Мерзімі: 15.12.2017ж.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері
Сабақтың мақсаты.
І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту
Міндеттері.
1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып, шығарманың идеясына көз жеткізу
2. Әдебиет теориясынан түсінік беру
3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал ету
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық, талдау, өз пікірін айту, мәнерлеп оқу, бағалау парағы
Сабақтың көрнекілігі. Интербелсенді тақта, ақын - жазушылардың портреттері, оқулық, бағалау парағы, қатты қағаз, маркер, стикерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу (тренинг)
2. Оқушыларды түгендеу
3. Бағалау парақшасын тарату
ІІ. Қайталау – оқу анасы
Үш топқа қағаз, маркер үлестіріліп беріледі.
«Топтастыру» әдісімен:
Үйге берілген Түйебайға мінездеме кесте толтыру.
Сұрақтар:
1 - топқа: 1. Ақын жастарға қандай тілек айтады?
2. Ақын келешектен не күтеді?
2 - топқа. Б. Майлиннің «Түйебай» әңгімесі бойынша.
1. Әңгіме қалай басталады?
2. Ауыл балаларының айтуынша молда қандай адам?
3. Портрет дегеніміз не? Молданың портретін сипаттап айт.
4. Түйебай сабаққа қалай оқыды? Кішкентай Түйебай сабаққа барған алғашқы күннен - ақ молданың қаһарына ілікті. Неге оны молда жек көреді? Не себепті?
5. Түйебайдың осындай бір кешігіп қалған кездегі молданың қатыгездігін жазушы қалай суреттейді? (үзінді тауып оқу)
6. Түйебай қандай шешімге келді?
7. Әрі қарай Түйебайдың тағдыры қалай өрбиді?
8. Молдадан зәбір көру тек Түйебайдың басында болды ма?
9. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?
10. Бұрынғы оқу мен қазіргі оқуды салыстыру.
І. Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыпты пысықтау.
1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық.
Ілия Жансүгіров ………… уезіндегі …………. бойында ……… жылы дүниеге келген. …………….. ерте айрылып, ……….. тәрбиесінде өскен. ………….. арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. ……………….. өнерінің бәрін үйретеді.
Алғаш ……………… хат таныған, кейін ауыл ………………., медресе үлгісіндегі …………………. оқыған.
Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ………………, өлең-……….. құмар болып өседі.
Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……………. жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «……………..», «………………..», «…………………..» атты өлеңдері бар. ……… жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ………….. жазасына кесіледі.
ТЕКСЕРУ:
Ілия Жансүгіров Қапал уезіндегі Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, әке тәрбиесінде өскен. Әкесі арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. Баласына өнерінің бәрін үйретеді.
Алған әкесінен хат таныған, кейін ауыл молдасынан, медресе үлгісіндегі мектептен оқыған.
Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында өнер жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «Әнші», «Домбыра», «Күйге» атты өлеңдері бар. 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ату жазасына кесіледі.
«Мен өзім тауда туып, тасында өстім»
Ескіше хат танитын, аңыз - ертегілерді, батырлық жырларды, шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояуға көзі ашық, домбырашы, ұста әкесі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі беріп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт - береке дарыған, ежелден батырлық, даналық мекені жетісу өлкесінің перзенті Ілияс жас күнінен бастап ін мен жырды, өлең мен күйдің небір асын нұсқаларын көкірегіне түйіп өседі.
Жас кезінде өлкенің тамаша табиғаты, ауыл көріністері оны ерекше толқытып, өлеңдер жаза бастайды. Абай поэзиясы жас ақынға ықпал етеді. Алғашқы өлеңдерінен – ақ ақынның қарымды стиль ерекшелігі байқала бастайды.
Сөйтіп жүріп кең арналы, терең мағыналы өлеңдерімен елге танылады. Орыс жазушысы М. Горькиймен шығармашылық байланысы, М. Әуезовпен, Сәкен Сейфуллинмен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырады. Көзі тірісінде ақындықтың құлагері атанған Ілияс репрессияға ұшырап 1938 жылы опат болады.
II «Анам тілі» өлеңі
- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?
(Оқушы ойын тыңдау )
«Анам тілі» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу
Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Тіл туралы мақал - мәтелдер айтқызу.
Нақыл сөздерді экраннан оқып беру.
• Тілден биік асқан тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов.
• Өз тілін сезбеген бала - ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Б. Момышұлы
Градация туралы оқу, дәптерге жазу. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)
Градация, дамыту - алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақ -
тата түсу.
Қорытынды кезең
«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер»
Тұрсынбек Кәкішов
Сабақты бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»
(Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі. Өздеріне ұнаған екі нәрсені және бір тілек жазып тақтаға іледі.)
Үйге тапсырма
1. І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу
2. «Анам тілі» өлеңін жаттау. Тілге байланысты 5 мақал-мәтел жаттау