Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақ түрлерінен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нақты мысалдар келтіре отырып, етістіктің шақ түрлерінен өткенді қорытындылап, оқушылардың теориялық білімдерін сарапқа салу.
ә) Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөйлеу тілін дамыту. Сұраққа жауап беріп, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: 1. Нөмірленген асық салынған қоржын.
2. Ою - өрнек (сұрақ - тапсырмалар жазылған)
3. Етістіктің шақтары, плакат, таблица.
4. Қамшы.
5. Топ аты жазылған көрсеткіш тақталары
6. Секунд өлшегіш
7. Ұпайды көрсетуге арналған плакат «Шығамын білім шыңына».
8. Слайд арқылы қазақтың ұлттық ойындарын көрсету.
Техникалық құрал: магнитофон.
Сабақтың түрі: «Көкпар» сабақ
Құрылысы: Зерделілер сайысы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, сұрақ - тапсырмалар, топ жетекшілер сайысы, сөйлем талдау, шығармашылық жұмыс.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. «Көкпар» сабақ.
1. Ойынның шарты түсіндіріледі де, топты бөлінеді. «Рауан», «Дидар».
2. Қоржыннан топ жетекшілері көрсетілген нөмірге байланысты асық алып,карточкадағы сұрақты топ мүшелерімен ақылдасады.
1-минуттың ішінде дайындалып жауап беруге тиіс.
Сөз сұрарда қамшы көтеріп белгі береді. Егер жауап дұрыс болмаса, не жеткілікті болмаса, қарсылас команда қосымша айтуға болады. Осылайша әр команда ұпай санын жинайды, ол плакаттағы «Шығамын білім шыңына» қалтасына салынып көрсетіледі.
Әділқазылар берілген жауапқа байланысты ұпай санын жинап, жеңімпаз топты атайды.
3. Ою-өрнекке жазылған сұрақ - тапсырмалар.
1. Етістік дегеніміз не? Сұрақтары, мысал, жеті атаны ата.
2. Етістіктің шақтары. Осы шақ, түрлері, жеті қазынаны атап бер.
3. Етістіктің шақтары. Келер шақ, түрлері, жеті жұт.
4. Етістіктің шақтары. Өткен шақ, түрлері жеті күнді ата.
5. Етістіктің шақтары. Жалпы сипаттама. Үш арсыз, үш жұрт туралы не білесің?
Сабақты қорытындылау: Әділ қазылар жеңімпаз топты атайды. Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: «Жыл мезгілі» шағын шығарма, 5 сөйлем жазып келу.
Оқушылар білімін бағалау.