Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.7.1 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.1.8.1 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.1.9.1Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Шаян-рак |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 8 минут | №1Таныстырылым.Флипчарт      №2 Көп нүктелердің орнына а,я дыбыстардың тиістісін қойып жаз.  | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут | №3 Жазылым.  №4 Суреттердің аттарын жазып шық. | Жұмыс дәптері Үлестермелер |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? Кері байланыс: Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс) Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс) Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс) | Смайликтер |