Просмотр содержимого документа
«ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Нан қайдан келеді?»
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 04.04.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып: Ас атасы- нан
Тақырыбы: Нан қайдан келеді
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Нанның дастарғанға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендедің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Нан туралы мақал- мәтелдерді, тыйым сөздерді, тақпақты оқу және қайталату, балалардың сөздік қорын жетілдіріп, тілін дамыту.
3.Оқыту: Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын жерге тастамай, оны қастерлей білуге баулу.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: егістік, трактор, наубайхана, ұн, нан суреттері
Билингвалдық компонент: нан- хлеб
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелейміз.
Нанның қандай түрлері бар екен? Айтындаршы?
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгіме жүргізу.
-Дұрыс, балалар, нан ақ нан, қара нан, батон нан, қара нан, бөлке, бауырсақ, немесе тәтті бөлкелер, тоқаштар болып бөлінеді екен.
Нанның неден пісіретінін білесіңдер ме?
-Әрине, ұннан пісіреді. Ал ұнды қайдан алады?
-Адамдар алдымен жерді трактормен жыртады, кейін тұқым себеді. Оны суарады. Күзде егін піседі оны комбайынмен жинайды. Диірменге апарады, бидайдан ұн дайындалады. Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсындар?
-Наубайханаға апарады, наубайыншылар ұннан неше түрлі нанды дүкенге жібереді.
2.Сергіту сәті
Нан қиқымын шашпандар,
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастандар.
3. Сөздік жұмыс
Наубайхана- тағам өнімдерінің ішіндегі көш басшыларының бірі болып нан пісіру саласы болып саналады.
4.Үлестірмелі материалмен жұмыс
Суретте берілген батон нанның бір бөлігін бояу.
5.Тыйым сөздермен таныстыру.
-Балалар, нан бізге оңай жолмен келмейді екен, сол себепті нанды қастерлеуіміз керек.
Нан қиқымын шашпа, қалдығын тастама. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды тауысып жеу керек.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сұрақтар:
1.Балалар нан дастарханға қалай келеді?
2.Нанның қандай түрлері бар?
Балаларды мадақтау.