СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегі еліне саяхат. Даярлық тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық, Коммуникация.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты:

а) Ертегі, ертегі әлеміне қызығушылығын қалыптастыру;

ә) Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен  мүсіндеу дағдыларын меңгерту, ойын арқылы тапқырлыққа үйрету, шығармашылығын ұштау;

б) Ертегілерге қызығушылықтарын арттыру, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, айту.

Қолданылатын көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Слайд, ертегі кейіпкерлерінің муляждары, суреттер, ермексаз, тақтайша, пластик қасықтардың бастары

Просмотр содержимого документа
«Ертегі еліне саяхат. Даярлық тобы»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 18.10.2017ж.

Білім беру саласы: Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық, Коммуникация.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты:

а) Ертегі, ертегі әлеміне қызығушылығын қалыптастыру;

ә) Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен мүсіндеу дағдыларын меңгерту, ойын арқылы тапқырлыққа үйрету, шығармашылығын ұштау;

б) Ертегілерге қызығушылықтарын арттыру, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, айту.

Қолданылатын көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Слайд, ертегі кейіпкерлерінің муляждары, суреттер, ермексаз, тақтайша, пластик қасықтардың бастары.

Қостілдік құрам: Ертегі – сказка – fairy-tales

Үй – дом – house

Балапан – цыпленок – chiken

Тәрбиеші: Кожабекова Жаннур Кайрбековна

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Күн шығыпты, алақай

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз тату болайық!

Балалар шеңберге тұрып, бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Балалар бүгін бізде өзгеше сабақ болады. Осы уақытқа дейін көп ертегілермен танысып, естіп білдік. Енді біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз «Ертегілер еліне» аттанайық.

  • І-ші аялдамаға да келдік, балалар, қане, тақтадағы суретке қарап қандай аялдама екенін тауып көрейікші.

  • Қане, балалар, «Шалқан» ертегісін есімізге түсірейік.

Дидактикалық ойын «Шалқан»

Фетрға ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді жапсыру.

  • Ал, балалар, енді саяхатымызды жалғастырайық.

Поезбен саяхатқа аттанады.

  • ІІ-ші аялдама қандай екенін білу үшін тақтаға назар салайық, балалар. Қай ертегінің суреттері бейнеленген?

Сұрақ-жауап:

  1. Үйшікке бірінші болып кім келеді?

  2. Тағы кімдер келеді?

  3. Соңынан кім келеді?

Аю топқа көңілсіз, жылап келеді.

  • Аютай-ағатай, саған не болды, неге көңілсізсің?

Аю: - Мен үйшікті бұзып алдым. Соған көңіл күйім болмай, мазам қашып тұр. Сендер маған көмектесесіңдер ме, балалар?

  • Олай болса алдымен аюды көңілдендіріп алайық.

Сергіту сәті.

Ырғақты әуенмен тақтаға қарап балалар сергіту сәтін жасайды.


  • Ал, балалар, енді аюдың үйін құрастыруға көмектесейік.

Аю: - Балалар, мен сендерге ризамын. Рахмет сендерге. Алғысым шексіз. Балалар сендерге келе жатып терген алмаларым бар еді, соны өздеріңе алғысым деп білерсіздер. Сау болыңдар.

Балалар иықтарынан ұстап саяхатқа қайта шығады.

  • ІІІ-ші аялдамаға да келіп жеттік, балақайлар. Суретке қарап айтыңдаршы, бұл қандай аялдама?

Тауқтың дауысы шығады. Әуенмен залға тауық келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен өзімнің балапандарымды жоғалтып алдым. Сендер маған балапандарымды табуға көмектесіңдерші.

Балалар шығармашылық саласы бойынша дәстүрден тыс әдіспен тауықтың балапандарын жасауға кіріседі.



  • Балалар, мен сендерге дән ризамын. Рахмет. Сендерге әкелген алтын жұмыртқаларымды табыстасам деймін. Сау болыңдар, балапандарым.

Поездың дыбысы шығып, балалар поезға мініп топқа аттанады.

Балалар бір-бірінің иығынан ұстап поездың дыбысымен саяхатқа аттанады.



Тақтадағы ертегі суреттеріне қарап балалар «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.


Нұрай «Шалқан» ертегісін айтады. Топ балалары «Шалқан» ертегісін ретімен жапсыру ойынын ойнайды.









  • «Үйшік» ертегісі




  • Тышқан.

Балалардың жауабы.

  • Аю.








  • Әрине көмектесеміз.




Балалар аюмен бірге тақтаға қарап сергіту сәтін орындайды.

Балалар аюдың үйшігін құрастырып береді.









Балалар аюмен қоштасады. Шығарып салады.





  • «Шұбар тауық»



Балалар тауықпен амандасып, балапандарын табуға көмектеседі.



Балалар балапандарды ермексаз бен пластик қасықтың бастарын қолдану арқылы жасайды.





Балалар тауықпен қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

  • Біз бүгін қайда саяхатқа шықтық?

  • Қандай аялдамаларға тоқтадық?




  • Аюға қалай көмектестік?


  • Ал тауыққа ше?

  • Ия.


  • Ертегілер еліне.


  • «Шалқан», «Үйшік», «Шұбар тауық»



  • Үйшігін тұрғызып бердік.

  • Балапандарын тауып бердік.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегілерді өз беттерімен айта алады.

Игереді: Қолданбалы материалдардан балапан мүсінін жасауды игерді.

Меңгереді: Үш тілде ертегі кейіпкерлерін атай білуді меңгерді.
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!