СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы
Қимылды ойындар жинағы
«Дені саудың,жаны сау»
2018 жыл
Қимылды ойындар жинағында 4-5 жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту.Мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып балалардың ойлау мен даму қабілетін анықтауға арналған сюжетті-рөлдік, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар ұсынылады.
Түсінік хат
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті-рөлдіr, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар жинағын ұсынамыз.
Ойын жинағының мақсаты:Балалардың ой-өрісін,тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін ояту, қырағылығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып, сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Қимылды ойындар
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Бала ойынмен өседі. Ойынсыз бала қалыпты дамымайтыны белгілі. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар баланы жан-жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жеткізеді. Сол себептен тәрбиешінің басшылығы мына жағдайларды бекітуге тиіс деп есептейміз:
Ойын тек қызықты әрекет қана емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге де мүмкіндік береді. Олай болса, қимылды ойындарды үйретіп, оның мазмұны мен маңызының бала өміріне қаншалықты қажет екенін ұмытпай, балалардың қызығушылығын арттырып отыру керек. Бала ойынының тәрбиелік мәні зор.
Қимылды ойындар негізінде балаларды тапқырлыққа, ептілік пен төзімділікке, күштілікке, жақсы мінез-құлыққа, көпшілікпен санаса білу сияқты жақсы қасиеттер қалыптасады. Ойын үстінде баланың қиялы, ойлауы, қабылдауы, зейіні, ес сияқты психикалық үрдістері белгілі деңгейде дамиды. Сөйтіп, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда мінез-құлық ережелерін сақтауға, орындауға үйренеді.
:
Қимылды ойындардың пайда болу тарихы
Қимылды ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушы балалар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
"Ақ серек, көк серек "
Ойын мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.
Ойын шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.
- Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?
Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
« Аю мен аралар »
Ойын мақсаты: Ойын сөздерін айта отырып,кейіпкерлерді нақ көрсете білу.
Ойын құралдары: Аю мен аралардың маскалары,бүлдірген муляждары.
Ойын шарты: Аю болып киінген бала немесе тәрбиеші орындықта отырады(орманында). Ал аралар болып киінген барлық балалар орманға бүлдірген теруге барады.
Қимылдармен көрсетіп,мынадай сөздерді айтады:
Орманында аюдың,
Бүлдіргені көп екен, (екі қолды жайып көрсетеді)
Теріп-теріп алайық, (тереді)
Қалтамызға салайық! (салады)
Аю шықты апаннан (шығады)
Бол тезірек қашайық ! (балалар қашады)
Соңғы жол сөздерін айтқанда аю тұрып балаларды қуып, ұстайды.
Осылай ойын 2-3 ойнатылады.
"Ақсүйек"
Ойын мақсаты: Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.
Ойын шарты: Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге тез әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады.
« Сорпа пісіреміз »
Ойын мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.
Ойын құралдары: Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.
Ойын шарты: Жүргізуші: Балалар,сендер көрдіңдер ме қазанда су қалай қайнайды? Көкөністер піскенде суда қалай жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз. Қайсы көкөністі атайды,сол қазанға түседі де қазанның ішінде жүзіп, жүгіріп жүреді, бір-бірін соқпайды.
Балалар шеңбер құрып тұрады, әрқайсысында көкөністен.
Анамның қазанында су қайнайды
Барлық көкөністер онда секірді.
Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға бар
Ана сорпасын пісіреді.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
"Қаршыға мен қарлығыш"
Ойын мақсаты: Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бұл ойынға қанша бала болса да, қатыса беруге болады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршығалар" да, екінші қатарындағылар "Қарлығаштар" болады.
Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен "қар..." дейді де, содан соң қалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті - қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңеді.
"Белбеу соқ"
Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке баулу.
Ойын құралдары: белбеу
Ойын шарты: Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ширатылған шүберек белбеуді бірі қолына алып айналады да, біреудің артына білдіртпей тастап кетеді. Ол айналып келгенде артында қалған белбеуді отырған адам байқамаса, әлі тастаған адам белбеуді алып оны қуады, ұрады. Егер қолма - қол білсе, ол белбеуді тастағанды, қашан өз орнына жеткенше пергілейді. Ойындағы бір шарт: отырғандар артына қарамайды. Тек қағілездікпен ғана белбеуді білуі керек.
"Сақина тастамақ"
Ойын мақсаты: Ойын шартын дұрыс қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Ойын құралдары: сақина
Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп, екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай, көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше, көршісі оны ұстай алмаса, өзі жазықты болады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, күй, би немесе басқа бір білетін өнерін көрсетеді. Содан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.
"Арқан түю"
Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұжымдыққа баулу.
Ойын құралдары: арқан
Ойын шарты: Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: "Ойынды бастадым!" - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрі жалғаса береді.
"Кім жылдам?"
Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.
Ойын құралдары: белбеу
Ойын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да "бір, екі, үш" деп санайды. "Үш" деген де кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.
"Көген тартыс"
Ойын мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынастарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Ойын құралдары: арқан, бор
Ойын шарты: Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40-50 см сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
"Дауыста, атыңды айтам"
Ойын мақсаты: Балаларды дауыс ырғағын өзгерте білуге үйрету, есту , қабылдау қабілеттерін дамыту.
Ойын құралдары: орамал, таяқ
Ойын шарты: Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы 1-1,5 метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып, бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне қарсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да "дауыста, атыңды айтам" дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағыкөзі байланған ойыншының таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, көзі шешіліп, сол ортада тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді.
"Тауқырайдан"
Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, аңғарымпаздылыққа баулу.
Ойын құралдары: тақия
Ойын шарты: Ойнаушылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушыдан басқаның бәрі жалаңбас болуы керек. Ол: "Тауқырайдан-тауқырайдан" деп, қайталап айта береді де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көршісі де сол сөзді қайталап, оң жақтағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мәзетте ойын бастаушы көзін жұмып отырады да: "Тау-тау" деп, басын өз қолымен баса қояды.
Тақия кімнің басында қалса, соған айып салады. Ән, тақпақ айтқызады, не би билетеді.
"Теңге алу"
Ойын мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.
Ойын құралдары: теңге, ағаш ат
Ойын шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай (15-20 см) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша, шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
"Итеріспек"
Ойын мақсаты: Балаларды дене бітімін ұстай білуге үйрету, жеңімпаздыққа баулу.
Ойын құралдары: бор
Ойын шарты: Ойын көгалда, кең жерде өт
|

Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық, жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық қарым-қатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
Қимылды ойындар
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Бала ойынмен өседі. Ойынсыз бала қалыпты дамымайтыны белгілі. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар баланы жан-жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жеткізеді. Сол себептен тәрбиешінің басшылығы мына жағдайларды бекітуге тиіс деп есептейміз:
Тәрбиеші балалардың өз шығармашылығымен ойнау белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
Ойын шарты мен ұжымдық талаптарды орындауда балалардың мүмкіндіктері мен тәртібін реттеп жетілдіру керек.
Балалардың өз беттерімен ойынын ұйымдастыруы неғұрлым жоғары болғанда, тәрбиешінің ойынға қатысуының соғұрлым аз болғаны абзал.
Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте қажетіне қарай пайдалану үшін дағды ретінде қарастыруы тиіс.
Қимылды ойындарды ұйымдастырғанда тәрбиеші балалардың тұрақты тәртіп жүйесін қалыптастыруы қажет.
Ойын шартына сәйкес қажетті атрибуттар мен құралдарды балалардың ойындарында өздіктерінен пайдалана білуіне қол жеткізу.
Ойын шартын немесе оның атын баланың өз шығармашылығымен дамытып ойнауына жағдай туғызу, рөлдерді өз қалауларымен таңдауға мүмкіндіктер жасау.
Ойын тек қызықты әрекет қана емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге де мүмкіндік береді. Олай болса, қимылды ойындарды үйретіп, оның мазмұны мен маңызының бала өміріне қаншалықты қажет екенін ұмытпай, балалардың қызығушылығын арттырып отыру керек. Бала ойынының тәрбиелік мәні зор.
Қимылды ойындар негізінде балаларды тапқырлыққа, ептілік пен төзімділікке, күштілікке, жақсы мінез-құлыққа, көпшілікпен санаса білу сияқты жақсы қасиеттер қалыптасады. Ойын үстінде баланың қиялы, ойлауы, қабылдауы, зейіні, ес сияқты психикалық үрдістері белгілі деңгейде дамиды. Сөйтіп, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда мінез-құлық ережелерін сақтауға, орындауға үйренеді.
:
Қимылды ойындардың пайда болу тарихы
Қимылды ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушы балалар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
"Ақ серек, көк серек "
Ойын мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.
Ойын шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.
- Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?
Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
« Аю мен аралар »
Ойын мақсаты: Ойын сөздерін айта отырып,кейіпкерлерді нақ көрсете білу.
Ойын құралдары: Аю мен аралардың маскалары,бүлдірген муляждары.
Ойын шарты: Аю болып киінген бала немесе тәрбиеші орындықта отырады(орманында). Ал аралар болып киінген барлық балалар орманға бүлдірген теруге барады.
Қимылдармен көрсетіп,мынадай сөздерді айтады:
Орманында аюдың,
Бүлдіргені көп екен, (екі қолды жайып көрсетеді)
Теріп-теріп алайық, (тереді)
Қалтамызға салайық! (салады)
Аю шықты апаннан (шығады)
Бол тезірек қашайық ! (балалар қашады)
Соңғы жол сөздерін айтқанда аю тұрып балаларды қуып, ұстайды.
Осылай ойын 2-3 ойнатылады.
"Ақсүйек"
Ойын мақсаты: Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.
Ойын шарты: Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге тез әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады.
« Сорпа пісіреміз »
Ойын мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.
Ойын құралдары: Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.
Ойын шарты: Жүргізуші: Балалар,сендер көрдіңдер ме қазанда су қалай қайнайды? Көкөністер піскенде суда қалай жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз. Қайсы көкөністі атайды,сол қазанға түседі де қазанның ішінде жүзіп, жүгіріп жүреді, бір-бірін соқпайды.
Балалар шеңбер құрып тұрады, әрқайсысында көкөністен.
Анамның қазанында су қайнайды
Барлық көкөністер онда секірді.
Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға бар
Ана сорпасын пісіреді.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
"Қаршыға мен қарлығыш"
Ойын мақсаты: Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Бұл ойынға қанша бала болса да, қатыса беруге болады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршығалар" да, екінші қатарындағылар "Қарлығаштар" болады.
Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен "қар..." дейді де, содан соң қалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті - қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңеді.
"Белбеу соқ"
Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке баулу.
Ойын құралдары: белбеу
Ойын шарты: Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ширатылған шүберек белбеуді бірі қолына алып айналады да, біреудің артына білдіртпей тастап кетеді. Ол айналып келгенде артында қалған белбеуді отырған адам байқамаса, әлі тастаған адам белбеуді алып оны қуады, ұрады. Егер қолма - қол білсе, ол белбеуді тастағанды, қашан өз орнына жеткенше пергілейді. Ойындағы бір шарт: отырғандар артына қарамайды. Тек қағілездікпен ғана белбеуді білуі керек.
"Сақина тастамақ"
Ойын мақсаты: Ойын шартын дұрыс қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Ойын құралдары: сақина
Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп, екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай, көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше, көршісі оны ұстай алмаса, өзі жазықты болады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, күй, би немесе басқа бір білетін өнерін көрсетеді. Содан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.
"Арқан түю"
Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұжымдыққа баулу.
Ойын құралдары: арқан
Ойын шарты: Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: "Ойынды бастадым!" - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрі жалғаса береді.
"Кім жылдам?"
Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.
Ойын құралдары: белбеу
Ойын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да "бір, екі, үш" деп санайды. "Үш" деген де кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.
"Көген тартыс"
Ойын мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынастарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Ойын құралдары: арқан, бор
Ойын шарты: Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40-50 см сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
"Дауыста, атыңды айтам"
Ойын мақсаты: Балаларды дауыс ырғағын өзгерте білуге үйрету, есту , қабылдау қабілеттерін дамыту.
Ойын құралдары: орамал, таяқ
Ойын шарты: Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы 1-1,5 метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып, бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне қарсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да "дауыста, атыңды айтам" дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағыкөзі байланған ойыншының таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, көзі шешіліп, сол ортада тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді.
"Тауқырайдан"
Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, аңғарымпаздылыққа баулу.
Ойын құралдары: тақия
Ойын шарты: Ойнаушылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушыдан басқаның бәрі жалаңбас болуы керек. Ол: "Тауқырайдан-тауқырайдан" деп, қайталап айта береді де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көршісі де сол сөзді қайталап, оң жақтағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мәзетте ойын бастаушы көзін жұмып отырады да: "Тау-тау" деп, басын өз қолымен баса қояды.
Тақия кімнің басында қалса, соған айып салады. Ән, тақпақ айтқызады, не би билетеді.
"Теңге алу"
Ойын мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.
Ойын құралдары: теңге, ағаш ат
Ойын шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай (15-20 см) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша, шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
"Итеріспек"
Ойын мақсаты: Балаларды дене бітімін ұстай білуге үйрету, жеңімпаздыққа баулу.
Ойын құралдары: бор
Ойын шарты: Ойын көгалда, кең жерде өткізіледі. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Ойнаушылар жиналып болғаннан кейін, үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Егер бір аяқпен секіріп жүріп, екі ойыншының біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен, қарсыласын шеңберден итеріп шығарса - жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса - жеңілгені. Ойын жалғаса береді.
«Бауырсақ»
Ойын мақсаты: Балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.
Ойын құралдары: Бауырсақ пен түлкінің маскалары
Ойын барысы: Балалар маскаларды киіп, ойынға қатысады. Бауырсақ болып ойнайтын балалар түлкіден қашып құтылу керек. Егер ұсталса, онда түлкі болады. Автордың ролін ересек адам ойнайды: -Мен бауырсақпын, бауырсақпын!
«Шалқан» ойыны.
Ойын мақсаты: Балалармен ойын арқылы ертегі мазмұның қайталай отырып, есте сақтау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын құралдары: Маскалар.
Ойын барысы: Балалар бір-бірінің белінен ұстап, еденде теңселіп отырады. Бұл-«шалқан». Жүргізуші-«Атай» «шалқанның» алдында тұрады. Жүргізуші айналып жүріп, өлең айтады: -Шалқаным, шалқаным!
Егілген,қоршалған!
Кім сені екті,
Кім сені суарды?
Балалар: -Бізді атай өсірді,
Бізді атай суарды.
Сол кезде жүргізуші 1-ші баланы қолынан ұстап тартады. Кімді тартып алады, сол жүргізушінің артына тұрады. Ойын әрі қарай жалғасады.
Осылай ойын 2-3 ойнатылады.
Ойын құралдары: қасқырдың маскасы.
Ойын барысы: Ойыншылардың ішінде қасқыр,бақташы тандап алынады.Басқа балалар қаздар болады.Ортада бір сызық болады.Ол қаздардың тұратың жері.Қасына шығыршық қойылады.Ол қасқырдын үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.
БАҚТАШЫ: - Қаздар! Қаздар!
ҚАЗДАР: - Қаңқ, қаңқ, қаңқ.
БАҚТАШЫ: - Тамақ жейсіндер ме?
ҚАЗДАР: - Иә,иә,иә.
БАҚТАШЫ: - Ендеше ұшындар!
ҚАЗДАР: - Жоқ,аш қасқыр бар
- Жібермейді ол жолда.
БАҚТАШЫ: - Тез! Ұшындар қалайда!
Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып,бақташыға қарай жүгіреді.Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып,басқа балаларға кезек береді.
Ойын мақсаты: Балалардың шапшандылығын дамыту, ептілікке тәрбиелеу, балалардың үйлесімді қимыл-әрекеттерін, жылдамдық сияқты қасиеттерін жетілдіру.
Ойын барысы: Балалар тендей екі топқа бөлінеді.Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап,қол ұстасып тұрады.
Бірінші топ: Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдын жүзі дөнгелек.
Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақ терек,көк терек,
Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.
Екінші топ: Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі доңгелек.
Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақ терек,көк терек, Анау тұрған ... .(бір баланын аты) керек! – деп хормен жауап береді. Аты аталған бала жүгірген күйін барып, қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Егер үзіп өтсе,сол балалардың бірін өзімен бірге алып қайтады, үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, осы топ жеңімпаз болып есептеледі.
«Ормандағы аю»
Ойын мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, ойын тәртібін сақтай отырып ойнауға, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Ойын құралдары: аюдың маскасы
Ойын шарты: Алдымен ойын алаңы белгіленеді. Санамақ бойынша аю болған бала «орманда» тұрады. Қалғандары онда саңырауқұлақ, жеміс-жидек теру үшін келе жатыр және жол-жөнекей былай деп ән шырқайды:
Қарағайлы орманның
Аюы ұйықтап жатқанда,
Саңырауқұлақ, жидегін
Тереміз түспей «қақпанға»-
Ұйықтай бер, маубас маймағым,
Мүлгіген күйі орныңда.
Орманның ішін аралап,
Жасаймыз мұнда той-думан.
Ойыншылар соңғы сөздерін айтқан уақытта ұйықтап жатқан аю ары-бері дөңбекшіп, керіле бастайды және апанынан ерініп зорға шығады. Бірақ ол күтпеген жерден ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін ұстап алуға күш салады. Ал ұсталған бала аю болып, ойынды жалғастырады.
"Ақ қоян"
Ойын мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Ойын құралдары: қоянның маскасы
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада "қоян" болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп, тақпақ айтады:
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Орныңнан тұршы,
Бетіңді жушы,
Шашыңды тарашы,
Әй-әй көйлек киші,
Біреудің қолын үзші, -
дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі, оң жақтағы бала "қоян" болады.
"Кім епті?"
Ойын мақсаты: Балаларды ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.
Ойын құралдары: Ең алдымен ұзындығы 5-6 метрге жететін жіп қажет. Оның екі ұшына жіңішке таяқ байлау. Таяқтың ұзындығы шамамен 25-30 см. болу қажет. Жіптің ортасын белгілеп алу, сол жерге басқа түсті жіп байлап қою.
Ойын барысы: Ортаға екі адам шығады да бір-бірінен алшақ тұрып жіпті орауы тиіс. Кімде-кім жіпті тез ораса, сол жеңімпаз болып есептеледі. Жеңген адамның орнына басқа ойыншы шығып ойынды жалғастырады. Кейбір екі жеңімпазды кездестірсе де болады.
"Орныңды тап"
Ойын мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту, достыққа, ұжымдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ойын барысы: Бұл ойынға ойнағысы келгендердің бәрі қатынаса алады. Жүргізуші ойнаушыларды жұп-жұбымен шеңбер бойына тұрғызады. Әрбір жұптың ара қашықтығы 2-3 адым. Жүргізуші жұбы жоқ, артық қалған ойыншыны қуа жөнеледі. Артық қалған ойыншы кез-келген жұптың біреуінің алдына тұра қалады да, үшінші артық қалған адам жүгіре жөнеледі. Осылай ойын жалғаса береді.
"Хан " ойыны
Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын кезінде бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыру
Ойын құралдары: асыктар, «Хан»- үлкен асық
Ойын барысы: Асық ортаға шашылады. Ішінен екі сақа екі жақтың ханы делінеді. Асық шашылған соң екі жақ өз ханымен шашылған асықтарды атады. "Хан" тиген асық басқа біріне тиіп кетсе атқан жақ ұтылып, кезекті қарсыласына береді. Сонан соң ол асықты өзі шашып, атуды өзі бастайды. Бұл атыс қайта-қайта қайталанып ақырында біреу ұтып хан болады. Ұтыс асықты кімнің көп алғанына байланысты. Өйткені, асықты аз алған жақтың ханы әскерінен айырылды ғой.
"Үш орындық"
Ойын мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Ойын құралдары: орындықтар
Ойын шарты: Ойын кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы "Отырыңдар" деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отыра қалады. Ал орындыққа отырып үлгіре алмағандар ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң, ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады.
"Қара құлақ"
Ойын мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.
Ойын шарты: Ойынға 5 - 10 бала қатысады. Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан "Қара құлақ" атап бірбаланы қазық етіп, арнайы белгілейді. Қазық жатқан жерінен қозғалмай жата береді. Басқалары ары таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатысушылар қазық - ойыншыны алыстан қоршап, бірте - бірте жақындай түседі. Таяп кеп:
- Мына жатқан кім? - деп, шошынғандай бірінен - бірі сұрасады. Біреуі:
- Ойбай - ау, бұл "қара құлақ" қой, - деп, тұра қашады.
Басқа ойыншылар да:
- Қара құлақ, қара құлақ, - деп, жан - жаққа қаша жөнеледі. "Қара құлақ" тұра қуады. Қолға түскен бала "Қара құлақ" болады. Ойын қайта басталып, сол ретпен жалғасын табады.
"Соқыр теке"
Ойын мақсаты: Балалардың тілін дамыту, ойын шартын бұзбай ойнауға тәрбиелеу.
Ойын құралдары: орамал
Ойын шарты:
Бұзау, Бота, Қозы, Лақ,
Тоқты, Серке, Құлыншақ,
Торпақ, Тана, Тай, Тайлақ,
Құнан, Дөнен, Бесті бар -
Бәрін біліп, естіп ал!
Сүзегенсің, тентек Теке аппақ,
Ізде оларды, ұста оларды, бақ-бақ!
Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы тұрғандардың әрқайсысын жеке-жеке мал атымен атап шығады. Ең соңғы аты аталған бала "Соқыр теке" болады.
Далада ойналғанда жерге шеңбер сызылады. Ойын басқарушы ортаға көзі орамалмен таңылған "Соқыр текені" шығарады. Содан кейін балалар:
Соқыр теке, бақ-бақ,
Қайдан бізді таппақ?!- деген өлеңді барлығы қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған "Соқыр теке" балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. "Соқыр теке" ұстаған бала оның орнына тұрады, ойын әрі қарай жалғаса береді.
"Жігіттер жарысы"
Ойын мақсаты: Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.
Ойын құралдары: әдемі өрнектелген орамал, барабан
Ойын шарты: Бұл ойынға бірыңғай ұлдарды қатыстыру керек. Ортаға әдемі өрнектелген орамал қойылады. Жүргізуші барабанның дауысымен балалардың жеңіл жүгіруін қадағалайды. Барабан дауысы тоқтаған кезде біреуі дереу орамалды басына көтеріп алуы керек. Кім бірінші көтерсе, сол жеңіске жетеді.
«Өртті сөндіру»
Мақсаты: Икемділіктерін дамытып, кеңістікті бағдарлай білуге үйретіп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Су құйылған шелек, қызыл түсті кішкентай кемелер, майонездің бос шелегі, тазик.
Ойын барысы:
Белгілі бір ара қашықтықта балалар сапқа тұрады
Шелекке су толтырады
Су толтырылған шелекті бір-біріне береді
Өрттерді сөндіреді
Өшіріп су құйған бала бөгеттерден өтіп саптың басына барып тұрады.
«Секіртпелі жолдар»
Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.
Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады
«Торайды тамақтандыр»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, дәл тигізуге дағдыландыру.
Ойын барысы:
Белгілі бір кедергілерден өтіп
Тунельден тізерлеп өту.
Секіртпеден секіріп өту.
Шелектен доп алып торайдың аузына көздеп лақтыру .
«Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.
«Сылдырмақпен сылдырлат»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты:5-6 балалар алаңның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар (балалардың санына сай) жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады.
Ұсыныс: ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./
«Тығылмақ»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа,ептілікке, бірлікке тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Тәрбиеші санамақ арқылы жүргізуші сайлап алады. Жүргізуші тәрбиешінің қасында немесе белгіленген жерде көзін жұмып тұрады, ал басқа балалар тығылады
«Қояндар мен қасқыр»
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру.
Шарты: Бір бала қасқыр болады, ал қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші:
- Секеңдеңдер қояндар,
Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде, қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады.
Ойын 2-3 рет ойналады.
«Қаздар мен түлкі»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болуын қадағалау.Балалардың ойынға деген қызығушылықтарн арттыру.
Шарты: Қаздар алаңның бір жағында жүреді. Ал алаңның екінші жағында балалар орындықта тұрады. Алаңға қарама қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан. Қаздар жайылып қанаттарын қағып жүреді, тәрбиешінің белгісімен түлкі келді деген кезде қаздар ұша жөнеледі, үйлеріне барып қонады. Түлкі қаздарды қуа жөнеледі, ұстаған қаздарды ініне апарады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
« Сұр қоян жуынады»
Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады.
Балалар: Қоян, қоян тұршы,
Беті, қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Енді бізді қушы.
Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі.
Ойын 4-5 рет қайталанады.
«Қойлар мен қойшы»
Мақсаты: Балаларды бірлікке, татулыққа, ептілікке тәрбиееу. Тәрбиешінің берген белгісіне көңіл аудара білуге үйрету.
Шарты: Қойшы сайланып алады. Қалған балалар қойлар болады. Қойшының құралдарын береді. Қойлар алыста жайылып жүреді, қойшы алыстан бақылап тұрады.
Тәрбиеші: Қойшы шықты ертемен,
Қойларын бағып далаға.
Қойлар маңырайды,
Сонан соң жамырайды, - деген кезде қойлар жан-жаққа жамырайды. Ал қойшы оларды жинақтап қораға әкеліп қамайды. Басқа қойшыны сайлайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
«Ұшатын құстар»
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын салыстыра білуге үйрету және қырағылыққа тәрбиелеу, құстар сияқты ұша білу қабілеттерін бақылау, тәрбиешінің берген белгісін тиянақты тыңдай білуге үйрету.
Шарты: Алаңның бір жағында құстар ұшып жүреді. Тәрбиеші құстар ұшты дегенде, қанаттарын желпіп алаңда құстар ұшады. Тәрбиеші дауыл соқты дегенде құстар ұшып барып қабырғадағы сатыларға шығып алады, ал тәрбиеші дауыл басылды дегенде сатыдан түседі де ұшуларын жалғастырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
«Мысықтар мен балалар»
Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады.
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
«Лақтыр да, қағып ал»
Мақсаты: Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету.
Шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,- деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды.
«Кеглиді көзде»
Мақсаты: Балаларды мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету.
Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады.
«Допты тордан лақтыр»
Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.
Шарты: Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады.Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек.Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады.Қай топта доп көп жерге түсе сол топ жеңіледі.
«Доптар мектебі»
Мақсаты: Доппен ойнаудың тұрлерін үйрету,екі қолмен қағып алу,қабырғаға үру, жерге ұрып қағып алу сияқты т.б.түрлерін ойнай білу.Ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: Балалар тәрбиешінің көрсеткен жаттығуларын орындайды.
1. Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу.
2. Допты жерге соғып екі қолмен ұстап алу.
3. Допты жерге соғып шапалақты соғып екі қолмен ұстап алу.
4. Қабырғаға допты соғып екі қолмен қағып алу.
5. Допты қабырғаға соғып ұстап алып,жерге соғып қағып алу.
«Дөңгелекті лақтыру»
Мақсаты: Балаларды белгіленген бағыты көздей білуге,ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.
Шарты: Ойын дөңгелектерді көздеп лақтырудан түрады,дөңгелектің диаметрі 15-20см. Ал таяқшаның ұзындығы 30-40см.
Балалар қатарға тұрып 1,5-2метр ара қашықтықта дөңгелектерді таяқшаға дәлдеп лақтырып кіргізу керек.Балалар ойынды бірін кейін бірі жалғастырып ойнай береді.
«Қайда жасырылғанын тап»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу
Шарты: Балалар бөлменің бұрышында тұрады.
Тәрбиеші жалаушаны тығатынын айтады. Балалар теріс қарап көзін жұмады,тәрбиеші жалаушаны тығып қояды да «болды»,деген де балалар жалаушаны іздейді.Тапқан бала жалаушаны тығады.Ойын 2-3 рет қайталанады.
«Ұстап ал»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Шарты: Балалар алаңда тұрады. Тағайындап алынған ұстағыш-бала ортада тұрады. «1-2-3, ұстап ал!»- деген белгі бойынша, балалар ұстағыштан қаша жөнеледі, ұстағыш болса біреуін ұстап, қолын тигізеді. Кімді ұстайды, сол аланның шетіне барады.
Ұсыныс:ойынның басқа түрлерін пайдалануға болады: «Қуып жет те, ұстап ал», «Ұстап ал, шеңберде» т.б.
«Тап та, үндеме»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа тәрбиелеу,бірлікке,татулыққа ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.
Ойын шарты: Балалар алаңның шетінде тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады тәрбиешігің берген белгісімен олар қабырғаға бұрылып тері қарап тұрады, Бұл уақытта тәрбиеші орамалды жасырады. Содан кейін балалар көздерін ашып,орамалды іздеуге кіріседі. Тапқан бала білдірмей тәрбиешінің құлағына келіп орамалды көргенін айтады да,орнына келіп отырады. Осылайша барлық балалар орамалды тапқанша ойын жалғаса береді.
Ойын3-4 рет қайталанады.
«Кім кетті?»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттырып,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңберге немесе жарты шеңберге тұрады.Тәрбиеші балаларға қасындағы баланы дұрыс есте сақтау керектігін түсіндіреді,содан кейін сол баланың көзін байлап қояды. Балалардың біреуі тығылып қалады.Тәрбиеші баладан кім жоқ екенін сұрайды. Егер бала тапса,сол баланың көзін жұмады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Кішкене өзен арқылы. Күн мен жаңбыр. Күн шұғыласы (сәулесі). Мысық пен тышқандар. Доп. II ші сәбилер тобы. |