СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есімдік 6-сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнініен ашық сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Есімдік 6-сынып»

Сабақтың тақырыбы: Есімдік

Мұғалімнің аты-жөні: Кожагулова Жаннур

Күні: 05.12.2017

Сынып: 6 «д»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың негізделген оқу мақсаттары:

Білімділік: Есімдік туралы түсінеді, жіктеу есімдігі туралы мағлұмат алады

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу шеберліктері жетілдіріледі.

Тәрбиелік: бірін-бірі сыйлайды, ұжым болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: адасқан әріптерді жинай алады, есімдік бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, топттық жұмыстарды орындай алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: есімдік тақырыбы бойынша берілген тапсырмалардан есімдіктерді ажырата алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: тақырып бойынша қосымша тапсырмаларды орындай алады

Бағалау критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Өз ойларын анық жеткізеді. Топтық тапсырмаларды орындай алады.

Ресурстар

Топ атауы жазылған парақша, бағалау парақшасы, А3, маркер, скотч, әріптер, АКТ, қорап, кубик, гүлдер

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, музыка, салауаттану

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы

Ресурстар

Ұйымдастыру

8 минут

  1. Оқушылармен амандасу

Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, орындарымызға отырмай тұрып, шеңбер болып тұрайық.

Музыка ойнайды. Оқушылар шеңбер құрады.(оқушылардың қолында қорапша болады) Шеңбер бойымен қорапша айналады. Әуен тоқтағанда қорапшаның айналып жүруі тоқтайды. Сол сәтте қорапша кімнің қолында болса, сол оқушы қорапшаның ішінен бір парақ қағазды алып, сұраққа жауап береді.

Мақал-мәтелді оқып, сан есімді тап. Сан есімнің құрамына қарай дара, күрделілігін анықта. Мағынасына қарай қай сан есімге жататын айт.

  1. Жігітке жеті өнер де аз.(есептік)

  2. Он екі айда он үш той. ( есептік)

  3. Шындық – сегіз, бақыт – егіз. ( есептік)

  4. Қыстың соңы жеті тоғыс, (есептік)

Көктем басы бес тоғыс.

  1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. (есептік)

  2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. (топтау)

  3. Жеті атасын білмеген жетесіз. (есептік)

  4. Бірінші байлық – денсаулық, (реттік)

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.


Балалар қазір кім қай гүлді алғысы келеді.

Топқа бөлу

Топтың «Алтын ережесін» құру (2 мин)


Интербелсенді тақта







Қорап

Сұрақтар

Интербелсенді тақта













18 гүл

Топ атауы жазылған қағаздар,

бағалау парақшасы, интербелсенді тақта,

А3 парақ




Ортасы 27 минут

Тақырыпты ашу. «Адасқан әріптер» әр топқа әріптер таратылады. 1-2-топқа есімдік, 3-топқа жіктеу (1 мин)

Жарайсыңдар, біз бүгін «Есімдік», «Жіктеу есімдігі» тақырыбымен танысатын боламыз. Енді барлығымыз тақтаға назар аударайық!

Есімдік

Қарамен жазылған сөздерге назар аударыңдар, олардың қызметін түсіндіріңдер. Оларға сұрақ қойыңдар.

Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Мен оған хат жазып тұрамын. Мұндайда кім қуанбайды дейсіз?


Қарамен жазылған сөздер есімдіктер деп аталады.

Мысалы: Бірінші сөйлемдегі Талғаттың есімін екінші сөйлемде ол есімдігі ауыстырып тұр. Үшінші сөйлемдегі баяндаушы адам мен Талғаттың есімдерін тағы да мен, оған есімдіктері алмастырып отыр. Төртінші сөйлемдегі зат есімнің орнына кім есімдігі басқан.

Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.

Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, 60-70-тей.

Есімдіктердің мағынасы басқа есімдерге қарағанда жалпы (абстрактылы) болады. Мысалы, Жанат – мұғалім дегенде, мұғалімнің кім екені нақты аталған, ол – мұғалім дегенде нақтылық жоқ. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдігі: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер.

  2. Сілтеу есімдігі: ол, сол, бұл, осы, ана, анау, сонау, әне, міне, әнеки, мінеки.

  3. Сұрау есімдігі: кім? не? қалай? қашан? қандай? т.б.

  4. Өздік есімдігі: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзімнің, өздіріңіз.

  5. Жалпылау есімдігі: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүгін, тегіс, түгел(тамам, дүйім, мұқым)

  6. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, дәнеңе,дәнеме, ешкім, ешқашан, түк, дым.

  7. Белгісіздік есімдігі: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей, әркім, қайбір, әлдебіреу, кейбір, біреу, әлдекім.

Белгілі бір жақтық ұғыммен (затқа, адамға қатысты) байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.


Жақ

Жекеше

Жақ

Көпше

I

Мен (айтушы, сөйлеуші)

I

Біз (айтушылар, тыңдаушылар)

II

Сен (тыңдушы)

II

Сендер (тыңдаушылар)

II(сыпайы түрі)

Сіз (тыңдаушы)

II

Сіздер (тыңдаушылар)

III

Ол (бөгде жақ)

III

Олар (бөгде жақ)


Жақ

Жекеше

Жақ

Көпше

I Мен

оқушымын

сұрадым

I Біз

оқушымыз

сұрадық

II Сен

оқушысың

сұрадың

II Сендер

оқушысыңдар

сұрадыңдар

II Сіз (сыпайы түрі)

оқушысыз

сұрадыңыз

II Сіздер

оқушысыздар

сұрадыңыздар

III Ол

оқушы

сұрады

III Олар

оқушылар

сұрады

  1. Жоғарыдағы кестеден байқағандарыңдай, жіктеу есімдігі зат есімді, етістікті үш жақта, жекеше, көпше түрде түрлендіреді.

  2. Мен, сен, ол есімдіктері барыс септігінде түбірімен қопарыла септеледі.

Атау септік мен, сен, ол

Ілік септік ме-нің, се-нің, о-ның

Барыс септік ма-ған, са-ған, о-ған

Табыс септік ме-ні, се-ні, о-ны

Жатыс септік мен-де, сен-де, он-да

Шығыс септік ме-нен, се-нен, о-нан( о-дан)

Көмектес септік мен-і-мен, сен-і-мен, он-ы-мен

  1. Жіктеу есімдіктері әрқайсысы өз жағында жіктеледі: мұны айтқан – менмін, кеңес берген – сізсіз, үлгі көрсеткен – сенсің, іске асырған – олар.


Жазылым. 1-топ 158-тапсырма (5 мин)

2-топ 163-тапсырма

3-топ 158-тапсырма

158-тапсырма.

Міне, содан бері көп жылдар өтті. Бірақ Хамзаның жарқын бейнесі әлі көз алдымда. Оның айтқандарының бәрі есімде. «Елге қайтқан соң осы бастан кешкен өмірдің баршасын дастан етіп жазамын», - дейтін ол. Соның барлығында мені жанынан тастамай, өзімен бірге ертіп жүрмекші еді. Бірақ фашистер қыршын жасты ол арманына жеткізбеді. Оның жас өмірін, үлкен талантын қиын етті. Арада көп уақыт өтті. Хамзаның туыстары қайда екен? Оның апайы қайда? Олардың қолында оның қаламынан туған не бар екен?

163-тапсырма.

Менің ұлым – сенікі,

Сенің ұлың – менікі,

Ер туған ұл – сенікі,

Бақытты біздің жердікі.


Менсіз таңы атпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Жүрсем оның жанында,

Күлімдеймін, шаттанам.


«Куббизм» стратегиясы. (5 мин)

1-жағы. Мен есімдігін септе

2-жағы. Сен есімдігін септі

3-жағы. Есімдікті қатыстырып сөйлем құра.


Адасқан әріптер










А3











А3

















































Оқулық























кубик


Қорытынды 5 минут

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады

Егер сабақ ұнаса, желкенді қызыл түске, ұнамаса – көк түске бояиды. Тақтада ілініп тұрған суретке жабыстырады.


Бағалау парақшасы,


Бекітемін:______________

Әдескер: Мусина К.С.

Бағасы:__________________








  1. Жігітке жеті өнер де аз.


  1. Он екі айда он үш той




  1. Шындық – сегіз, бақыт – егіз


  1. Қыстың соңы жеті тоғыс,

Көктем басы бес тоғыс.


  1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.


  1. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.




  1. Жеті атасын білмеген жетесіз.


  1. Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.








Топ:

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Адасқан әріптер»

Топтық тапсырма

Куббизм

Баға












































Топ:

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Адасқан әріптер»

Топтық тапсырма

Куббизм

Баға


















































Топ:

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Адасқан әріптер»

Топтық тапсырма

Куббизм

Баға





























































































Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдігі: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер.

  2. Сілтеу есімдігі: ол, сол, бұл, осы, ана, анау, сонау, әне, міне, әнеки, мінеки.

  3. Сұрау есімдігі: кім? не? қалай? қашан? қандай? т.б.

  4. Өздік есімдігі: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзімнің, өздіріңіз.

  5. Жалпылау есімдігі: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүгін, тегіс, түгел(тамам, дүйім, мұқым)

  6. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, дәнеңе,дәнеме, ешкім, ешқашан, түк, дым.

  7. Белгісіздік есімдігі: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей, әркім, қайбір, әлдебіреу, кейбір, біреу, әлдекім


Ж І К Т Е У







Е С І М Д



І К







І топ













ІІ топ















ІІІ топ