Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.
A) Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер.
B) Негізгі сөздер, туынды сөздер.
C) Дара сөз, күрделі сөз.
D) Қос сөз, біріккен сөз.
E) Тіркескен сөз, қысқарған сөз.
Дұрыс жауап: A
Сөйлемнен еліктеуі сөзді табыңыз.
Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.
A) Өтеді.
B) Ауыздығын.
C) Қарш-қарш.
D) Шайнап.
E) Жоқ.
Дұрыс жауап: C
Қосарланып жасалған еліктеуішті табыңыз.
A) Алқа-салқа.
B) Шіңк-шіңк.
C) Әп-әдемі.
D) Биік-биік.
E) Аппақ.
Дұрыс жауап: B
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.
A) Назданып сөйлесу.
B) Тал шыбықтай бұраңдайды.
C) Еріксіз күліп жіберді.
D) Сылқ-сылқ күліп жіберді.
E) Елден алдырыпты.
Дұрыс жауап: D
Еліктеуішті белгілеңіз.
A) Қызараң-қызараң етті.
B) Далаң-далаң жүгірді.
C) Маң-маң басты.
D) Жалт-жұлт етті.
E) Бырт-бырт шайнады.
Дұрыс жауап: E
Еліктеуішті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Қырық сүрінді.
B) Бүгжең жүрді.
C) Қызараң-қызараң етті.
D) Тырс ете қалды.
E) Ербең етті.
Дұрыс жауап: D
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.
A) Кілт тоқтады.
B) Қолп-қолп етіп жүргізбейді.
C) Гүрс-гүрс шығады.
D) Жарқ-жұрқ ойнайды.
E) Жалп-жалп құлады.
Дұрыс жауап: C
Еліктеуішті белгілеңіз.
A) Жапыр-жұпыр.
B) Ербең етті.
C) Дүңк-дүңк етті.
D) Қайқаң етті.
E) Бүгжең қақты.
Дұрыс жауап: C
Еліктеуішті анықтаңыз.
A) Маң-маң басты.
B) Саңқ етті.
C) Селк етті.
D) Қиқаң етті.
E) Жалт етті.
Дұрыс жауап: B
Еліктеуіш сөздерді көрсетіңіз.
A) Кілт тоқтау.
B) Жалт қарады.
C) Тарс-тұрс етті.
D) Қалт етті.
E) Қайқаң етті.
Дұрыс жауап: С
Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.
A) Сылқ-сылқ.
B) Қырықбуын.
C) Төбе-төбе.
D) Ирелең-ирелең.
E) Қоңыз.
Дұрыс жауап: А
Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Шарт-шұрт сынды.
B) Жұлқи тартты.
C) Енді-енді танылды.
D) Салпаң-салпаң етті.
E) Желп-желп етеді.
Дұрыс жауап: А
Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
A) Сарт етті.
B) Саңқ етті.
C) Топ ете түсі.
D) Бүгжең қақты.
E) Қыңқ етті.
Дұрыс жауап: D
Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.
A) Қарш-қарш шайнау.
B) Ербең-ербең етті.
C) Бырт-бырт шайнайды.
D) Шаң-шұң болды.
E) Ырс-ырс етті.
Дұрыс жауап: В
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
A) Гүрс.
B) Қаңқ.
C) Бұлтың.
D) Шаңқ.
E) Шиқ.
Дұрыс жауап: С
Бейнелеуіш сөзден болған пысықтауышты табыңыз.
Олар жапыр-жұпыр, тез амандасып шықты.
A) Олар.
B) Жапыр-жұпыр.
C) Тез.
D) Амандасып.
E) Шықты.
Дұрыс жауап: А