СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есептің емес, шабыттың ақыны - Серік Тұрғынбеков

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл материалда жерлес ақын Серік Тұрғынбековтың өмірі мен шығармалығы жайлы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар бірнеше шығармаларына кеңірек толқталған.

Просмотр содержимого документа
«Есептің емес, шабыттың ақыны - Серік Тұрғынбеков»

ЕСЕПТІҢ ЕМЕС, ШАБЫТТЫҢ АҚЫНЫ – СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКОВ.



Есептің емес, шабыттың ақыны қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, аға буын ақындардың бірі - Серік Тұрғынбеков – өз оқырмандарын қалыптастырған қаламгер.Жалпы ақынның өміріне және шығармашылығына тоқтала кетсем: Серік Тұрғынбеков - 1946 жылы 1 наурызда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Тосын құмында, Төлеген қыстауы деген жерде дүниеге келген. 1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Торғай ауылындағы Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясына қызметке орналасқан. 1967– 1973 жж. Қазақ радиосында аға редактор, 1973–1978 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі, 1978 жылы Халық творчествосы үйінде фольклор бөлімшесінің жетекшісі, 1980 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор, 1981– 1985 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып істеді. Бұдан соң «Ақиқат» журналында, Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театрында түрлі қызметтер атқарды. Қазір Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры. Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Сонымен бірге аудармамен де айналысады. Оның аудармасымен А.Твардовскийдің лирикалық өлеңдері «Перзент сыры» деген атпен (1984, «Жалын»), «Бауырлас жырлар» сериясы бойынша П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» поэмасы (1985, «Жазушы») оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Шығармалары: Қобыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Көкейкесті. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; Торғай толғауы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Жүрегімнің сәулесі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1983; Тыңда түлегендер. Очерктер. А., «Қайнар», 1983; Кеш келген көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Жерорта. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998.


Ақын өлеңдері мен поэмалары әлдеқашан оқ өлеңдерінде ақындық мінез бар. Серік Тұрғынбеков өлеңдерінен бірде Сарыарқаның салқар даласын аңырата ескен сабат самалды сезінесіз. Енді бірде апшыны қуыра аңқалатқан аптап аңызаққа тап болғандай күй кешесіз. Ал енді бірде Арқаның орай даборай соққан ақ боранын анық аңғарасыз. Бұл – босқа айтылған әдепкі айшықтау, көркемдеу емес. Ақынның кез келген өлеңінен ел сөзін ұстар азаматтық позициясы, ақындық айбарлы үні айқын мен мұндалып тұрады. Махамбеттен үлгі алдым, Қасымдардан.

Қалған бір көз мен шығар асылдардан.

Ашық күнде, аспаннан жай түскендей,

Ащы даусым шығады – ашынғаннан.

Ақындық өнердің қасиеті, мүмкін құдіреті – бір шумаққа күллі ғұмырды сыйғызып жіберу болса керек.

Балалық – ерте өліп кетті.

Жігіттік – тер төгіп кетті.

Алаулап маздап жанған махаббатым

Күлге айналып – өртеніп кетті.

Бар сезім – ақылға айналды,

Әр сөзім – нақылға айналды.

Боз дала – тақырға айналды

Бозбала – пақырға айналды.

Мұндағы әрбір тармақтағы айтылар ойды ақынның өз басынан өткен дәурен десеңіз де, соғыстан кейінгі ашпа-жалап кезеңде туған бүкіл бір буын ұрпақтың басынан өтіп, бізге жетіп отырған дәуір шындығы десеңіз де, жаңылыспайсыз. Шындық – осы. Ақын дегеніңіз де бәйгеден дәмелі қыз табан жүйрік сияқты ғой. Жүйріктің де бабы келіссе, бағы келіспейтін кеп және бар. Бабы келіспесе де жүйрікпен жарысқан жабының «батыраш-барақпайлықтың» байырғы жолымен бағы асатыны, шын жүйрікті қу томарға сүріндіретіні тағдыр тәлегі және бар. Бұл тағдыр Серік ақынды да айналып өтпегенге ұқсайды. Оны мына өлең шумақтарынан байқауға болады:

Арыны күшті Ақын ем,

Жалғаған жақын-жырақты.

Құйғытып келе жатыр ем,

Қапысын тауып құлатты.

Құлатты өңшең жырынды.

Қадірін білмей қаламның.

Аралар қайда бұрынғы,

Масаға неғып таландым?! ...

– «Аһ» ұрғанымды қайтесің?!

Таусылды ақын амалы,

Құла түз – шапқан құр аттай.

Жағымпаздардың заманы,

Қоймайды жарға құлатпай.

Адам ғұмырда кім болып тусаң да, ғұмыр бойғы еткен еңбегіңнің шынайы бағасын көріп, жемісін жеген дұрыс қой. «Жағыну мен табыну қолдан келмей, арнасында шалқып бір толған көлдей» деп ақын, өлеңдерінде жағымпаздардан аулақ болуға үндейді.

Атымды шақырмаймын атақпенен,

Ісімді танытпаймын шатақпенен

Мен үшін қалам – қанжар,

Сол қанжарды бұлтартпай әділдікті айту үшін, биліктің тамағына тақап келем,- деген екен.

Серік Тұрғынбекұлының мына өлеңі патриоттылыққа үгіттейді:

Сүйе алмасам ұлтымды,

Ойлағаным – қарақан бас-құлқынды.

Сақта Құдай, сатқын болып кеткеннен,

Сақтай алмай – салт пен дәстүр ғұрпымды.

Мен ұлтшылмын – ұлтыма бас иемін.

Ұлтым үшін отқа түсіп-күйемін. ...

Сөйлемейді домбыраның қос шегі,

Нықтап тұрып орнатпаса тиегін.

Ұлтын сүю, ұлтының салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын қастерлеу – менің парызым, - дейді, шындық ақыны.

Жұртшылықтың көбісі, Серік Тұрғынбековты «Арнау өлеңнің алыбы»деп айтады. Олай айтар себебі: оның арнау өлеңдері түсінген адамға мол мағлұмат береді. Әрбір арнауының кейіпкері, тағдыр тәлкегіне түскен, көп қиындық көрген адамдар. Сол арнауларға тоқталсақ:

Қазақ әлемін қажырлы қаламнан туған отты жырларымен дүр сілкіндірген алаштың арда ақыны - Серік Тұрғынбекұлының өлеңдерін оқығанда туындаған ойлар еді. Қазақ поэзиясының мерейі асқақтап, ақындарымыздың отты жырлары бітпесін!