Әйгілі экономист ғалымдар
Орындаған: Мамырбаева Ш.С.
ЭКОНОМИСТ
Экономист - экономика , экономикалық ғылымдар саласындағы маман , сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі маман.
АДАМ СМИТ - ( ағылш . Adam Smith)
(05.06. 1723 - 17.07.1790)
— британ экономисі, философ ; шоқындырылған және 5 маусымда(16 маусым) 1723 туған, Керколди — 17 шілде 1790, Эдинбург) – шотландық экономист , философ- этик , қазiргi экономикалық теорияның негізін қалаушылардың бірі.
Адам Смит – өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист. Ол қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған.
Смит еңбек құны (құндылық) теориясының қарапайым қағидаларын мойындады, бірақ ол тек қарабайыр күйінде ғана, өндіріс құрал-жабдығы ретінде түсінілетін капиталдың еңбек үдерісінде болмашы рөл атқаратын кезінде ғана тауар айырбасын реттейді деп есептеді. Смит жүйесінде қоғам үш таптан — капиталистерден, жалдамалы жұмысшылардан және егіншілерден тұрады.
Ол теориялық жүйе және мемлекеттік саясат ретіндегі меркантилизмді қатты сынға алды. Cмиттің ілімі Ұлыбританияда және басқа бірқатар мемлекеттерде капитализмнің даму қажеттеріне сай келетін ішкі және сыртқы экономикалық саясат ұстанымдарының қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Ресейде ол басыбайлылық құқықты жою үшін дәйекті дәлел көздері ретінде пайдаланылды. Смит салық салудың, банк жүйесінің, сыртқы сауда саясатының ұтымды қағидаларын әзірлеуге де елеулі еңбек сіңірді.
А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады: -объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау; -фирмалардың және мемлекеттің экономикалық саясаттарды жүргізу, ұсыныстарын әзірлеу.
Смит сондай-ақ, ешқандай меншікке ие емес және өзінің еңбегін еңбекақыға жалданбалы жұмысшылар табын ерекше көрсетті.
А. Смиттің негізгі қателігі оның үнемі еңбекті сату деп айта беретіндігінен тұрды, ал Маркс одан кейінірек, шындығында сатып алу - сату (заты) еңбекті емес , жұмыс күшін, яғни еңбекке жарайтын қабілет екендігін түсіндірді. Капиталист еңбекті сатып алып отырып, оны еңбек процесінде пайдалану құқығын иеленеді, сөйтіп жұмысшы капиталист үшін қосымша құн жасайды.
Негізгі еңбектері:
- Теория нравственных чувств, СПб., 1895; Исследование о природе и причинах богатства народов, т. 1, М., 1994.
- Лекции по риторике и написанию писем (1748)
- Теория нравственных чувств (1759)
- Лекции по риторике и написанию писем (1762—1763, опубликованы в 1958)
- Лекции по юриспруденции (1766)
- Исследование о природе и причинах богатства народов (1776)
- Сообщение о жизни и работах Дэвида Юма (1777)
- Мысли о состоянии соревнования с Америкой (1778)
ДАВИД РИКАРДО - (1772-1823 жж) – өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А.Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістерін түзетуші.
Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген.
Оның көзқарасы (жол табушылығы) ақшаның сандық теориясына және төлем баланстарын тексерудің дағдарыстық сәттерін жете бағалауға, артық өндірудің ортақ белгілерінің мүмкіндіктерін жоққа шығаруға негізделді.
Д.Рикардо рента (таза өнім) табиғаттың сыйы деген физиократтардың заңсыз (қисық) көзқарастарын, сондай – ақ егіншіліктен алынатын табыс табиғатқа байланысты деген Смиттің қателігін көрсетті. Табиғат рентаны жасауға қатыспайды және баға деңгейін анықтамайды деп дәлелдеді. Рентаның көзі жердің құнарлылығы емес, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі деді. Ауылшаруашылық өнімдерінің құны нашар жерге жұмсалған еңбек шығындарымен анықталады.
Рикардо пайданы былайша белгіледі: -еңбек ақыдан құнның артық болуы; -жұмысшыға төленбеген еңбегінің бөлімі; -пайданың көбею тәсілі – еңбек өнімділігінің өсуі; -ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуі тамақ өнімдері бағасының өсуіне және еңбекақының ең төменгі мөлшеріне әкеледі, одан әрі, пайда нормасы төмендеп, «пайда нормасының төмендеу» заңы әрекетін бастайды.
КАРЛ МАРКС ГЕНРИХ - ( нем. Karl Heinrich Marx ; 1818 - 1883 ) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист , революционері , философ , саясаттанушы , әлеуметтанушы , тарихшы , ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі “Капиталдың” 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К. Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.
К.Маркс iргесiн қалаған қоғамдық ілім тарихта марксизм деген атпен белгiлi болды. Марксизм өзiнiң бастауын жаңадан емес, оған дейiн жасалған үш тiрекке сүйенеді, олар: немістiң классикалық философиясы, ағылшынның классикалық саяси экономиясы және француздың утопиялық социализмi. К.Маркс – классикалық экономикалық теорияның өкiлi. Ол А.Смит пен Д.Рикардоның «кұн теориясын» кұптап, оны одан әрi қарай толықтырушы болды. Кұн заңын дамытуда Маркстiң өз орны бар. Онын ойынша, дүниедегi барлық байлықты жасайтын еңбек, ол өнiмдi және өнiмсiз еңбек болып бөлiнедi.
К.Маркстiң экономикалық iлiмнде ашқан жаңалықтарының бiрi – ақша мен капиталдың ерекшелiктерi, ақшаның капиталға айналуы. Ол капиталды белгiлi заттар емес, тек қана ақша емес, ол адамдардың арасында болатын қоғамдық қатынас деп көрсеттi. Оның ойынша, адамзат қоғамының басты қиыншылықтары осы капиталды жеке адамдар иемденiп, өз мүдделерiне бағыштаудан болып отыр. Осыдан барып таптық күрес шығады деп көрсеттi.
К.Маркстің рухани революциясындағы үлкен орын алатын еңбегі 1844ж. жазған «Экономикалық – философиялық қолжазбалары». Бұл еңбектің негізі – адамзаттың антропологиялық қалыптасуы мен дамуындағы материалдық өндірістің, еңбектің шешуші ролі туралы идея.
Маркс пен Энгельс 1845ж. бірлесіп жазған «Қасиетті әулет» атты кітабында халық бұқарасының тарихтағы шешуші рөлі жайында материалистік қөзқарас дамытылып және онда өндірістегі қоғамдық қарым – қатынастар идеясына деген қөзқарас баяндалған.
К.Маркс өзінің 1847ж. жазған «Философияның қайыршылық күйі» деген еңбегінде П.Ж. Прудонның ұсақ буржуазиялық идиологиясына бағыштап, іс жүзінде пролетарлық саяси экономияның негізін жасай бастайды. Бұл еңбегінде ол саяси экономияның анықтамасын беріп, қолданатын әдістерін көрсетеді, сонымен қатар құн, ақша, рента т. б. ұғымдарына тоқталады.
ДЖОН МЕЙНАРД КЕЙНС - ( ағылш . John Maynard Keynes ), ( 5 маусым 1883 - 21 сәуір 1946 ) — ағылшын экономисті, экономикалық теорияның кеңістік бағытының негізін салушы. Макроэкономиканы жеке ғылымға айналдырған ғалым деп саналады.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады.
Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдылығын теріске шығарды.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар: – қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру; – экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу. – экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы; – экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді; – капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді.
ФРИДРИХ ФОН ХАЙЕК - австриялық мектептің көрнекті өкілі, танымал экономист, Нобель сыйлығының иегері.
«Дорога к рабству»
Бұл кітап жиырмасыншы ғасысрда үлкен көрегендікпен жазылған туындылардың бірі. 1944 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталар қарсаңында жазылған. Бұл еңбек батыс елдерінде капитализм мен тарихи даму бірізділігін сақтап қалды. «Дорога к рабству» кітабы әлемдік саясат пен экономикаға қатты ықпал етіп, АҚШ-та Рейган кезіндегі және Ұлыбританияда Тэтчер дәуіріндегі экономикалық саясаттың келбетін анықтап беруге түрткі болды.
ПОЛ ЭНТОНИ САМУЭЛЬСОН ( 15 мамыр 1915 ж.т., - 13 желтоқсан 2009 ) — АҚШ экономисті.
Самуэльсонның бірінші зерттеулері, "Foundations of Economics Analysis (Экономикалық талдау негіздері)" атты кітабында жиналды. Бұл кітапта, кейбір негізгі экономикалық идеялар жалпы экономикадағы идеялармен даулы келеді. 1954 жылы шығарған бюллетеньдер бар сызықтық бағдарламалауында, депозиттердің үрдісі, эконометрикада бар мультипликативті-үдеткіштің байланыс мәселелері мен шешімдерін көрсетті. Кейінірек әр түрлі басылымдарда жарияланған мақалаларында ол еркін сауда және өндіріс тұрғысынан кейбір кеңестер тапты. Британдық экономист Джон Мейнард Кейнс Самуэльсонге жұмыс істейтін ең маңызды идеялардың бірі экономикалық тұрақтандыру саласында мақалалар жазған.
Назарларыңызға рахмет!