Просмотр содержимого документа
«ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Наурыз келді»
ІІ кіші «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.03.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Өнер- көзі халықта
Тақырыбы: Наурыз келді
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды халқымыздың салт- дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерешеліктері туралы түсініктерін дамыту.
3.Оқыту: Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: наурыз көже, наурыз мейрамының суреттері
Билингвалдық компонент: мейрам- праздник
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Наурызға арналған тілектер айту.
Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге тілектерін білдіреді.
-Наурыз құтты болсын!
-Ақ көп болсын!
-Жақсылық мол болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгіме жүргізу.
-Наурыз-көктемдегі адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі.Наурыз жыл басы деп аталады. Бұл күні барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Бір-біріне «Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын»деген тілектер айтады.
2.Суретпен жұмыс.
-Адамдар Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.
«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп,наурыз көжеден дәм татса,үй йесіне соншама жақсылық келеді,бақыт қонады»деген ниетпен адамдар бір-біріне қонаққа шақырады.
Наурыз күні не пісіріледі?
-Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық тағамының бірі-Наурыз көже пісіріледі. Балалар наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды. Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.
3. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары, төмен қарайық,
Қос аяқтап секіріп,
Бойымызды жазайық.
4. Ойын: «Қуыр-қуыр-қуырмаш»
Қуыр-қуыр-қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе,есік аш.
Балалар қолдарын ашып,бас бармақтан бастап,шынашаққа дейін саусақтардың атын түгел атап береді:бас бармақ,балаң үйрек,ортан терек,шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.
5. Сөздік жұмысы
Наурыз көже- 7 түрлі тағамнан дайындалады. Олар: бидай, ұн, мейіз, су, күріш, ет, құрт. Наурыз көже қазақ халықының ұлттық тағамы.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Балалар кубикті лақтырып, шыққан сурет бойынша сұраққа жауап береді.
Балалар берілген сұраққа жауап береді.