Просмотр содержимого документа
«Ересек тобына арналған "Таным", "құрастыру" пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 13.02.2018
Тәрбиеші: Ержанова А.Ж.
Білім беру саласы: Таным
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Үй»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдаларын қалыптастыру.
Оқытушылық: Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажеттті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету.
Педегогикалық технологиялар: «Құрылыс текшелері» модульдері
Ресурстармен қамтамасыз ету: құрылысшының суреті
Көптілділік: үй- дом-, құрылысшы- строитель-;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Тәрбиеші алдын ала балаларды қала, ауыл көшелеріне мақсатты серуенге немесе саяхатқа апарып, сабақ басталғанда серуенде көргендері жайлы әңгімелетеді. Балалар өз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді.
2.Негізгі бөлім:
Тосын сәт: Балалар бүгін біздің топқа қонаққа құрылысшы ағай келіпті. Ол сендермен бірге үй құстырғысы келеді екен. Сендерге өзінің жұмысы жайлы айтып, көрсетуге келіпті.
Тәрбиеші әрбір үйдің бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір-бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік, аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.
Балалар жұмысты «Құрылыс текшелерімен» жасайды.
Өз беттерінше жұмыс жасайды.
Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылықпен не қосты-бәрі ескеріледі.
Балалар кімнің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді.
Сергіту сәті: (жаңылтпаш жаттау)
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегіме үремін.
Үремін де үнемі
Үйіме мен кіремін.
3.Қорытынды бөлім:
Қорытындылау. Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау.