СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» тақырыбында ғылыми жоба

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жоба тарих секциясы бойынша "Ілиям Омаров атындағы  қазақ драма театры" тақырыбында Абдугалиева Айымның зерттеу жұмысы "Зерде" ғылыми жоба конкурсында қорғалды. 

Просмотр содержимого документа
««Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» тақырыбында ғылыми жоба»

МАЗМҰНЫ


Жоба тақырыбы: «Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры»»

Мазмұны



  1. Кіріспе

І.Омаров атындағы - мәдени-сахналық мекеме

ІІ. Негізгі бөлім

1. Театрдың шығу тарихы.

2. Театрдың сахналық өміріне саяхат.

3. Театр келбеті бала тілімен.

ІІІ. Қорытынды

1.Театр –өмірдің рухани айнасы.

Пайдаланған әдебиеттер .






















Түйіндеме

Зерттеу жобамның тақырыбы: «Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» деп аталады.

Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады:

1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының тарихы,өнер ордасының даму жолы тайтылады.

2. Негізгі бөлімде Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының мәдени,тарихи дамудағы ғимарат келбеті, қалануы, атаулы маңызды күндері, өнердегі сахна әртістерінің еңбектері туралы баяндалады.

3.Қорытындыда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының тарихта ұрпаққа құндылығы ашылады. Балаларға, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының қойылымдарына барып,мәдени дамуды ұсынамын.
















  1. Кіріспе

Толық атауы: Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Мекен жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 144,

Театрдың директоры: Кемельбаев Сабыралы Байғазыұлы

Театрдың құрылған жылы: 14 қыркүйек 2000 жыл

Жаңа ғимаратқа көшкен жылы : 12 қаңтар 2012 жыл

Зерттеу мақсаты-тіндеттері: Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мәдениетке қосқан үлесін танып, дәріптеу

Зерттеу кезеңдері:

1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланысу

5.Материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау

Зерттеу әдістері мен тәсілдері: Талдау, бақылау, мәлімет жинау, сауалнама,сұхбат алу,













  1. Ілияс Омаров атындағы – мәдени – сахналық мекеме.

2010 жылы 2 қыркүйек айында жаңа ғимараттың кірпіші қаланып, 2011 жылдың желтоқсан айында құрылыс салынып бітті. 2012 жылдың 12 қаңтарында жаңа ғимараттың яғни жаңа театрдың салтанатты ашылуы болды. Театр төрт қабаттан орналасқан. Театр киім ілгіштен басталады демекші, 1 қабатында, киім ілгіштері орналасқан. 2 қабатында, көрермендер залы сонымен қатар 3 қабатында кіші залы бар. Төртінші қабатында би залы және жаттығу залдары орналасқан. Театрда екі зал бар, біріншісі көреремендер залы ол 260 орындықтан орналасқан. Екінші залы кіші зал 50 орындықтан орналасқан. Сонымен қатар 13 орындықты балконы бар. Жұмыскерлер саны 106 бірлікті құрайды, оның ішінде 40 шақты әртіс жұмыс істейді. Театрда әртістердің 10 гриммдік бөлмесі бар. Екі репитициялық залы және би , жаттығу, музыкалық жазу бөлмесі, жарық беру бөлмесі, синхрондық аударма бөлмесі, дыбыс операторлар бөлмесі, гриммдік бөлме, реквезиттік бөлме, киім қоймасы орналасқан. Театрдың барлық көлемі 8070 шаршы метрді құрайды. Театрдың құрылысын салушы «Рудныйсоколовстрой» Акционерлік Қоғамы. Театр қазақи келбетті өю - өрнектеліп салынған. Баршаға мәлім, елімізде 2000 жыл – мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Оның жалпы руханиятқа тигізер ықпалы ерекше. Себебі кең байтақ республикамызда қаншама өнер шаңрақтары дүниеге келіп, талғампаз қауымды қуанышқа бөледі.

Қазақта бір басына бірнеше қасиет жиналған аса дарынды азаматтар саусақпен санарлық. Соның ішінде бірегейі ұлтымыздың ерекше қадір тұтқан перзенті Ілияс Омаров атамыз еді. Ілияс Омаров 1912 жылы 1 қазанда Қостанай облысының Сарыкөл ауданының Жазыби ауылында туып өскен. 1945 жылы Ілияс Омаров атамыз КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Тау тұлға, көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы-публицист, көптің бірі емес бірегейі болған кісі. Нағыз адал еңбек етудің арқасында осындай дәрежеге жеткен, елдің елеулі - халқының қалаулы ұлы бола білген, Ілияс Омаров атамыздың атына театр беруді Елбасшымыз ұйғарған. 2000 жылдан бері есігін көрермендерге айқара ашқан өнердің қара шаңырағының бірі – Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры. Қыркүйек айының 14-інде осы парасат ордасында Қазақстанның Еңбек Ері, аса дарынды жазушы Әбіш Кекілбаев пен қайталанбас қаламгер Сәкен Жүнісовтың пьесасы бойынша «Абылай хан» қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Осылайша Қостанай шахарында театр шымылдығын ашқан екен. Осы драмалық туындыны, Қазақстан Республикасының Президенті -Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев облысқа келген сапарында көріп, театр ұжымына сәт-сапар тіледі. Елбасы өнер даңқты жерлесіміз, сан қырлы азамат Ілияс Омаровтың есімін беру жөнінде ұсыныс жасағаны да қала жұртшылығының есінде. Содан көп өтпей, театр үжымына Үкіметтің арнайы қаулысымен, қайталанбас тұлғаның есімі берілді. Содан бері де арада қаншама жылдар өтті. Бұл күндері театр жиі бас қосатын киелі орнына айналды. Өзекті мәселелерді қозғаған көптеген спектакльдер дүниеге келіп, көрермендер тарапынан өзінің жоғары бағасын алды. Қазір де әріптестер тың ізденіс үстінде. Өткен кезең ішінде өнер ұжымы қаншама дарынды жастармен толықты.







































II Негізгі бөлім

  1. Театрдың шығу тарихы.

Еліміздің егемендік алуы, мәдениетіміз бен өнеріміздің өркендеуіне де кеңінен жол ашты.Арқалық қаласындағы театрдан жеке бөлініп, 2000 жылы қыркүйекте қазақ драма театры, тарихын тұңғыш рет Қостанай қаласында ашты. Оның тұсау кесер тойына Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың өзі қатысып, «Абылай хан» спектаклінен үзінде көрді. Онда Президент өнер шаңырағына сәт сапар тілеп, өнер ордасын қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Ілияс Омаровтың есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Міне, содан бері - осы қазақ драма театры талғампаз қауымның нағыз парасат ордасына айналды. Бұл өнер ордасына да биыл 18 жыл болды. Осы уақыт арасында өнер ұжымының шеберлігі шыңдалып, жас дарын иелерімен толыға түсті. Олардың бәрі де, Ілияс Омаровтың атына сай қызмет атқарып, көрермендерді тың туындыларымен, ұдайы ізденістерімен қуанта беруге ұмтылыс жасап келді. Театрдың репертуарында бүгінгі таңда 108 қойылым қойылып, оның ішінде классикалық туындылармен толығып келеді. Бұл театр 2012 жылы 12 қаңтарда жаңа ғимартқа көшіп, онда әртістердің шығармашылықпен әрі тың іздесіпен жұмыс істеулеріне барлық жағдай жасалған. Ілияс Омаров небары 85 жыл ғана ғұмыр кешті. Алайда, адаманың жасы көп өмір сүргеніңнен емес, халқына сіңірген еңбегімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақтың көрнекті ірі тұлғасының әрқашан да еңсесі биік, мәртебесі үстем. Оның кезінде жүзеге асыра алмаған көптеген асыл армандарын оның ұрпақтары, шәкірттері, шапағатын көрген өнер адамдары жүзеге асырып жатыр. Өнер өлкесінде туған аталарыма тоқтала кетпесем болмас. Олар Серке Қожамқұлов - Қазақ ССР халық артисі, Социалистік еңбек ері. 1896 жылы мамырда Қостанай облысы Қарабалық ауданында дүниеге келген. Елубай Өмірзақов – домбырашы әнші, Қазақ ССР халық артисі.1899 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген. Қапан Бадыров - Қазақ ССР Халық артисі . 1904 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданында дүниеге келген. Әнуар Боранбаев – Қазақстан Республикасының халық артисі. 1948 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. Сіздер біз үшін қазақ мәдениетінің жарқын жұлдызысыздар.







  1. Театрдың сахналық өміріне саяхат.



Театр –өнер ордасы. Онда ән әуелеп, күй төгіледі, жыр ағылып, небір әзіл – сықақ нақышына келтіріле орындалады. Онда әртүрлі мәдени әдеби кештер өтіп, бірнеше жанрдағы қойылымдар қойылады. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының сахналық өміріне нақтырақ тоқтала кетсем:

2000 жылы 14 қыркүйекте театр өз шымылдығын, Ә Кекілбайевтың және С. Жүнісовтың «Абылай хан» қойылымымен ашты.

Қойылымға Елбасы Н. Ә. Назарбаев, сол уақыттағы облыс әкімі Ө. Шөкеев қатысып, сөз сөйледі. Осы жылы театрдың шығармашылық құрамы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерімен толықты.

2001 жылы Өнер академиясының түлектерімен, Қазақстан Республикасының халық әртісі Т.Жаманқұлов қойған Н. Хикметтің «Шығыстың шерлі махабаты» мен Лопе де Веганың «Батыстың махаббат машахаты» спектакльдерін көрермендерге ұсынды.

Жемісті жылдардың еншісінде, мақтанышпен тарих бетіне жазылатын елеулі оқиғаның бірі, Қ.Р. Мәдениет қайраткері, Облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, Қ.Есенгулов «Әке тағдыры», «Құдалар» қойылымдары үшін аталған дәрежелерге жетті.

2001 жылы Петропавл қаласында өткен Республикалық театрлар фестиваліне «Абылай хан» қойылыммен қатысып, Қ. Бегайдаров «Ең үздік ерлер рөлі» бәйгесін иеленді.

2002 жылы Петропавл қаласында Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдық мерейтойына орай өткен, Республикалық театр байқауына, Ж Есенбеков қойған Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклінде, Қарабай рөлін ойнаған, Қ. Бегайдаров пен суретші Д. Доспаев үздік шықты. Театр актері Қ. Бегайдаровтың қазақ театр өнерін дамытуға қосқан еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, «Қ.Р. еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілсе, жергілікті әкімшілік ұйғарымымен «Қазына» сыйлағын алды. 2003 Орал қаласында М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арналған Республикалық театр фестивалінде Қ.Р. еңбек сіңірген әртісі А.Смағұлов «Махамбет» бейнесін сомдағаны үшін Гранприге ие болды.

2004 жылы қараша айының 12 – 17 аралығында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С. Жүнісовтың 70 жылдық мерейтойына орай, Көкшетау қаласында өткен, Республикалық театрлар фестивалінде «Махамбет» бейнесін сомдағаны үшін А. Смағұлов, «Фатима» бейнесін сомдаған А. Қасымова бас жүлделерге ие болды.

2004 жылы Қостанай қаласында, Қазақстанның халық артисі Қ.Бадыровтың 100 жылдық мерекесіне орай, ұйымдастырылған Республикалық театрлар фестивалінде, «Ең үздік сценография» номинациясын, театрымыздың бас суретшісі М.Нұрмақанов жеңіп алды.

2004 жылы театр актері - Самат Алтай, Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің, «Журналистика» номинациясы бойынша, «Ашық алаң» атты бағдарламасымен қатысып, саяси-қоғамдық тақырыпқа арналған осы телебағдарламасы «Ең үздік журналистикалық жұмысы үшін» дипломын алды.

2005 Қызылорда қаласында ұйымдастырылған, Республикалық театрлар фестиваліне театрымыз Р.Ыбраеаваның «Махаббат пен кесапат» спектаклімен қатысып, басты рөлді сомдаған актриса З. Балтабаева «Үміт» номинациясына ие болды.

2006 жылы театр режиссері А. Уалиев шеберлігің шыңдау мақсатымен, Москва қаласында ұйымдастырылған бір айлық оқу-жаттығу семинарына қатысты.

2007 жылы театр Көкшетау қаласында өткен, Ш. Құсайыновтың 100 жылдық мерейтойына арналған аймақаралық театрлар фестивалінде, арнайы дипломмен марапатталды.

2008 жылы Қазақстанның халық әртісі - Е. Төлеубай, театрдың көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Театр жетекшісінің ұсынысы бойынша, облыстық мәдениет басқармасының бастығы С. Бөкейханқызының қолдауымен театр жанынан екі жылдық театр студиясы ашылды.

2009 жылы театр актері, Б. Төкенов облыс әкімінің дипломмымен марапатталса, актриса Г. Уалиева Қостанай меценаттар клубының арнайы сыйлығын иеленді.

2010 жылы Павлодар қаласында өткен, Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған драмалық және музыкалы-драма театрлары әнші-актерлерінің Республикалық байқауында, З.Балтабаева Исаның «Желдірмесін», Нұртуғанның «Қәнекей, тілім, сөйлеші» термесін орындап, ақынның «Ақбөпе» поэмасынан үзінді көрініс көрсетіп, екінші орынды иеленді. Қостанай облысының Меценаттар клубының «Театр» номинациясында «Қазына» сыйлығын, театр артістері - Қ-М. Иманов, «Шабыт» сыйлығын А. Мырзахан иеленді. Сонымен қатар, актриса А.Шәкіржанова Қостанай облысындағы іскер әйелдер қауымдастығының «Қанатты әйел» атағына ие болды. Осы жылы театр ұжымы «Мәдениет қайраткері» атағына, Мәдениет министірлігінің мақтау қағазына, Облыс әкімінің мақтау қағазына, Қостанай облысы акімдігі Мәдениет басқармасының қағазына ие болды.

2011жылы Қ.Р. 20 жылдық мерей тойына орай , Ерсайын Төлеубайдың (Қазығұл) «Абай» қойылымы қойылды. Қоюшы – режиссер Қ.Р. Халық әртісі - Ерсайын Төлеубай.

2012 жылдың 12 қаңтарында, театрдың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті . Осы жылы тамыз айында, театрға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев келді. Қазан айының I-V аралығында Ілияс Омаровтың 100- жылдығына арналған ХХ Республикалық театрлар фестивалі өтті. 2012 жылы жаңа премьералар қойылды. Қазығұл «Кейкі батыр», Р.Куни «№13».

2013 жылы Ерсайын Төлеубайдың «Боздаған бойдақтар» (комедия), «Сергей Есенин» (драма). Е. Төлеубайдың «Мариям -Ілияс» (драма) жаңа қойылымдар қойылды.

2014 жылы жастарды ізеттіліке, ізгілікке бастар тәлім тәрбие беретін, қазақ және орыс тілінде жүргізілетін, Е.Төлеубайдың «Тіл табысқандар» атты, комедиясының премьерасы өтті. Бұл спектакльдердің аудармасымен, қазақ тілінде жүруі, Елбасымыз алдымызға мақсат етіп қойып отырған, мемлекеттік тілімізді дамытуға үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Сонымен катар, Жолтай Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» атты драмасы қойылды.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты, Ілияс Есенберлиннің «Хан кене» атты трагедиялық қойылым қойылды.

Театрыдың 15 жылдығына орай, авторы Оразалы Жақсанов Жақсанұлының «Театр және Өмір» атты кітабы жарық көрді.

2016 жылы Көкшетау қаласында, «Тәуелсіздік-Тұғырым» атты Солтүстік аймақ форумына қатысып, авторы Жолтай Әлмашұлының «Мұң мен алысқан адам» атты драмалық қойылымын көрсетіп, арнайы дипломға ие болды.

2017 жылы Халықаралық ЭКСПО көрмесіне барып, авторы Тана Әуелбекованың «Дала шамшырағы» атты, драмалық қойылымы көрсетілді.

2018 жылы У.Шекспирдің «Ромео и Джульетта» атты трагедиялық қойылымы, сонымен қатар Е.Толеубайдың «Гоголь Пушкин» трагедиясы,

Е.Домабаевтың «Жоғалған адам» атты комедиясы жарық көрді. Театрымыздың жас актрисасының бірі - Құбаш Мөлдір Меценаттар клубінің жүлдесіне ие болды.







































  1. Театр келбетті бала тілімен

Театр туралы ғылыми жұмысымды алған себебім, театр маған өте қатты ұнайды. Театрға деген қызығушылық менде театр сахнасында ойнаған актриса апаларыма қарап, қызығушылығым арта түсті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, театрдың мақтанышы болып отырған сахнаның хас шеберлері, тәлімгерлер, Қазақстан еңбек сіңірген әртісі, ерлі-зайпты Қайыпберген және Шахарбану Есенғұловтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоныспек және Зәмзәгүл бегайдаровтар Еліміздің мәдениет қайраткері Қабдол-Мәжит Иманов және басқа да ата-әжелерімнен және аға апаларымнан сахна шеберлігін үйреніп жүрмін. Мен облыстық қазақ драма театрындағы өздерінің жауапты мамандықтарына аса жауапкершілікпен қарайтын барша әртістерге, алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасында бақыт, шағармашылық табыстар тілеймін.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақса қылық.

Абай Құнанбаев























ІІІ. Қорытынды

Қазақ театр өнер біздің заманызда басталғанына біз қуаныштымыз. Бірақ, сол қуанышпен бірге, бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екендігімізді де ұмытпау керек.

Мұхтар Әуезов

Өнер адамының еңбегі бал жинаған араның еңбегіндей. Мыңдаған гүлдің түсін танып, түрін біліп, дәмін татып, зердесін сақтап, табиғаттың ырысын өнердің болмысында таныту таланттың табысы деп, театрдың көркемдік жетекшісі - Қазақстан Рспеубликасының Халық әртісі Ерсайын Жүнісбекұлы Төлеубай атамның айтқанына қосыламын. Осы ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, ақын филология ғылымының кандидаты, профессор, Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Серікбай Оспанов атам айтқандай

Өзен, көлді, театр кең даласың

Бабамызсың, ағасың елге анасың!

Бар әлемге сыймаған кереметті

Сахнаға сыйдырған сен ғанасың.

деген өлеңіне тоқтала келе, Егемендік байрағын желбіретіп, енді ғана еңсесін көтерген, Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев, елдің мәдениеті өркендемей, елді әлемге таныту мүмкін еместігін ескертіп, 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған болатын. Міне осы жылы небір жарасы сыздап, жабылуға шақ тұрған мәдениет ошақтары қайта қаз тұрып, Үкімет тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Соның айғақ мысалы, осы 2000 жылы облысымыздың орталығы Қостанай қаласында қазақ драма театрының ашылуы болды. Тарих еншісіне тиген осы уақыт біреуге аз көрінер, біреуге көп көрінер, бірақ Қостанай өңіріне өнер нәрін сеуіп, халықты өнер бұлағынан сусындатқан театрдың шығармашылық ұжымы жүзден астам спектакльді көрермендерге тарту етіп келеді. Жанр жағынан әртүрлі –драма, трагедия, комедия, тарегикомедия және балаларға арналған ертігісін осы тың қойылымдарды облыс жұртшылығы, әсіресе жастар жағы қуана қарсы алып, өнер деген жарық сәуленің ләззатына бөленуде. Бүгінгі күні театрымызды бүкіл Қазақстан жұртшылығы, Ресейдің көршілес облыстарының өнер сүйер қауымы, жақсы біледі. Жылдан жылға өнер ұжымының көрермендері де, көбейіп келеді. Театр мен көрермендер арасы өнермен қабысып, өнермен табысып, өнермен өрнектеліп жатқанына мен қуаныштымын. Ал, әзірге театр ұжымының қадамына гүл бітсін деп, өнер ордасының репертуарға қойылатын қойылымы көп болып, халқымыздың ыстық ықыласы мен мейірім – шуағына бөленіп, қазақ өнерінің игілі, өркендеп өсуі, одан әрі дамуы үшін қызмет ете берулеріңізді тілеймін!

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Өнер», 2003 Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен балалар театры, кітап ББК 85.33я 6 Қ18 ISBN 9965-595-58-5

  2. «Қасиетті қара шаңырақ» 10 жылдығына арналған журнал

  3. «Қосатнай қазақ театры» 5 жылдық мерейтойына арналып шығарылған кітап. Махмұтұлы Б. ББК 85.33 (5ҚАЗ) М31

  4. «Театр және Өмір» 15 жылдығына арналып шығарылған кітап О.Жақсанов ӘОЖ 821.521.122-31, КБЖ 84(5Қаз-44) Ж21

  5. Ілияс Омаров «Таңдамалы избранное» кітап «Арыс» баспасы, Алматы 2001ж




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!