СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Графиктік объектілерді программалау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні _______

Информатика 9 сынып

Сабақтың тақырыбы:  Графиктік объектілерді программалау.

 

Просмотр содержимого документа
«Графиктік объектілерді программалау»

Күні _______

Информатика 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Графиктік объектілерді программалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларда программалар құрғанда Turbo Pascal-дың графикалық қарапайым кескіндерін пайдаланудың икемдіктері мен дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу, бағдарламалауға қызығушылықтарын арттыру; өзіндік қорытынды шығара білуге, бағалауға, тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасауға, бұрынғы  білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға, мақсатты оқуға баулу;
Дамытушылық мақсаты: Білім сапасын арттыруға жәнеіздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар сурет салу үшін стандартты библиотекалық модульдердің, процедуралардың және функциялардың арналу міндетінбілу қажет;

  • Монитордың бейнережимін анықтай және тағайындай алуы қажет;

  • Графикалық қарапайым кескіндерді пайдаланып, программаларды құра және орындай алуы керек.



Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: жұптық, топтық жұмыс, диалогтік

Модуль: СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау.

Пән аралық байланыс:   геометрия, ағылшын тілі

Көрнекіліктері: сабақтың презентациясы (флипчарт)

Құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, activode тесттік жүйесі, дербес компьютерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

1)Тренинг «Бүгінгі көңіл күйім»

2) Топқа бөлу. (1,2,3 сандарын таңдау нәтижесі бойынша топқа бөлу)

2. Өткен сабақты пысықтау. (сұрақтар арқылы)

1. Паскаль программалай тілінің алғашқы нұсқасын кім, қашан және қайда жасады? (1968 жылы Стэнфорд университетінде информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады)

2. өрнегінің Паскальда жазылуы? ( (sin(x)+sgr(cos(2*x))/(sgr(ln(x)+sgrt(x)) )

3. 36 div 7 = 5

10 mod 3=1

63 mod 8= 7

45 mod 8 =5

4. Алгоритмнің неше түрі бар? (3түрібар: Сызықтық, тармақталған, циклдік)

5. Паскальда өрнектің неше типі сипатталады? (3 типі: арифметикалық – бүтін және нақты, логикалық және символдық)

6. Copy(s, p, n) стандартты функциясы не қызмет атқарады? (s сөзінің p нөмірінен бастап, қатар тұрған n символды көшіріп алады)

  1. Миға шабуыл

Оқушылар қазір мен сіздердің ағылшын тілінен білімдеріңді байқамақпын.

(тақтада графикалық процедуралар жазулы тұрады. Солардың аудармалары сұралады)

Line – түзу

Circle – шеңбер

Ellipse – эллипс

Sector – сектор

Arc – доға

Rectangle – тіктөртбұрыш

Ellipse – эллипс

Оқушылар! Қалай ойлайсыздар бұлармен бүгінгі сабақта не жасаймыз деп ойлайсыңдар?

(оқушылар жауабы)

Енді біз Паскаль программалау тілінде сурет салу үшін бағдарлама құра білуіміз керек. Ал бағдарлама құру үшін алдымен экранда сурет қалай салынады және оны салу үшін қандай процедураларды қолданады екенбіз соны біліп алуымыз керек.

Мұғалім түсіндірмесі. (1-слайд)

Турбо Паскальда графикамен жұмыс істеу үшін графиктік операторларды (Uses), драйверлерді (GraphDriver), модульдерді (Crt, Graph), режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымыз керек.

Арнайы графиктік оператор - Uses болып табылады.

Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салу үшін стандартты кітапханалық Graph модулі арналған. Ол әртүрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқаруды қамтамасыз ететін программалардың кітапханасы. Ал Grt модулі экранға информацияларды шығаруды, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстық сигналдар мен түрлі түсті текстік жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етеді.

Кез келген суретті бағдарламалау үшін келесі амалдар орындалу қажет: (2-слайд)

Program suret;

Uses graph, Crt;

VarGraphDriver, {Графикалық драйвер}

Graphmode: integer;{Графикалық режим}

Begin

Clrscr;{Экранды тазалау}

GraphDriver:=0;{Графикалық драйверді ашу}

Initgraph (driver, mode, ‘c:\tp7\bgi’);{bgiграфикасы модуліне жол}

{Осы жолдан бастап графикалық әрекеттерді орындау процесі басталады}

Readln ; {Enter пернесін басқанға дейін суретті экранда көрсетіп тұрады}

CloseGraph; {Графикалық режимді жабу}

Түсті орнату: (3-слайд)

SetColor(Color:integer); {Суреттегі негізгі түсті орнатады}

SetBkColor(Color: integer); {Ағымдағы фонның түсін орнатады}

Координаталар жазықтығы: (4-слайд)

(0,0) х1 х2 640,0 Х





у1









у2





(0,480)

У

Графикалық бағдарламалау процедуралары: (5-слайд)



Модуль Graph

Графикалық элемент

Паскальда жазылуы

Нүкте

PutPixel(x, y, t)

Кесінді

Line(x1,y1,x2,y2)

Сызық

LineTo(x,y)

Тіктөртбұрыш

Rectangle(x1,y1,x2,y2)

Боялған тіктөртбұрыш

Bar(x1,y1,x2,y2)

Шеңбер

Circle(x,y,r)

Эллипс

Ellipse(x,y,b,s,rx, ry)

Боялған эллипс

Fillellipse(x,y, r1, r2)

Доға

Arc(x,y, b, s, r)

Сектор

Sector(x,y, b, s, rx, ry)



Графикалық бағдарламалау процедуралары: (5-слайд)



Модуль Crt

GotoXY(x, y)

Меңзерді экранда х, у қажетті жерге апару

Delay(d)

Программаның жұмысы d миллисекунд кідіріс жасайды

Sound(F)

Жиілігі F дыбыстық генераторды қосу

NoSound

Жиілігі F дыбыстық генераторды өшіру

TextColor( )

Символдың түсі

Window(x1, y1, x2, y2)

Мәтіндік терезені анықтау

TextBaskGround(n)

Мәтін фонының түсін анықтайды

ClsScr

Экранды түгел тазалайды

ClearDevice

Экранды тазалау және фон түсімен бояу

CloseGraph

Графикалық режимдегі жұмысты аяқтау



Түстер коды: (6-слайд)

Түстер

Коды

Түстер

Коды

Қара

0

Қою сұр

8

Көк

1

Ашық көк

9

Жасыл

2

Ашық жасыл

10

Көгілдір

3

Ашық көгілдір

11

Қызыл

4

Ашық қызыл

12

Күлгін

5

Ашық күлгін

13

Қоңыр

6

Сары

14

Ашық сұр

7

Ақ

15



Сызық стильдері: (7-слайд)

Сипаттамасы

Коды

Үздіксіз сызық

0

Нүктелерден тұратын сызық

1

Нүктелер мен сызықшалардан тұратын сызық

2

Штрихты пунктирлі сызық

3

Орындаушы тағайындайтын сызық

4

Қолдану.

Практикалық бөлім.(Топтарға тапсырма беріледі)

1-тапсырма: Берілген суреттерге бағдарлама құрып, компьютерде орындап, жауабын көрсету.

1-топ: Сары түсті экранға қызыл түзу, жасыл үшбұрыш, көк тіктөртбұрыш және қоңыр шеңбер салу программасын жазу керек.

2-топ: Ақшыл көк түсті экранға боялған тік бұрышты трапецияның ішіне боялған шеңбер мен үшбұрыш салу программасын жазу керек.

3-топ: Тең бүйірлі үшбұрыштың ішіне боялған тіктөртбұрышты, ал оның ішіне шеңберді салу программасын жазу керек.



Талдау.

2-тапсырма: Төмендегі суреттерді салуға жазылған программаның қатесін тап. (тақтада орындалады)

Program suret;

Uses graph, Crt;

Var GraphDriver, Graphmode: integer;

Begin

Clrscr;

GraphDriver:=0; Initgraph (driver, mode, 'c:\tp7\bgi');

Setbcolor(2); Setcolor(4);

Cirkle(250,150,50);

Setfillstyle(1,3); floodfill(250,210,2);

Setcolor (14);

Line(250,50,175,225); line(175,75,325);

Readln; closeckapn; end.

3-тапсырма: Сәйкестендіру (тақтада орындалады)



Нүкте

Bar(x1,y1,x2,y2)

Кесінді

Rectangle(x1,y1,x2,y2)

Сызық

Arc(x,y, b, s, r)

Тіктөртбұрыш

Ellipse(x,y,b,s,rx, ry)

Боялған тіктөртбұрыш

Sector(x,y, b, s, rx, ry)

Шеңбер

LineTo(x,y)

Эллипс

Line(x1,y1,x2,y2)

Боялған эллипс

Fillellipse(x,y, r1, r2)

Доға

Circle(x,y,r)

Сектор

PutPixel(x, y, t)

LineTo

(x, y, t)

Line

(x,y,r)

Fillellipse

(x1,y1,x2,y2)

Circle

(x,y)

PutPixel

(x,y, r1, r2)





Жинақтау:

Activоte тестттік жүйесімен сабақ қорытындыланады.

1.Графикалық режимге ауысу әрекеті:

А) Drivers B) Uses Graph C) Init Graph D) Detect E) Program

2. Экран бетін тазалайтын функция:

A) Moveto B) Clear View Port C) detect Graph D) Get Color E) Delay

3. Суреттің ағымдағы түсін беретін функция:

A) Moveto B) Clear View Port C) detect Graph D) SetColor E) BKColor

4. Ағымдағы экран түсін беретін функция:

a) SetBkColor b) GetGraphPalette c) SetFill pattern d) GetColor e) BkColor

5. Графикалық режимнен шығу:

a) CloseGraph b) GetGraph Palette c) Set Fill Pattern d) Get Color e) Close

6. Line(x1,y1,x2,y2) әрекетінің қызметі .....

a) түзу сызық сызу b) төртбұрыш сызу c) шеңбер сызу d) доға сызу e) эллипс сызу

7. Жаңа файл ашу үшін:

a) File-New b) File-Open c) Edit-New d) Edit-Open e) File-Save

8. Жаңа файлды сақтау үшін ...... командасын орындау керек:

a) File-Save b) File-Save as c) Edit-Save d) edit-Save as e) File-Open

9. Эллипс доғасын сызу әрекетін көрсетіңдер:

a) Ellipse(x,y;B1,B2,Rx,Ry); b) FillEllipse(x,y; xr, yr); c) PieSlice(x,y; B1,B2,R);

d) Sector(x,y; B1,B2,Rx,Ry) e) Circle(x,y,r)

10. Доға сызу әрекетін көрсетіңдер:

a) Ellipse(x,y;B1,B2,Rx,Ry); b) Pbielice(x,y; b1,b2,r) c) Sector(x,y; B1,B2,Rx,Ry)

d) Arc(x,y,b1,b2,r) e) Circle(x,y,r)





Бағалау.

Уйге тапсырма:

  1. Бес сақиналы олимпиада белгісінің

  2. Бағдаршамсуретін салу

  3. Экран бетінде доптың қозғалысын келтіру





Рефлексия.