Сабактың тақырыбы: Екілік сандарға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екілік жүйеде орындалатын арифметикалық амалдарды үйрету, информатика пәнінің мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесі жайындағы ой-өрістерін дамыту және жылдам есептеуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
II.Жаңа сабақты баяндау
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы – санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Просмотр содержимого документа
«Екілік сандарға амалдар қолдану.»
Сынып: 8
Сабактың тақырыбы: Екілік сандарға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екілік жүйеде орындалатын арифметикалық амалдарды үйрету, информатика пәнінің мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесі жайындағы ой-өрістерін дамыту және жылдам есептеуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
II.Жаңа сабақты баяндау
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы – санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу. Қосу амалын карастырайық. Екілік санды қосу тасымалдау арқылы сәйкес разрядтарды қосуға әкеледі.Екі екілік санды қосу кезінде мынадай төрт ереже қолданылады:
Мысалы,
101
+ 011
1000 алынады.
Сонымен, 10002=810.
Қосу – екілік арифметикадағы маңызды амал. Компьютердегі екілік сандармен жүзеге асатын басқа үш амал – азайту, көбейту, бөлу әдетте қосудың көмегімен орындалады.
Азайту. Екілік санды азайту кезінде:Мысалы, 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанмен орындаймыз:1010
– 101 Азайту процесін кезеңімен қарастырайық:
1) Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1.
2) Келесі разрядта 0- 0= 0 болады.
3) Сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разрядтан 1-ді аламыз және 10-1=1
4) Келесі разрядта 0 қалады.
5) Нәтижеде: 1010
– 101
101 алынады.
Көбейту. Екілік сандарды көбейткенде мыналарды есте сақтау керек:
101 Тексеру: 1012=1*22+0*21+1*20=510
110 1102=1*22+1*21+0*20=610
000
101 Ж/бы: 111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=3010
101
11110
Бөлу. Екілік санау жүйесінде бөлу – ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана қалады.
Мысал. 30 санын 5 санына бөлейік. Ол үшін 3010 санын екілікке 111102-ге ауыстырайық.
510=101-ге сатылап бөлуді орындайық.
11110 101
101 11 1102= 610 нәтижесін алдық.
101
0
ІІІ.Практикалық жұмыс
ІV. Сабақты қорытындылау: Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдардың қызметін, яғни қолданылуын қарастырдық. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.
V.Үйге тапсырма: 24-27бет.
VІ.Бағалау