СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Графиктер мен диаграммаларды құру.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Графиктер мен диаграммаларды құру.»

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

ШҚО Білім басқармасы

Управление образования ВКО

«Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК

КГКП «Восточно-Казахстанский технологический колледж»




Бекітемін

Директордың ОЖ орынбасары

__________ Ожаров Д.М.

«____»__________2021ж.






Келісілді

Әдіскер

____________ Бекбаева К.Ж.

«___»___ 2021 жыл




ПЦК отырысында қаралды

Хаттама №_­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__ _______2021 ж.

ПЦК төрағасы

_________ Мәулітова Ж.М.




Информатика пәнінен ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Сабақтың тақырыбы: Графиктер мен диаграммаларды құру.









Пәні: информатика

Тобы: 17 МКА

Оқытушы: Адильханова А.М.

Өткізілетін мерзімі: 19.11.2021 ж

Өткізілетін орны: 413 каб






Семей 2021 жыл.


Сабақ жоспары


Ұзқ мерзімді жоспар

бөлімі:

Ақпараттық процестер мен жүйелер

Колледж: ҚМҚК ШҚТК»


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Адильханова А.М.


Топ: 17 МКА


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Графиктер мен диаграммаларды құру.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3 электрондық кестеде диаграмма құру

Сабақтың мақсаттары

- диаграмманы тұрғыза біледі

Бағалау критерийлері

  • Диаграммалар түрлерін біледі

  • Гистограмма тұрғыза алады

  • Дөңгелек диаграмманы тұрғыза алады

  • Графика тұрғыза алады


Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.

деректерді графикалық берілуі бойынша (диаграммалар) талдай алады

Пәнге тән лексика және терминология.

кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Міндетті шешу үшін біз… пайдаландық, себебі …

  • Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады.

  • Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін …

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика

АҚТ қолдану дағдылары

Ол Excel деректер түрлерін біледі.

Электрондық кестеде қарапайым формулалар жаза алады.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Мұғалімнің әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу


Презентация (1-3 слайд)










Презентация

(4 слайд)

Студенттің әрекеті

(К, Т) Оқушыларға 2 аптаға ауа райы болжамының деректері бар кестені көрсетіңіз. Оқушылардан кестедегі деректерді падалана отырып, келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

  • Қай күні ең суық ауа райы күтіледі?

  • Қай күні ең жылы ауа райы күтіледі?

  • Алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді? (суытады, жылынады және т.б.)

Содан кейін алдағы 2 аптаға ауа райы болжамының диаграммасын ұсыныңыз. Оқушылардан дәл сол сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Кестеде берілген деректерді қандай жағдайда талдау оңай болғандығын талқылаңыз.

Сіздің ойыңызша бүгін қандай тақырыппен таныс боламыз?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттармен таныстыру




Мұғалімнің әрекеті

Студенттерге MS Excel бағдарламасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарды қою.

1. MS Excel бағдарламасы қалай іске қосылады?

2.MS Excel – дің атқаратын қызметі қандай?

3. MS Excel қандай бағдарлама?

4. Бағандар мен жолдардың қиылысуы (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады)

5. Жұмыс парағында неше баған бар? (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады)

6.Жұмыс парағында жол саны қанша? (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады)

7. MS Excel программасында кездесетін негізгі ұғымдар (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)



Презентация (5-9 слайд)

















Сабақтың ортасы

70 мин

Оқытушының әрекеті

Семантикалық карта

 

Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Аудан

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі?

=

 

 

 

 

 

Латын әріптерімен

 

 

 

 

 

Араб цифрларымен

 

 

 

 

 

В13:С19

 

 

 

 

 

Жол мен бағанның қиылысуы

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Диаграммалар – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы

болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан көрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді.

Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.

  • Гистограммалар;

  • Сызбалар;

  • Дөңгелек диаграммалар;

  • Жолақ диаграммалар;

  • Аумақтық диаграммалар;

  • XY (нүктелік) диаграммалары;

  • Биржалық диаграммалар;

  • Беттік диаграммалар;

  • Шеңбер диаграммалар;

  • Көпіршікті диаграммалар;

  • Жапырақты диаграммалар.


Сонымен қатар диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:

    1. Тор (Сетка);

    2. тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

    3. аңыз - диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

    4. Мәліметтер жазбасы-кестедегі санмен немес пайызбен берілен мәліметті көрсетеді.

    5. Мәліметтер кестесі – диаграммаға кесте енгізеді.

Диаграмманы құрып болғаннан кейін оған осындай элементтерді қосуға және диаграмма типін өзгертуге, безендіруге болады.



Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі бар:

- Горизонталь немесе категориялар осі
- Вертикаль немесе мәндер осі

Диаграмманың негізгі элементтері:

Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Дөңгелек диаграмма

Жаңа сабақты бекіту:
1. «Сұрақ саған, жауап маған»
    1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
    2. Аңыз не үшін қажет?
    3. Диаграмма осьтері.
    4. Тақырып не үшін қолданылады?
    5. Диаграмма типтерін атаңдар.
    6. Диаграмма элементтері.

2. Тәжірибелік жұмыс орындау
Практикалық тапсырма. Қолшатыр құру


Жұмыс жоспары.

Бұл суретте графиктері қамтылған функциялар берілген:


х  [-12;12]

қадам 1

у1 = - 1/18х2 + 12,   х ∈ [-12;12]

y2 = - 1/8х2 + 6,   х ∈ [-4;4]

y3 = - 1/8(x+8)2 + 6,   х ∈ [-12; -4] 

y4 = - 1/8(x-8)2 + 6,   х ∈ [4; 12]

y5 = 2 (x+3)2  – 9,   х ∈ [-4;0]

y6 = 1.5 (x+3) – 10,   х ∈ [-4;0]

 


Жұмыс барысы:

MS EXCEL бағдарламасын іске қосыңыз

A1 ұяшығына x айнымалысының белгілеуін енгізіңіз

A2: A26 ұяшықтарының ауқымын -12-ден 12-ге дейінгі сандармен толтырыңыз (автотолтыру).

Функцияның әрбір графигі үшін формулаларды ретімен енгіземіз.

y1 = -1 / 8x2 + 12, x ∈ [-12; 12] үшін, y2 үшін = -1 / 8x2 +6, x ∈ [-4; 4], т.б.


Жұмысты орындау тәртібі:

1. Курсорды B1 ұяшығына қойып, y1 енгізіңіз

2. B2 ұяшығына = (-1/18) * A2 ^ 2 +12 формуласын енгізіңіз.

3. Пернетақтада Enter пернесін басыңыз

4. Функция мәні автоматты түрде есептеледі.

5. Формуланы A26 ұяшығына дейін созыңыз.

6. Сол сияқты С10 ұяшығына (функцияның мәні [-4; 4]-тен х интервалында ғана табылғандықтан) y2 = (-1/8) * A10 ^ функциясының графигінің формуласын енгіземіз. 2 +6 және т.б.









Нәтиже келесі ЭЕ болуы керек: 





Функциялардың барлық мәндері есептеліп болғаннан кейін осы функциялардың графиктерін құруға болады:

1. A1: G26 ұяшықтарының ауқымын таңдаңыз.

2. Құралдар тақтасында Кірістіру → Диаграммалар мәзірін таңдаңыз.

3. Диаграмма шебері терезесінде Нүкте → Түзу сызықтармен және маркерлермен нүкте немесе тегіс сызықтары бар нүкте → Ok түймесін басыңыз. 



Нәтижесінде сіз келесі суретті алуыңыз керек:

Түзу сызықтармен және маркерлермен нүктеленген 

НЕМЕСЕ



 


Тегіс түзу сызықтары бар нүкте





Қосымша 2 есеп

№1 Тәжірибе. Диаграмма шеберін пайдаланып, гистограмма құрастыр.
Информатика пәні бойынша  І семестрдің қорытындысы

Тобы

5-ке оқитындар

4-ке оқитындар

3-ке оқитындар

БАРЛЫҒЫ

1МП-0911-16Б

1

10

1

12

1МП-0901-16Б

2

12

2

16

1ЭВТа-16Б

5

6

1

12

1ЭВТб-16Б

2

8

2

12

1ДПа-16Б

3

8

1

12

1ДПб-16Б

6

11

1

18

№2 Тәжірибе. Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, сақина түріндегі диаграмма құрастыр.
2015-2016 оқу жылдарындағы  ҰБТ қорытындысы.



Пәндер

Сапа

Қазақ тілі

35  %

Орыс тілі

24 %

Қазақстан тарихы

10 %

Математика

10 %

Биология

20 %


Презентация (10-11 слайд)

















Презентация (12-23слайд)










































































Презентация

(24-25 слайд)





Презентация (26-27слайд)


















Презентация (28-29 слайд)










Сабақтың соңы

15 мин

Жаңа сабақты қорытындылау:

«Графика» сөзжұмбағы:

Сөзжұмбақ сұрақтары:

    1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
    2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
    3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
    4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
    5. Диаграмма осі. (вертикаль)
    6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
    7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)

ҮІІ. Бағалау:

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
    2. Үйден кесте жасап келу. (Кестені келесі сабақта компьютерге түсіреді.)



Презентация (30 слайд)

























Презентация (31-32 слайд)




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық

қауіпсіздікті сақтау


Топтық жұмыс барасында оқушыларды қосмша қолдау. Қбілеті жоғары оқушылар басқа оқушалрға қызық/қиынырақ болып көрінген шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Дифференциацияның негізгі принципі тереңдету.

Сұрақтардың жауабы мен жауаптар тобы. Топтық тапсырмаларды орындау барысында сұрақтарды пайдану. Оқушылардың жұмысының нәтижелері/жетістіктерін түсіну үшін жалпылама сұрақтарды қолдану. Барлық оқушылар өз жұмыстарын бағалуға тапсырады. Жеке және топтық жұмыстардың нәтижесін формативтік бағалауды қолдану.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін еске салу, мысалы, экранды, тышқанды және кпернетақтаны қосу кезінде абай болу, қозғалуға қауіп төндіретіндіктен, сымдардан сақ болу керек екенін айту. Еңбекті қорғау мен эргономика талаптарын сақтау. Сергіту сәтін өткізу.

Рефлексия


Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Тапсырмалар сәйкес болды ма?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Рефлексия

Сөйлемдерді аяқтаңыз

Бүгін мен үйрендім…

Қызықты болды…

Мен түсіндім…

Сабақ менің өмірім үшін…

Рефлексия

Нені білеміз?: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

Осы сабақтан нені білдік?: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.

Келесіде нені білуіміз қажет?: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?