Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Мақсаты:
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
1-жүргізуші:1-Желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1-жүргізушіКелбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
1-жүргізуші:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Нысанбай Абзалдың орындауында «Қазақтай ел қайда?» әні.
Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды
1-оқушы Наргиз:
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
2-оқушы Ислам:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3-оқушы Аяулым:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
4-оқушы Назерке:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
2-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Мектебіміздің 6-сынып оқушысы Пернебек Ақмаржанның орындауында «Туған жер» әні
6-оқушы Альмира:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы Алдияр:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы Тұрлыхан:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы Усенов Дамир
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам
1-жүргізуші:
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
2-жүргізуші:
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1-жүргізуші:
1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
2-жүргізуші:
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Мемлекеттік тудың ұзындығы - 2 метр, ені – 1 метр. Тудың жобасын жасаған суретші Шәкен Ниязбеков
1-жүргізуші:
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
10-оқушы Әліхан:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
11-оқушы Әділет
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт - береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
1-жүргізуші:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
11-оқушы Аружан (Болат):
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата - баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
1-жүргізуші:
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
12-оқушы Рамазан:
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән Нурсеитова Аружан
2-жүргізуші:
Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын
Елім айтқан жер көтерер ел даңқын
Президентім аман болғай ел басы
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым
Наргиз:
Аман бол ел ардағы, ел арманы,
Сезімің - қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен еліңнің,
Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.
Амина:
Аман бол, алтын жүрек, дана басым,
Ел үшін өлімге де бара аласың
Буының бүгілмесін, ел алдында,
Ертең де еңбегіңді бағаласын.
5-сынып оқушыларының орындауында «Жаса мәңгі, Қазақстан» әні
1-жүргізуші:
Кезінде Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып терезесін тең етер едім»деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласының қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесінің зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық
№14 мектеп –гимназия
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Елі сүйген - Елбасы»
Өткізген: 5 «ә» сыныбы
Сынып жетешісі:
Кожахметова Т.К
Астана қаласы 2017ж
Асқақтай бер Нұр аға алып таудай.
Көш басшысын елімнің арыстандай,
Қүрметтемей тұра ма мына халқым.
Өзіңіздей асқар тау, алып жанды-ай,
Халқымызға жолдаған.
Биылғы жолдау Нұрлы-жол,
Дүние жүзі қолдаған.
Мәртебеңіз сіздің ол.
Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Жасыл жайлау, көк алқапты далам бар.
Ел басқарған Нұрсұлтандай атамды,
Сыйлай тұғын халық деген данам бар.
Өзіңіздей патшам барға қуанамын.
Туған жерді әлпештеп аялаған,
Қазақ жері мәңгілік жайнасын деп.
Бар білімін елі үшін аямаған.
Дақ түсірме ата- баба арына.
Үлгі бізге батырлардың ерлігі,
Тәуелсіздік туын ұста жоғары.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді.