СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дені саудың жаны сау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 17.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:Қарапайым математикалық ұғымдармен таңыстыру

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыбы:1 саны мен сан белгісі.

 Мақсаты:

Тәрбиешілік: Шапшандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Зейіндерін, қиялдарын арттыру

Оқыту: 1 және 1, 1 және 2 затты топтап салыстырып үйрету. Тең, тең емес екенін анықтап, 1 сан белгісімен таныстыру. Карточка арқылы солдан оңға қарай санауды көрсету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен  қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:бір-один,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Просмотр содержимого документа
«Дені саудың жаны сау»

Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 17.09.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:Қарапайым математикалық ұғымдармен таңыстыру

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыбы:1 саны мен сан белгісі.

Мақсаты:

Тәрбиешілік: Шапшандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Зейіндерін, қиялдарын арттыру

Оқыту: 1 және 1, 1 және 2 затты топтап салыстырып үйрету. Тең, тең емес екенін анықтап, 1 сан белгісімен таныстыру. Карточка арқылы солдан оңға қарай санауды көрсету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:бір-один,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:



Сабақтың тақырыбы: 1 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Салеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде математика сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Өткеді қайталау.
Көп, аз, артық, кем, сонша ұғымдарын қайталау.

- Сан ұғымына шамаларды салыстырып көрейік.
- Бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты бөліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.
Жұмбақ.
Күнге бұрып маңдайды,
Күннен көзін алмайды.
(Күнбағыс)
Оқулықпен жұмыс.
- Балалардың зейінір жеміске аудару. Сұрақ - жауап арқылы көптің ішінен бірді бөліп алу көзделеді.
- Сурет бойынша қанша алма?
- Көп.
- Оның ішінде өзгешесі бар ма?
- Бар.
- Бір алма жапырағымен үзілген.
- Алмұрт қанша?
- Көп.
- Алмұрттың түсінде қандай өзгеріс бар?
- Бір алмұрттың түсі көк.
- Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ;
- Көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.
- Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады.
- Мына тұрған суреттегілердің бәрі нешеден?
- Бірден .
- Геометриялық фигураларды бір ұшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санату.
- Ұғымды бекіту үшін «Күз сыйы» деген сюжет бойынша әңгіме жүргізу.
- Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай - ақ, бір қияр, бір қызанақ, бір сәбіз, т.б.

Сергіту сәті.
Кіріп келіп ділізге,
Бапалдақты санадым.
Адым салып әр ізге,
Көтеріліп барамын.
Дәптермен жұмыс.
Өлең оқу.
«Бірлік» жазған едім мен,
Ұқсастығын кім білген!
Аумай қалды айға ұшқан,
Зымыранның өзінен.
Жебедей көкте қалқыдып,
Қуаныштан балқыдым.
Еш бала мендей бірінші,
Болған жоқ – ау алтыным.
- Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады. Көкөністердің әр түрінен бір – бірден алып, қорапқа салу керек.
- Бір цифры неге ұқсайды?
- Таяқшаға, бағанға.
1. Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.
2. 1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.
3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).
4. 1 цифрын жазу.
Өлең оқу
Жіңішке жалғыз таяқша – Бір саны ол айрықша
5. Тор көздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.
- Бұл среттегі Бұлжылтпас, оның жұмыс атқару негізі әр санды өткен сайын сол санға жылжып отырады..
- Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады.
- Ол тапсырма орындағанда бір торкөз жылжиды, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өту үшін, тапсырмалар орындату.
Ойындар ойнайық.
"Көп - аз, бір" ойыны.
Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суретті карточкалар (он - оннан).
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан карточкалар және түрлі заттар. Үлестірмелі заттарды пайдалана отырып мұғалім "көп" десе ба¬лалар заттардың көбін (8-10), "аз" десе азын (2-3 немесе 3-4), ал "бір" десе тек қана бір затты көрсетулері керек.
Бұл ойынды.керісінше "бір", "аз", "көп" деп айтып та ойнатуға болады.

Қорытынды:

Балалар,біз бүгін ұандай санмен таныстық?

Балалардың жауаптары









































Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.11.2019

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Ғажайып әлемінде»

Тақырыбы:«Әтеш пен тоты» /ертегі/

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын түсініп,өз түсінігімен әңгімелесу барысында сөздік қорын дамыту.

Оқыту: Құстар жайлы түсінік беру.

Педогогикалық технлоогиялар: Дамыта оқыту, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Әтеш пен тоты суреті, плакат, құстар макеті.

Билингвалдық компонент: Әтеш-петух, тоты-папугай

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық ізденушілік:

Таңғыжиын.

Таңәліатқанжоқ,

Маңайәліқараңғы.

Әтешертеоянып,

Оятадыбаланы.

Ку-ка-ре-ку,ку-ка-ре-ку

Оятадыбаланы.

-Балаларбұлненіңдауысы?

-Әтешүйқұсыма? Әлде дала құсыма?

Жұмбақ жасыру.

Бұрапқойған сағаттай,

Айқайлайды таңатпай.

         (әтеш)

Ертегі оқу: "Әтеш пен тоты"

Ерте, ерте, ертедеешкіқұйрығыкелтеде, аң мен құстарлыңішіндегіеңәдемісі, сымбаттысыәтешболыпты.

Сондықтанолөтетәкаппарекен. Жүріптұрса да маңғазданып, сылаңдайбасадыекен.

Қоқыраяды да жүреді. Бірде-біраңмен не құспенсөйлеспейді. ЖалғызсерігіТотықұсболыпты. Тотыбайғұстыңүстіндежөнітүзукиімі де жоқекен. Біркүнітотыәлгікербезәтешкекеліп:

  • Досым мен бүгінқонаққабармақедім. Жөндікиімімдежоқ. Мынатүрімменқалайбарамын. Менісеніңдосыңдепбілетін ел мазақтайдығой. Мағанүстіңдегіәдемікиіміңдіберетұршы,-депқиылажалыныпты. Әтешдосыныңсөзінесеніп, үстіндегіәдемікиімдерініңбәріншешіпберіпті. Сөйтіптотықұсжасаныптұрыпкиініпалды да, қаймезгілдекелетінінайтады.

  • Егер мен кешіксем, дауыстапшақыр, дауысыңдыестейін – дейді. Сөйтіп, Тотықұсәсемкиініптойғакетеді. Бірақолқайтыпоралмайдыәтешолестісіндепүсті-үстінешақырады. Ешқандай хабар болмайды.

Соданкүнібүгінгедейінәтештотықұспенәдемікиімініздеп, таңатысымен, күнбатқанғадейінайқайлапшақырабередіекен.

Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын сұрау.

  • Әтеш кіммен достасыпты?

  • Тоты әтешке берген сөзінде тұрдыма?

  • Әтеш неге таңатысымен айқайлап шақыра береді екен?

Сергіту  сәті

Қанатытымды жазамын,

Жоғары-төмен қағамын.

Биік көкте ойналып,

Жұлдыздай жылдамағамын.

  • Үй құстарына нелер жатады?

  • Құстарнеменқоректенеді?

  • Құстардыңпайдасы бар ма?

  • Құстардыңбаласықалайаталады?

"Айнытпайсал"ойыны.

Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапан.

Әтеш болып шақырып,

Соқшы қане алақан.

Ж.Қалжанова.

Құстар жайлы мағлұмат беру.

Құстар екіге бөлінеді:

Жабайықұстар, үйқұстары.

Үйқұстары

Ойын: "Ұшты-ұшты"

Мақсаты:баланы тез ойнатуғажәне ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.

Шарты: ұшатынзаттарды тез анықтап, екіқолынжоғарыкөтерукерек.

Мысалы:

Ұшты, ұштықарғаұшты!

Ұшты, ұштықаламұшты!

Ұшты, ұштыкітапұшты!

Ұшты, ұштысауысқанұшты!

Қорытындылау


  • Ертегі не жайлыайтылды?

  • Құстарғақандайқамқорлықжасауғаболады?

  • Құстарқалайпайдаболады?

Олартірітуадыма, әлдежұмыртқабасадыма?

Жарайсыңдар!













Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 22.11.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Таным»

Пән: сурет салу,жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»

Тақырыбы: Аққала. «Қар қиыршықтары тамаша»

Мақсаттары:

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа қамқор болуға ,оны аялауға тәрбиелеу

-Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін ,сурет салу қызығушылығын дамыту. ауа райы өзгерістерін айыра білу және өлі табиғат нысандары туралы білімдерін дамыту.-Оқыту: Қысқы табиғат ерекшеліктерін ,әсемдігін сезініп,оны бейнелей білуге үйрету. Қарапайым экологиялық білімдерін жетілдіру. Аққала  туралы түсінік беру

Педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,шар,үлгі,бояу,қылқалам,сүрткіш

Билингвалдық компонент:қыс зима,ақ белый,қар снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шеңберге тұру амандасу

«Жылы сөздер»шеңбері(психологиялық тренинг)

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

II. Негізгі бөлім:

Балалар суретте не бейнеленген?

Мына суретте не бейнеленген?

Ал келесі суретке көңіл аударайық

Ненің бейнесі бейнеленген?

Бұл сурет «Қыс»бейгелеген .

Балалар қарасаңдар суретші түрлі жанрда суретті бейнелейді.

Ақын өлеңдерінде табиғатты,адамды сөз арқылы суреттейді.

А.Құнанбаевтың «Қыс»өлеңі оқылады.

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды,

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап,келіп қалды.

Ақын қыс мезгілін қалай бейнелеген?

Бүгін сендер қысқы табиғатты көз алдарына елестетіп,шарды пайдалану арқылы қысты бейнелейсіңдер.

Сергіту сәті: «Аққала»

Қала-қала аққала

Басында үлкен шелегі

Мүрнында үлкен сәбізі

Көзі кп караша

Ол біздің аққала


Енді алдымыздағы құралдарды алып жұмыс жасаймыз.

Балалар үлгіге карап аккаланы бейелейді



Қорытынды:


Балалар кім өзінің жұмысы туралы әңгі мелеп береді?

Сендер салған сурет жанры қандай?

Бір бірінің жұмыстарын қарап шығуға болады





















































Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы»
Мақсаттары:

Тәрбиелік:Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу
Дамытушылық:балалардың ой өрісін дамыту

Оқыту:жас ұрпаққа президентіміздің құдіретті тұлға екенің таныту.

Педогогикалық технлоогиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,геометриялық пішіндер
Билингвалдық компонент:президент елбасшы,республика мемлекет,столица бас қала

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағын желбірейді төріңде.

Гимнің тұр көгінде шырқалып.(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

- Негізгі бөлімі:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.


1желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіщұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күні.(суретін көрсету)

Біз қай республикада тұрамыз?(Қазақстан Республикасында тұрамыз)

Қазақстан Республикасының ел басы кім?(Н.Ә.Назарбаев)

Ал біздің бас қаламыз қай қала?(Астана қаласы)

Балалар біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?(ту,елтаңба,әнұран)

Жарайсыңдар ,балалар

Балалар «Туды құрастыр»ойынын ойнайық.(геометриялық пішіндерді беремін,сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек.Кім бірінші болып құрастырады екен?

Жарайсыңдар,балалар!балалар біздің туымызға қараңдаршы,не белгіленген?(күн бүркіт,ою)

Ал бұл суреттер нені білдіреді?Балалар біздің туымыздың түсі қандай?(көк)

Дұрыс,Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді.Күннің бейнесін қараңдаршы күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны.Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен.Осы күн жүзді,ал сәулелер отызды білдіреді.Қыранның бейнесі еліміз әрқашан биікте самғасын,биіктен көрінсін деген.Және туымызда оюлар бар,оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Сергіту сәті:

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.


Енді балалар біз Отан,Президент туралы тақпақтарымызды айтып жіберейік

Ата бабам мың сынаққа шыдаған,

Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.

Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,

Тұңғыш қазақ Президенті Нұрағам.


Отанымның төрінде,

Сарыарқаның жерінде.

Ту ұстаған бас қалам,

Әсем қалам Астанам

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің.




Қорытынды: «Ақ көгершін»әнін балалармен айтып оқу қызметін аяқтау.
































Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі

Өткізу күні: 26.11.2019

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән:ҚМҰТ

Тақырыбы: «Сопақша»
Мақсаттары:

Тәрбиелік:
Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.

Оқыту:

Балаларды 3-ке дейін санап, заттарды тапсырма бойынша санап алып, сан белгісімен белгілеп үйрету,

геометриялық пішіндерді бекіту: шаршы, үшбұрыш, дөңгелек.

Педогогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,геометриялық пішіндер
Билингвалдық компонент:геометриялық пішіндер-геометрические фигуры,сопақша-овал.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балларға геометриялық пішіндердің суреттерің көрсету,қайталау

Сұрақ-жауаптар

- Негізгі бөлімі:

Балаларға сопақшаның суретің көрсетіпеометриялық пішінмен таңыстыру.

Д\О «Неге ұқсайды?»

Ойынның шарты:қандай зат сопақшаға ұқсайтының айту.

Сергіту сәті:

Пішін болып тұрамыз

Бір онға,бір солға

Ұш бұрышты табамыз

Тапсырма;әр геометриялық пішіндерді түрлі түстермен бояу

Қорытынды:

Біз бүгін кандай пішінмен таңыстық?

Онын қандай айырмашылығы бар басқа пішіндерге қарағанда?

Балалардың толық жауаптары









Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі

Өткізу күні: 28.11.2019

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»

Тақырыбы: « Қарға»
Мақсаттары:

Тәрбиелік:құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

Оқыту:Көлемді ажырата отырып қарға құсын бейнелеуге үйрету.

Педогогикалық технлоогиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:құстардың суреттері, тапсырмалар.
Билингвалдық компонент:құс птица,қарға ворона

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі:- Балалар бүгін бізге қонаққа Әйгерім келді.Ол өзі суретші.Ол сендерге конверт алып келіпті.Конвертті ашамыз ба?

Балалар конверттің ішінде жұмбақ бар екен.Шешеміз бе?

Жұмбақ

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып,қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там тұмдап?
(қарға)
- Негізгі бөлімі:

Балалар бүгін біз қыстап қалатын құс қарғамен танысамыз.Сендер қарға құсын көрдіңдер ме?

Ол қандай?(балалардың жауабы)

Түсі қандай?(қара)

Қалай дыбыстайды?(қарқ,қарқ)

Қарға құстың бір түрі.Олар пішіні бойынша кішкентай болып келеді.Олардың қауырсындары мен тұмсығының түсі қара.Аяқтары қызғылт сары түсті.Олар өте ақылды және қу болып келеді.Жылтыр заттарды ұнатады,төзімді.

(суретін көрсету)

Балалар Әйгерім айтады сендерге енді осы қарға құсын салып беріңдер деп.

Балаларға салу жолын көрсету.

Балалар бірінші сопақша денесін,дөңгелек басын саламыз.Енді денесінен құйрығын саламыз.Аяқтарын саламыз.

Сергіту сәті:Кәне қанат жазайық,

Қарғаға ұқсайық.

Ұшып,ұшып алайық,

Қайта жерге қонайық.

Балалар орындарына отырып жұмыс жасайды.

Қорытынды:Әйгерім балаларға риза болып,қоштасады.

Жақсы салған балаларды мадақтау.Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.













































Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.12.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Алақай,қыс келді»

Тақырыбы: Аққала

Мақсаттары: Алақан арасында ермексазды домалақтау дағдырларын жетілдіру, екі бөліктен тұратын қарапайым затарды мүсіндеуге, оларды өзара біріктіруге толықтыруға үйрету.

-Тәрбиелік: Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту;

-Оқыту: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру;

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету: ермексаз,үлгі,сүрткіш,тақтайша,суреттер

Билингвалдық компонент:қыс зима,аққала снеговик,қар снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Топқа Дімбілмес келеді, ол аққала жасау білмейді екен.

-Балалар, Дімбілмеске көмектесемізбе?


Сөздік жұмыс жүргізеді

II. Негізгі бөлім:

Суретпен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы, аққаланың денесі қандай пішіннен жасалған?


-Ал аққаланы неден жасайды?


-Қардың түсі қандай?


-Ал,біз қазір осындай аққаланы ермексаздан мүсіндейміз.


Билингвалдық компонент. қыс зима,аққала снеговик,қар снег


Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Кәне қайсы алақан?

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Тәрбиеші ермексазды алақан арасына салып,домалақтау әдісі арқылы аққаланы жасап көрсетеді.

Балалар ермексазды алақан арасына салып домалақтайды.

Аққаланы жасауға тырысады.

Қорытынды:



Дімбілмеспен бірге балалардың жасаған аққалаларын талдайды.

Балаларды мадақтау.



Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2019 ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: сурет салу

Өтпелі тақырып: «Алақай,қыс келді»

Тақырыбы: Қыс табиғаты

Мақсаттары:

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін ,сурет салу қызығушылығын дамыту.

-Оқыту: Қысқы табиғат ерекшеліктерін ,әсемдігін сезініп,оны бейнелей білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,шар,үлгі,бояу,қылқалам,сүрткіш

Билингвалдық компонент:қыс зима,ақ белый,қар снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шеңберге тұру амандасу

«Жылы сөздер»шеңбері(психологиялық тренинг)

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі туралы ақындар өлең жырларын жасса,сазгерлер музыка жазады,ал суретшілер сурет салады.Олай болса бүгін біз сурет көрмесіне барамыз.

II. Негізгі бөлім:

Жәй музыка әуенімен көрмеге келеміз. Көрмеден түрлі жанрдағы суреттерді көрсету

Балалар суретте не бейнеленген?

Адамның бейнесі суретте «портрет»деп аталады.

Мына суретте не бейнеленген?

Бұл сурет «натюрморт»жанрында бейне ленген.

Ал келесі суретке көңіл аударайық

Ненің бейнесі бейнеленген?

Бұл сурет «пейзаж»жанрында бейнеленген.

Балалар қарасаңдар суретші түрлі жанрда суретті бейнелейді.

Ақын өлеңдерінде табиғатты,адамды сөз арқылы суреттейді.

А.Құнанбаевтың «Қыс»өлеңі оқылады.

Ақ киімді,денелі,ақ сақалды

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды,

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап,келіп қалды.

Ақын қыс мезгілін қалай бейнелеген?

Бүгін сендер қысқы табиғатты көз алдарына елестетіп,шарды пайдалану арқылы қысты бейнелейсіңдер.

Сергіту сәті: «Көңілді адамдар»


Енді алдымыздағы құралдарды алып жұмыс жасаймыз.



Қорытынды:


Балалар кім өзінің жұмысы туралы әңгі мелеп береді?

Сендер салған сурет жанры қандай?

Бір бірінің жұмыстарын қарап шығуға болады










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!