Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберіне тұру арқылы бір – біріне жылы лебіздерін білдіру. Мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату Оқушыларды суреттер бойынша топқа бөлу 1-топ. геометрия 2-топ. астрономия 3-топ. медицина. Сабақ басында оқушылардың зейінін аударту: Өткен сабақты пысықтау: «Кубизм» әдісі Кім? Солтүстік-батыс шекарасын көшпелі ғұн тайпаларын қорғау үшін Ұлы қорғанды салуға бұйрық берген кім? Цинь Шихуанди. Не? Терракотадан не жасалды?Барлық мүсіндер күйдірілген саз балшықтан. Қайда?Археологтар 8099 саз балшықтан жасалған жауынгерді қайдан тапты? /Цянь каласы/ Қашан?Ұлы қытай Қорғаны қашан салынды?1368-1644жж Неліктен? Елордаға аманатқа ақсүйектер отбасыларының мүшелері неліктен әкелінді? Неге? Қытайлар қағазды неге ойлап тапты? Қызығушылықты ояту кезеңі: (Ынталандырушы материал) Оқушыларға қытай өнертабысы иллюстрациялары бар слайдты көрсету :  -Қалай ойласыздар, мына слайдтағы суреттері мен фотосуреттерді не біріктіреді? - Осы суреттерге қарап бүгіңгі жаңа сабағымыз неге байланысты болады деп ойлайсыздар?
|