Дайындық бөлімі 1.Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру, түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру; 2. Жүру үстінде орындалатын жаттығулар: а) қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен жүру; ә) қолды белге таянып, өкшемен жүру. 3. Жүгіру үстіндегі жаттығулар: а) тізені жоғары сермей жүгіру; ә) аяқты артқа сермей жүгіру; б) аяқты алға сермей жүгіру; в) оң және сол жанымен секіру; г) жартылай отырып жүру; д) жартылай отырып секіру; е) дем басу. 4. Бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар: а) денені түзу ұстаймыз, қол белде аяқты иық көлемінде бірдей алшақ қоямыз, санақ бойынша 1-4 оңға,1-4 солға басты айналдыру; ә) оң қол жоғарыда, сол қол төменде, санақ бойынша 1-2 қолды артқа жазамыз, 3-4 ауыстырамыз; б) денені тік ұстап қолды алдыға созып қайшылаймыз; в) оң қолды жоғары көтереміз сол қол белде екі жаққа иілеміз; г) қолды белге қойып, оңға 2 рет солға 2 рет белді айналдырамыз; д) қолды тізеге қойып, тізе буынын ішке қарай 2 рет сыртқа қарай 2 рет айналдырамыз; е) қолды алдыға созып оң аяққа және сол аяққа отыру жаттығулары; ж) орнымызда тұрып терең демаламыз. |