Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдардың басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web- тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалықтың көпшілігі пайдалатындай түрде интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
Просмотр содержимого документа
«HTML. Тeгтер, атрибуттар, мəтінді пішімдеу, тізімдер»