СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Гүл салынған ваза» (заттық)

Нажмите, чтобы узнать подробности

ересек топ тәрбиеленушілеріне арнлаған технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
««Гүл салынған ваза» (заттық)»

Ересек «Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші: Бижанова.П.Г.

Тақырыбы: «Гүл салынған ваза» (заттық)

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Жапсыру.

Мақсаты: Қағазды қатпарлап екіге бүктеп түрлі гүлдердің бейнелерін қиюға үйрету.Гүлдерді жасағанда табиғаттың сұлулығын сезінуге қалыптастыру.Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдар: суреттер

Билингвальдық компоненті:


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең мотивациялық-қозғаушы

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қандай мереке жақындап келе жатыр?

Сендер мереке күндері аналарыңа не сыйлағыларың келеді?



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Мен анама гүл сыйлаймын, гүлдей әдемі болсын деп.

ІІ кезең проблемалық ізденушілік


Балалармен тақырыпқа сай әңгімелесу.

Гүлдер жайында сурет көрсетіп, түсініктерін дамыту.

Осы тақырып бойынша жапсыруда қолданып, үйрену.

Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.

Тәрбиешінің жасалу жолын түсіндіру – көрсету.

Балалардың өздік жұмыстары.

Сергіту сәтін орындату.

Қиналған балаларға көмек көрсету.



Балалар түрлі қию тәсілдерді қолданып, гүлдерді қиып,

қағаз бетіне жапсыру әдісін дұрыс жасауға талпынады.

Қайшының қауіпті екенін біліп, қолдану іскерлігін ескереді.


Балалар жұмысқа кіріседі.


Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Қиналған балалар көмек сұрайды.


ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.


Тәрбиеші әр баланың жасаған жұмысын қадағалап, баға беріп, қызығушылықтарын арттырады.


Балалар жұмысты таза, дұрыс, үлгі бойынша жасауға тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Балалар гүлдің жасалу жолдарын

Түсінеді: Балаларда шеберлік қасиетті

Қолданады:Ұқыпты, таза жапсыруды