Қазақ тілі.3-сынып.
(электронды нұсқадағы ашық сабақ)
Тақырыбы: ЕТІСТІК
Мақсаттары:
2сыныпта алған білімді кеңейту. Қимылды білдіретін сөз таптары жайлы білімді тереңдету.
Ой-өрістерін кеңейту.Сөздік қорды молайту.Сөз таптары жайлы білімді дамыту.
Ақылды,тәртіпті,ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,топтық,жеке.
Көрнекілігі: слайдтар,кесте(етістік)
Өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ тақырыбын,мақсатын хабарлау.
-Сабақты ақын,ойшыл,аудармашы Шәкәрім Құдайбергенұлының мына сөздерімен бастайық.Осы сөздерден үлгі алуға тырысайық.(1,2,3- слайдтар)
Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ.
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.
Сабағымыздың ұраны: (хормен айтқызу:4-слайд)
Сабақтың ұраны:
Алда болып сабақтан,
Оқы,үйрен,талаптан!
ІІ.Дәптермен жұмыс: (5-слайд)
Көркем жазу минуты:
Н н әрпін жазу.
Сөздер жазу :Наурыз нан намыс немере
ІІІ.Өтілгенді пысықтау: (6- слайд)
Сұрақтар қою:
-Қандай сөз таптарын білеміз?
-Зат есім дегеніміз қандай сөз табы?Сұрақтары?
-Қандай з.е.кім?не?сұрағы қойылады?Көпше түрдегі з.е. сұрақтарын айт.
-Қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
-Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
-Зат есім қалай өзгереді?Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?Мысал келтір.
Досжан: Баланы,ананы, Күллі Әлемде
Даланы,қаланы, Қандай зат бар,
Орманды,тоғайды, Қандай ат бар.
Торғайды,торайды... Қандай ұғым бар-
Қысқасы бар елде, Айтады барлығын-ЗАТ ЕСІМ.
ІҮ.Жаңа сабақ: (7,8- слайдтар)
Суреттер бойынша жұмыс жүргізу:
-Мына суреттегі заттардың аттарын атап,олардың қимылын білдіретін сөздер тауып айтыңдар.
-Сол сөздерге сұрақтар қойыңдар.
-Ереже тұжырымдау:
Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейді.Етістіктер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.Не істеді?неғылды?қайтті?сұрақтарына жауап береді.
Ү.Оқулықпен,дәптермен жұмыс.Жаңа білімді пысықтау: (9,10,11,12- слайдтар)
«Ой қозғау» стратегиясы:
2-жаттығу.Жұмбақты оқып,шешуін табу.Сөйлемдердегі етістікті табу.
Етістіксіз айтып,оның сөйлем мағынасын толықтырып тұру үшін қажетті екенін айту.
Етістіктерді ғана теріп жазу:Қалақиды,үйілген,иілген,тарайды,қарайды.
«Топтастыру»стратегиясы:
3-жаттығу.Берілген сөздерге сұрақтар қою.
Олардың зат есімдер және етістіктер екенін ажырату.
Сөздерді 2 топқа бөліп жазу.
ҮІ.Сергіту сәті.(13-слайд)
ҮІІ.Өздік жұмысы: (14,15-слайдтар)
Пәнаралық байланыс орнату(дүниетану)
5-жаттығу.(Әр малдың қалай төлдейтінін жазу, тақта арқылы тексеру)
Бие құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Түйе боталайды.Ешкі лақтайды.ҮІІІ.Шығармашылық қабілетті дамыту: (16-слайд)
1-жаттығу. Сурет бойынша «Мектептегі табиғат мүйісі»тақырыбында әңгіме құрастырып жазу.
-Табиғат мүйісі деген не?Онда нелер тіршілік етеді?
-Оқушылар жануарлар мен құстарға қандай қамқорлық жасайды?
ІХ.Сабақты бекіту: (17,18,19-слайдтар)
Кестемен жұмыс жүргізу.(сөйлем құрастырып,іс-әрекетті білдіретін сөздерді табу,сұрақ қою)
Ережені еске түсіру.
17
18
19
Х.Қорытынды:Ережені хормен оқу,етістік туралы өлең тыңдау: (20-слайд)
Жанерке: Қуантады,күлдіреді, Әр шыңды бастырады,
Тұрғызады,жүргізеді, Жаңалық аштырады.
Шабытқа мінгізеді, Тынықтырады,шынықтырады,
Ойнатады,ойлатады, Жалқаулықты ұмыттырады. ЕТІСТІК
Еңбекке бойлатады,
ХІ.Бағалау.Үйге тапсырма: 4-жаттығу,ереже дәптермен жұмыс(ереже жазу)(164б) (21-слайд)