СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ер есімі ,ел есінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ  хандығының  550 жылдығы   мен  Ұлы  жеңстің   70 жылдығына  орай  өткізілген іс-шаралар  жайлы  мақала. Бұл  мақалам  облыстық  "Қостанай  таңы "газетінде  жарияланды.

   

                                                      Орынбаева  Гаухар  Тортаевна

                                               № 5 «А» мектеп-гимназиясының  мұғалімі.

 

Просмотр содержимого документа
«"Ер есімі ,ел есінде"»

Орынбаева Гаухар Тортаевна

№ 5 «А» мектеп-гимназиясының мұғалімі:

« ЕР ЕСІМІ -ЕЛ ЕСІНДЕ »

Биылғы жыл елімізде атаулы даталарға толы,осыған орай № 5 «А » мектеп - гимназиясында « Қазақ хандығының 550 жылдығына » орай мектеп кітапханашысы Гүлсім Балгазовна мен 4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен « Тарихқа тағзым » атты ашық іс-шара өткізілді. Осы іс-шарада оқушылар кішкентай болса да, өздеріне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындықпен келді. Қазақ хандары мен батырлары жайлы қызықты мәліметтер жинақтап, сол мәліметтерін әсерлі етіп айтып, өлеңдер оқыды және көріністер көрсетті,кітапханашы-ның сұрақтарына жауап берді ,бір-бірінің ойларын толықтырып, іс-шарадан жақсы әсер алып шықты, іс-шара өте жақсы өтті.

Сонымен қатар мектебімізде « Ұлы жеңістің 70 жылдығына » орай 1-4 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа әр мұғалім өз оқушыларын жоғары деңгейде дайындады ,әр шығарманы мәнерлеп оқумен қатар, сол шығарма төңірегінде қойылым-дар көрсетілді.Осы іс-шараға менің оқушыларым Ерлан Назхан мен Төремұратова Әсемай қатысып, майдангер ақын Нұрсұлтан Жұбатұлының майдандас жолдасының анасымен жазысқан хаттары жайлы « Майдан-нан хат » және « Майданға хат » атты шығармаларынан үзінді оқып, қойылым көрсетті, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Осындай бейбіт өмір сыйлаған ата-әжелерімізді келе жатқан мерекелерімен құттықтап , қажымас қайрат тілеймін. Әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын деймін.