды кірістіру (Вставка картинки) өрісінен қажет файлды сипаттайтын сөзді немесе сөйлемді жазуға болады. Суретті таңдап, оған курсорды апарып тышқанның сол жағын шертсеңіз, таңдалған сурет орналасады. 
Клиптер коллекциясынан сурет қою:
4) Таңдалынған сурет құжатқа орналасады.
Суреттің шеттері қоршаумен ерекшеленеді. Қоршауда қара нүктелер бар. Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгерту. Суретті кез келген жерге көшіруге болады. Ол үшін курсорды суреттің ортасына қойып, оны қажет жерге апару керек немесе көшіріп алып, қажет жерге орналастыру. Суретте тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, суреттің параметрлерін өзгертетін Шекаралар мен бояу (Границы и Заливка) батырмалары бар тақта пайда болады. Осы жерде шекараның түрін, сызықтың ені мен түсін таңдауға болады. MS Word-та суреттерді салу үшін арнайы құралдар қолданылады. Сурет салу үшін Түрі→Құрал-жабдықтар тақтасы→Сурет (Вид→Панели инструментов→Рисование) командасын таңдау керек. Сонда экранда сурет салу үшін қажет құрал-жабдықтар тақтасы пайда болады. Енді қарапайым суреттер мен блок-сызбаларды орындауға болады. Сурет салу құрал-жабдықтар тақтасы сурет салуға, дайын суреттерді орналастырып қоюға, сондай-ақ обьектілерді пішімдеу параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Суреттің қажет элементін таңдап (тышқанмен шерту), тышқанның батырмасын басып тұрып сілтемені мәтіндегі сурет қоятын жерге апарып орналастырылған соң суретті сала беруге болады. Сурет салынып біткен соң обьектінің сыртындағы кез келген жерге тышқанды шерту. 


Компьютермен жұмыс


«Кеме» суретін геометриялық фигуралар арқылы салу








 

Кері байланыс


  1. «Бес саусақ»әдісі

  1. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өздерінің сабақты қалай түсінгенін білдіреді.

«Қызыл»- түсінбедім;

«Сары»- жартылай түсіндім;

«Жасыл»- түсіндім.

 

Бағалау

Оқушыларды жасаған жұмыстарын, сұрақтарға жауап беруіне байланысты бағалау

 

Үй тапсырмасы:

§24-25. Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер 

 





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Поделитесь с друзьями
ВКонтактеОдноклассникиTwitterМой МирLiveJournalGoogle PlusЯндекс