СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғылыми жоба Лимонның пайдасы

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жоба Лимонның пайдасы

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жоба Лимонның пайдасы»

Тақырыбы:

«Лимонның пайдасы көп»











Секция: экология

Орындаған:



Жетекшісі:

















Мазмұны:

І. Кіріспе...........................................................

1.1 Лимонның құрамы....................................

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1 Лимон пайдасы................

2.2 Лимонның бет күтіміне пайдасы.........................

2.3 Лимон қандай ауруларға ем

ІІІ. Қорытынды............................

































































Кіріспе

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім.Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.

Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.



Зерттеу мәселесі.

Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар екенін , оларды қалай пайдалану жолын зерттеу.

Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Сүйелдер:

Екі лимонның ұсатылған қабығына 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашытыңыз. Сүзіңіз. Осы тұнбада суланған тампонды, күніне бірнеше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер:

100 г. бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер бар жерлерге 15-20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуға болады.

Гипотония:

Қан қысымыңыз төмен болса, климактериялық кезеңде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г., 0,5 кг. балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауруы:

Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.

Тістерді нығайту:

Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Қан кету

Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0,5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.

Аяқ сіңірінің тартылуы:

Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Тырнақтарды күту:

Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.

Құлақ ауырғанда:

2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.

Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Лимон – құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы, лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орынды алады. Бәріміз білеміз, лимон С дәруменіне бай, ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда, әртүрлі тыныс жолдарының ауруларында көп септігін тигізеді. Біле білсеңіз, 100 г лимонда 150 г С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 г С дәрумені қажет.

Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында , дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған. Ал, лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма, лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарылаған науқастарға, жүрек инфарктін, инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті, адамның көңіл-күйі болмаған кезде, тәбеті тартпай тұрса, 1 тілім лимонды шайға салып ішсеңіз болады. Ол әрі тіске пайдалы, әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып, тісіңізді шайсаңыз да болады.

Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамындағы жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің токсикоз кезінде пайдалы, сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бірақ, ескерте кету керек, лимон цитрустық жеміс болғандықтан, кейбір аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйелдерге қолданбағаны абзал, себебі оның құрамында қышқыл бар.

Лимонды шаймен бірге ішсеңіз пайдасы көп. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды, шлактарды шығарады және өзіңізді тыныштындырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертең тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз, сіз өзіңізді күні бойы сергек, әрі жеңіл сезініп жүресіз.

Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде лимонның түрі өте көп. Оның түрі көп болғанымен, барлығының тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек. Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі.

Бет терісі түріне қарай құрғақ, майлы, біріктірілген (комбинированный) және қалыпты болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге болады. Майлықтарды салыстыру барысында екі майлықта да май дағы байқалса, терінің түрі қалыпты саналады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары әзер байқалса, онда тері құрғақ болғаны. Немесе екі майлыққа да көп мөлшерде сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер қағаз майлықтың біріндегі май дағы екіншісінен көбірек болса, тері түрі біріктірілген болып табылады. Ендеше бетке косметика өнімдерін немесе маскаларды терінің ерекшелігіне сәйкес қолдану қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол.

Алмадан жасалған дәруменді маска. Үккіштен өткізіліп ұсақталған алманы бетке жағып, 20 минут ұстау қажет. Сосын салқын сумен жуып тастайсыз. Егер теріңіз құрғақ болса, алдын-ала крем жаққан жөн.

Тазартқыш маска. Алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның сарысын қосу керек. Масканы 20 минут бетте ұстап, сосын жылы сумен жуасыз.

Нәрлендіретін маска. Алма мен сәбізді үккіштен өткізесіз. Бетке жағып, 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.

Жұмсартатын маска. Алманың жартысын, асқабақтың аздаған бөлігін ұсатып, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық сүт пен аздаған лимон шырынын араластырып, дайын болған масканы 20 минут бетте ұстау қажет. Сосын жылы сумен шаю қажет.

Сергіткіш маска. Алманы үккіштен өткізіп, ыстық сүтке араластырыып, 30 минут бетін жауып қоясыз. Дайын болған соң бетке жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуасыз.

Барлық теріге арналған алма шырынынан жасалған маска. Алманы шырынсыққышпен немесе жіңішке үккіштен өткізіп, шырынын мақтаға немесе дәкеге сіңіріп, уақыт бетке қою керек. 20 минуттан соң салқын сумен жуу қажет.

Қысқа арналған маска. Сұлы ұнына үгілген алманың шырыны мен аздаған сүт қосып араластырасыз. Дайын болған қоспаны бетке жағып, 30 минуттен сон жылы сумен тазартасыз.

Жазға арналған маска. Үккіштен өткізілген алмаға 2 шай қасық бал қосып, араластырасыз. Дайын болған масканы 20 минут бетте ұстап, жылы сумен жуып тастау қажет.

Егер сіздің теріңіз майлы болса төмендегі маскаларды қолдануға болады.

Алма мен жұмыртқа маскасы. 1 алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағуызын қосып араластырып бетке қолданасыз. 15 минуттан соң жуып тастайсыз.

Егер тері қалыпты болса, бет күтіміне мына маскаларды қолдану пайдалы:

Ал құрғақ теріге арналған маскалар мыналар:

Жұмыртқа маскасы. 2 шай қасық жеміс шырыны (алма, лимон, грейпфрут), шикі жұмыртқаның сарысының жартысы, 2 шай қасық майлылығы 9% ірімшік, 1 шай қасық өсімдік майын мұқият араластыру керек. Дайын болған қоспаны 20 минут бетте ұстап, сосын жуып, крем жаққан дұрыс.

Бананнан жасалған маска. Бананның ¼ бөлігіне 1/2 қасық нәрлендіргіш крем, әрқайсысынан 3 тамшы лимон мен зәйтүн майын қосып араластырып, бетке жағасыз. 15 минуттан кейін жуу қажет. Қыс айларында бұл масканы қолданса, теріге пайдасы көп. Бананның жұмсағы теріні ылғалдандырады, ал құрамындағы бай А дәрумені құрғақ, тітіркенген тері үшін пайдалы.

Сонымен қатар бет терісі күтіміне лимоннан жасалған маскалар да пайдалы. Лимон В1, В2, D дәрумендеріне және аскорбин қышқылына бай. С дәрумені зат алмасуда маңызды рөл атқарып, барлық ағза жасушаларын қоректендіреді. Сондай-ақ лимон адам ағзасындағы көптеген ауруларға ем.

Құрғақ бет терісіне арналған лимоннан жасалған маска. 1 ас қасық қаймаққа әрқайсысынан 1 шай қасық бал, лимон шырыны және кастор майын қосып араластырып, қоспаны бетке таңертең жуынардан 5-7 минут бұрын жағу қажет, сонымен бірге тазартылған бетке кешке де қолдануға болады.

Майлы теріге арналған маска. Бұл үшін 1 жұмыртқаның ағуызын көпіршітіп, үстіне 1 шай қасық лимон шырынын қосу қажет. 5-7 минут сайын бірнеше мәрте жағып, масканы дымдалған мақтамен тазарту қажет.

Маскаларды қолдану нәтижесінде бет терісі үлбіреп, нәрленеді, егер маскаларды жақсы өз орнымен пайдаланып жүрсе беттің терісі нәзіктене түседі! Бұл маскалардың жасалу жолдарын жерден алдым! алайда, айран мен қатық жақсы көмектеседі, егер сіздің бетіңіз құрғақ болса!

ЛИМОН-

Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Лимон шырыныме*н сүрткен ода ағартқыш қателеспесем глицерин бар құрамында сондықтан ол ағартады және әдемі түс береді *бодрый**дейді қой свежый болып тұрады бірақ күнде сүрту зиян,себебі ол құрғактып жібереді!!!

Біздің ағзамыздың 70 пайызы сұйық заттардан тұратыны белгілі. Ағзадағы дұрыс тұз-су айналымы – мықты денсаулықтың кепілі. Ғалымдардың пайымынша, төмендегі сусындар адам ағзасындағы қартаю процесін тежеп, ағзаның иммуниетін арттырады. Лимон шырыны Бұл шырын сары ауру, жүректегі ауытқулар, өкпе ауруы, ревматизмге ем. Сондай-ақ, жаралардың да тез бітуіне көмегі бар. Лимон шырынын суға езіп, сәл-пәл қант пен бал қосып ішіңіз.

Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе-теңдікте болуына көп септігін тигізеді. Сондықтан лимон шырынын зерттеушілер емтихан тапсыруға бара жатқан студентке, маңызды кездесуге баратын жұмысшыларға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге шыққалы жатқан адамдарға және есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысын жақсарту үшін ішуге кеңес берді.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Суық тиюден болған ауруларды емдеуге де болады екен?.

Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп ауырғанда балды дәрі ретінде қолдана отырып, екі- үш күн үйде отыру керек.Себебі, бал қатты терлетеді.

2 литр лимон суынмен 40 тіс бөлініп езілген сарымсақ, қою түсті немесе cырты қағазбен қапталған банкаға салынып аузы мықтап бекітіледі. 25 күн бөлме температурасында сақталынады. Әр күні сарымсақтардың жақсы еруі үшін шайқап тұру керек. 25 күннен кейін күнде таңғы астан жарты сағат бұрын жарты немесе 1 стакан ішіліп отырылады. Қақпағын әрдайым жабық күйде ұстап, ішіне мүлдем су немесе шекер т.б қосылмауы тиіс. Тек ішер кезде ғана стаканға су қосуға болады. Мүмкін болғанша күнде бір уақытта іше отырып бітіру керек.

Барлық тамыр қабынулары жазылады, бітелген тамырлар ашылып, тамыр қатаюы мен гипертонияның алдын алады.

Холлестерин мен липидтің мөлшерін түсіреді, зиянды майлардың қорытылуын қамтамасыз етеді, салмақ қосады, тәбетті ашады, (бұл кезде диетаға назар аудару керек), шекер мөлшерін түсіреді және ұйқы безінің жаңалануын қаматамасыз етеді.

Бүйрек пен өт жолындағы тастарды жібітеді, кіші дәретті қозғайды, денедегі ісік пен күптікті қайтарады.

Асқазан және 12 елі ішек жарасына да ем.

Ревматизмнің қабынуын алдын алып ауруын басады, тұз жиналуының алдын алады және әр түрлі ауруларды тоқтатады.

Ми клеткаларымен бүкіл нерв жүйесінің жаңалануын қамтамасыз етеді, паралич және бас айналуға да пайдасы зор.

Дененің иммунитет жүйесін қуаттандырады және әр түрлі аллергияларды әсіресе тері аллергияларын түбірімен жояды және адам ағзасын қатерлі ісіктен қорғайды.



Мұны алғаш рет Орыс дәрігерлері тауып, қолдануын бастаған. Қазір АҚШ-та да қолдануы жүзеге асырылуда. Медицинада үлкен төңкеріс жасайтыны айтылып жатқан сарымсақпен лимон суының араласуынан пайда болған бұл қоспаның химиялық құрамы анықталуда.

Лимонның пайдасы...Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Оның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады. Егер басыңыз ауырып тұрса, онда ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.Сығылған лимонды тастай салмаңыз, оны пайдаға асыруға әбден болады. Жатар алдында екі қолыңызды лимон қабығымен ысқыласаңыз, терісі жұмсарады. Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.



Қорытынды:

Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!