СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік»

Ма?саты: Желто?сан к?терілісіні? сипатын насихаттай отырып, желто?сан ??рбандарын м??гі есте са?тау: жас ?рпа? бойына еліне, жеріне, ?лтына деген патриотты? сезімін ?алыптастыру.

Т?рбиеші: Б?гін елімізді? сан мы?да?ан жылдар бойы арманда?ан, сол жылда д?р сілкіндірген Желто?сан о?и?асымен келген, тарихымызда алтын ?ріптермен жазылып ?алатын «Т?уелсіздік к?ні» мерекесіне арнал?ан «Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік» атты т?рбие са?атын ?сынамыз. Топты? іші мерекеге сай безендірілген. ?аза?ты? ?лтты? киімін киген балалар ?олдарына жалауша ?стайды.

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?раны орындалады.

Ж?ргізуші:

Просмотр содержимого документа
««Елімні? еркіндігі- Т?уелсіздік»»

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Балдырған» мектеп-балабақшасы









Тәрбие сағаты: «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік»








Өткізген тәрбиешілер: Узбекова Г.М.

Кусаинова И.Х.

















2014 жыл

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын ұсынамыз. Топтың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңын сүйем.

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Аласармас аспанымда,

Бостандықтың желі еседі.

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Тәрбиеші:

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің, жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн,

Бостандығым тұнғыш рет,

Аққанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.

Тәуелсіздік ұлы күн

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.

Тәуелсіздік –Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәймін шат күнім.

Балабақша серпін нық.

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәуелсіздік- еркіндік.

Жансая қыста келген бақыт бұл,

Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін

Әлемге елім шашып тұр.

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік –ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Жүргізуші:

Өз меншігің Тау, дала

Көкке өрле, самға да!

Сену, Келу тәубаға!...

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

Ән: «Қошақаным»

Тәрбиеші:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.

Егеменді ел бақыты ертеңгі,

О, халайық Құтты болсын қуаныш!

Хор: «Менің Қазақстаным»

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл- қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

Осымен дайындаған «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты аяқталды.