СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ересек топ выпускной

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Қош бол, Балабақша!

Зал іші мектепке шығарып салу кешіне байланысты мерекедегідей безендірілген. Балалар көңілді әуенмен сап түзеп, әсем тізіле кіріп,  тұрады.

Содан соң олар екі қатарға бөлініп, сахнадан өте отырып залды бір айайналып шығып, екі жаққа жартылай дөңгелек жасап тұрады. Балалар вальс орындайды.

Просмотр содержимого документа
«Ересек топ выпускной»



Қош бол, Балабақша!

Зал іші мектепке шығарып салу кешіне байланысты мерекедегідей безендірілген. Балалар көңілді әуенмен сап түзеп, әсем тізіле кіріп, тұрады.

Содан соң олар екі қатарға бөлініп, сахнадан өте отырып залды бір айайналып шығып, екі жаққа жартылай дөңгелек жасап тұрады. Балалар вальс орындайды.

Вальс:

Жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Барасындар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Жүргізуші:

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, бүгін бірнеше жыл мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. (Бірнеше бала балабақша жайында бір-бірден тақпақ айтады.)

Амирхан

Балабақша есігін,

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай мәпеелеп.

Өсіреді бақшамыз.

Алина А

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

Амирлан

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз,

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Қазбек

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Бақшамызды қимаймыз.

Н Настя

Кітаптар мен қарындашты

Бәрін жина ұмытпай

Мектепке барған кезде

Таза жаз шималамай.

Азат

Көп нәрсені білуге, оқуға, үйренуге

Сүйікті бақшамызды

Ешқашан ұмытпауды

Сендерден біз тілейміз

Ланита

Тоқта біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз.

Ертең өсіп толамыз.

Білімді адам боламыз.

Алан

Біз мектепке барамыз,

Оқып білім аламыз.

Еңбек десе қуанып,

Ел сүйген ер боламыз.

Балалардың орындалуында ән: «Қош бол, балабақша»

Бір уақытта залға кітап, әріптер шуласып, жылып кіреді, артында бір бала бар.

Жүргізуші:Бұл не шу? Не болып қалды кітап, әріптер неге жылайсыңдар? Сендерді кім ренжітті?

Кітап: Мына балақай мені ұқыпты ұстамайды, қалай болса солай ұстап, мені лақтырып тастайды. Мен болсам шаң-шаң болып жатамын. Міне қараңыздаршы, менің беттерім жыртылып, быт-шыт болды. Мен бұл балақайданқашып келе жатырмын. Мені құтқара көріндерші.

Әріптер: біз де бұл балақайдан қашып келдік. Бұл балақай бізді тани білмейді, бізді қосып оқи алмайды.

Жүргізуші: Балақай саған не болған? Ол бала қайда екен?

Бала: Мен кітапты ұстап қарайын деп жатқанда кітап та, кітаптың ішіндегі әріптер де менен қашып кетті ғой.

Жүргізуші: Әрине, балақай, кітап пен әріптер сенен қалай қашпасың, егерде сен оларды ұқыпты ұстамасаң? Ал біздің балалардың балалардың кітаптары көп. Олар кітаптарды аса ұқыпты ұстайды. Балалар, біз кітаптарды қалай ұстау керекпіз?

Балалар: -Ұқыпты ұстап, жыртпау керек, ренжітпеу керекпіз.

Жүргізуші: Әрине, көрдің бе, балақай, біздің балалар кітапты қалай ұстайтынын. Балалар біз мына кітапқа көмектесіп жіберейік. (2,3 бала шығып кітапты қалай жөндеу керектігін көрсетіп береді, желімді қағаздың үстіне жағады, 1-бала шүберекті алып кітаптың шаңын сүртеді.)

Жүргізуші: Балақай, көрдің бе біздің балалар қандай өнерлі, қолдарынан бәрі келеді.

Кітап: -Ой, балалар, сендерге көп рахмет, мен өзімді жеп-жеңіл сезіндім, міне, жап-жаңа кітап болып шыға келдім. (әріптер кітапты қоршап алып, таң қалады да шулайды).

Жүргізуші: Әріптер сендерге не болып қалды? Кәне, шуламандар, тынышталындар.

-Балақай сен әріптерді тани білесің бе?

-Жоқ

Жүргізуші: Біздің балалар әріптерді өте таниды, және әріптерді бір-біріне қосып оқи алады. Сонымен бірге балалар біздің балалар сөз де құрасытырып береді. Балалар бізге өте жақын екі сөзді жазайықшы, «Отан», «Ана». Балалар әріптерден «Мектеп», «Кітап», «Әке» сөздерді жазады.

Жүргізуші: Балақай, қарашы біздің балалар әріптерді де өте жақсы біледі және жаза біледі.

Бала: Балалар өте көп біледі екен.

Балалар: Құрастырған сөздерге байланысты мақал-мәтелдерін айтады.

Жүргізуші: Осы балалардан саған көп нәрсені үйренуге болады ғой.

Кітап: Балақай, мен және балалар да сені көп нәрсе үйренді деп ойлаймыз.

Бала: Балалар, кітаптар және әріптер мені кешіріндерші. Мен енді кітапты және әріптерді ренжітпеймін. Кітап, әріптер маған оралындаршы, өтінемін мен сендерді ешқашанда ренжітпеймін.

Жүргізуші: -Балалар, кітап және әріптер балақайды кешіреміз бе? (балалар кешірефйік деп айтады.)

Қыздардың орындалуындағы «Испан биі» хореограф Виктория Владимировнаның жетекшілігімен (Аружан, Ангелина, Алина, Н. Настя.)

Жүргізуші: Кәне, балақай, рұқсат болса сенің кітабынды көруге болады ма?

Бала: Мен бұл кітапты өте жақсы көремін.

Жүргізуші: Балақай бұл тегін кітап емес қой, бұның іші толған ертегі ғой, суреттері қандай керемет! (осы кезде жарық сөніп, Жалмауыз кемпір кіріпкеледі.)



Жалмауыз кемпір: Мені кім шақырады?

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір сен қайдан келдің?

Жалмауыз кемпір: Мен сендерді мектепке барады деп естідім. Мектеп деген жаман ғой. Мектепте сендер еш нәрсеге үйренбейсіндер.

Би: «Джимми»Амирлан, Эмиль, Ланита, Б. Настя

Ойын: «Сандар»

Ән: «Туған жер» Алина Ш, Алена Ш.

Ойын: ата-аналармен Жанна Адиятовна ойнатады.

Жүргізуші: Біздің балалар ертегілірді жақсы көріп қана қоймай, сахыналап та бере алады. (Балалар «Портфель» ертегісін сахналайды.)

Автор: Бір күні әліппе келе жатып жолда портфельді көреді, әрі қарап бері қарап былай деді: -Мұнау маған бір ыңғайлы үй екен ғой. Ертең балалар мектепке барғанда мені осы үйге салса өте ыңғайлы болар еді. Бұның атын мен портфель деп қойяйын. Балалар менсіз мектепке бара алмайды ғой. Іші сондай кең екен, мен осы портфельдің ішінде тұрайын. Сонымен әліппе портфельдің ішіне кіріп, ыңғайланып орналасып тұрады. Бір мезгілде дәптер келеді.

Дәптер: Қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады?

Әліппе: Мен әліппемін. Бұл тұрып жатқан үйім портфель. Ертең балалар мектепке барғанда мені осы портфельдің ішіне салып апарады, балалар әліппесіз оқи алмайды ғой. Ал сен кімсің?

Дәптер: Мен дәптермін. Мен де балаларға керекпін ғой. Балалар мектепке барғанда әріптерін, сандарын жазу үшін дәптер керек болады ғой. Әліппе мен де сенімен бірге портфельдің ішінде тұрайыншы?

Әліппе: Жарайды бірге тұрайық. (Бір мезгілде қалам келеді.)

Қалам: Қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады?

-Мен әліппемін.

-Мен дәптермін.

-Ал сен кім боласың?

Қалам: Мен қаламмын, мен балаларға өте қажетпін. Дәптерге әріптерді, сандарды жазу шын қалам керек ғой. Менсіз балалар мектепке бара алмайды. Әліппе, дәптер, мен де сендермен бірге портфельдің ішінде тұрайыншы. Жарайды, кел тұр.

Автор: Сөйтіп портфельдің ішінде әліппе , дәптер, қалам тұрып жатады. Бір мезгілде түрлі-түсті қарындаш келеді.

Түрлі-түсті қарындаш: -қарашы-қарашы мынау қандай әсем үй. Бұл әсем үйде кім тұрады екен? Әліппе, дәптер, қалам, осында тұратының, неге керектігін айтады.

Қалам: ал сен кімсің?

Түрлі түсті қарындаш: Мен түрлі қарындашпын. Ертең балалар мектепке барғанда сурет салу үшін біздер қажетпіз. Сондықтан біздер сендермен бірге портфельде тұрайықшы.

Қалам: Жарайды келіндер, бізбен бірге тұрындар. Бір мезгілде күнделік кіреді.

Күнделік: Қандай әсем үй. Бұл әсем үйде кім тұрады екен?

Портфельден бір-бірден мен әліппемін, мен дәптермін, мен қаламмын, мен түрлі-түсті қарындашпын деп шыққан құралдар әрқайсысы неге ткеректігін айтады.

Түрлі –түсті қарындаш: Ал сен кімсің?

Күнделік: Мен күнделікпін. Мен де өте қажет затпын. Ертең балалар мектепке барғанда алған бағаларын маған қояды ғой. Сондықтан мен де сендермен бірге портфельдің ішінде тұрайыншы.

Автор: Сөйтіп портфельдің ішінде аталған құралдарың бәрі бірге тұрып жатады. Бір мезгілде бір бала жүгіріп кіреді.

Бала: Мынау қандай керемет портфель. Бұл портфельдің ішінде не бар екенің қарайыншы. (Бала портфель ішін ашып, ішіндегі құралдардыкөрсетіп атап-атап үстел үстіне қояды.) Бұл құралдардың бәрі м аған керек екен ғой. Мен мектепке барғанда бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын, ренжітпеймін.

Жүргізуші: Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Сендер мектепке барғанда бұл құралдарды ұқыпты ұстаңдар жарай ма?

Жалмауыз кемпір: Балалар өте керемет ойнайды екен. Балалар сендерге көп рахмет. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалардың орындалуындағы ән: «Ертегілер»

Би: « Майкл Джексон»

Би: «Қытай биі»

Жүргізуші: Балалар сендерге көп рахмет, өнерлерің биік болсын.

Жүргізуші: Сендердің осындай ер жетіп өсулеріңе оыс балабақшаның меңгерушісі, тәрбиешілері, әдіскер, медбике, т.б. еңбектері зор. Осы барлық апайларына өздеріңнің алғыстарынды тақпақтармен жеткізіңдер. (Тақпақтар айтылады.)

Милана

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі-бәрі дап-дайын.

Қамымызды ойлаған

Директор Валентина Сергеевнаға мың алғыс.

Алена Ш

Раиса Муслимқызы

Маманың оның әдіскер

Бұл апайға қарасақ

Ақылына көркі сай

Бұл апайдың ақылы

Ағып жатқан дариядай.

Эмиль

Ойыншық та, кесе де,

Шынышқы мен тәрелке,

Орындық, шкаф, төсекте Бәрі өзі келе ме?

Соның бәрін табатын

Шаршамайтын күлетін

Зыр жүгіріп жүретін

Майраш қарсақ қызына мың алғыс.



Ангелина

Бойымызды жаздық біз.

Денемізді тік ұстап,

Сұлу болып өстік біз.

Нұржан ағайға

Айтамыз біздер мың алғыс!

Қадіржан

Денсаулығы болаттай

Ауруды жолатпай

Күнде әбігер болады

Қамқоршымыз Галия Абаевнаға мың алғыс!

Данил

Тәтті тамақ пісіретін,

Айран сүтін ішкізетін,

Аспазшылыр сізге де,

Айтамыз біздер мың алғыс!

Карина

Төсек орын тап таза,

Аппақ жуған сүлгісі

Лариса, Наташа апйларға

Балалардан мың алғыс!

Младен

Есеп қисап жүргізетін,

Бақшаға кіріс кіргізетін

Апайларға біз айтамыз мың алғыс!

Аружан

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып психолог апаймен,

Мектепке барамыз,

Марина апайға мың алғыс!

Б. Настя

Ән салдырып үйреткен

Әр түрлі би билеткен

Анастасия Юрьевняға мың алғыс!

Ш. Алина.

Талай-талай баспалдақты аттармыз

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

Алмагүль, Динара апайлардан алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.

Ән: «Ақылшым тәрбиешім»

Айналайын балалар,

Алда мектеп ана бар.

Өздеріңмен өседі,

Өнерпаздар, даналар.

Өткізіп қызық күндерді,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Алуға терең білімді,

Мектепке бағыт алдыңдар.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышқа ортақпын!

Құтты болсын тойларың!

Ән: «Сәлем саған мектебім»