Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 8.1.5.1-Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау |
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру. Өткенге қысқаша шолу. Талдауға арналған сұрақтар: Оқушылармен бірге графикалық құжаттарды естеріңізге түсіріңіздер. Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады? Нобай, сызба, техникалық сурет дегеніміз не? Технологиялық карта не үшін керек? Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ. Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа сай бейнебаян (жиналмалы қазақша үстел) көрсетіп алғанымыз жөн. Бүгінгі сабақта біз қазақтың дөңгелек үстелін дайындауға қажетті нобайлар мен техникалық құжаттар дайындайтын боламыз. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | жиналмалы қазақша үстел https://www.youtube.com/watch?v=0OdmYjMeCLo Оқушыларды топқа бөлуге арналған карточкалар |
Ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру Оқушыларға тақтада дөңнелек үстелдің жасалу жолдарының сызбалары мен түрлерінің суреттерін көрсетемін. Сол суреттерге қарай отырып, сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін, қажет жағдайда толықтырып отырамын. Тапсырма №1. Топтық жұмыс. Сыныпты топқа бөлу.Оқушылар топта қазақтың дөңгелек үстелінің жасалуын талқылайды. Үстел қандай формада болады? Үстелдің үстіңгі тақтайы және аяқтары қандай материадан жасалады? Үстіңгі бетінің диаметр өлшемі қандай болады? Үстелдің биіктігі қандай болады? Үстел бүтін, құрастырмалы немесе жиналмалы болады ма? Үстел үсті бетінің безендіруін анықтайды. Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады. Тапсырма №2. Топтық жұмыс. Қазақтың ұлттық ою- өрнектерін қолданып, үстелдің нобайын және дайындауға арналған технологиялық құжатты (материалдарды өңдеуге арналған құрал- жабдықтар сиппатамасы және орындалу кезеңдері, сызбалар мен сұлбалар жазылған) орындаңыздар. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | Дискриптор - Бұйым дайындауға арналған тапсырмаларды тиімді орындайды. Жоба жұмыстарының нобайы мен техникалық құжаттарын дайындауда креативті идеялар ұсынады | Презентация Жиналмалы домалақ шəй стол https://www.youtube.com/watch?v=NttVtp-ABL8 Альбомдар, жұмыс дәптері, көркем материалдар және акварель немесе графикаға арналған таңдау бойынша құралдар. |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады. | 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек? 1: 2: |