СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Елбасы - Кемеңгер көшбасшы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған, қызмет еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту,құрметтеу.

Просмотр содержимого документа
«Елбасы - Кемеңгер көшбасшы»

271 орта мектеп















Елбасы - кемеңгер Көшбасшы

(Мерекелік кеш)

Сынып: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Аукенова Айдана





















2016-2017 оқу жылы

«Елбасы - кемеңгер Көшбасшы»

Мақсаты:

1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған, қызмет еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту,құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар  көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент».

Әнұран орындалады.


1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!


2-жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - кемеңгер Көшбасшы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?


2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды.


1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


 2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.


Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағына саяхат: «Елбасының балалық шағы» кинофильмінен үзінді.


Н.Ә.назарбаевтың «Ересек омірге қадамы» (слайд бойынша түсіндіру)


Ән:


1-оқушы:

Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 


2-оқушы:
 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


3-оқушы:  
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
  


4-оқушы:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сенің киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!


5- оқушы:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.


6-оқушы:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.


7-оқушы:
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.


Ән: ____________________________________________________


1- жүргізуші :
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?


2-жүргізуші :
1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның бұл күні.


«Тұңғыш президент – Тәуелсіз Қазақстан!» бейнекөрініс.


Ән:


1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


2-жүргізуші:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»


1-жүргізуші:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.


2-жүргізуші:
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында. ҚР-ның жеткен жетістіктерін келесі бейнекөріністен тамашаллауларыңызды сұраймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше!