Имандылық-инабатылық мұраты
Мақсаты: оқушыларды салт-дәстүрді білүге, имандылыққа, бір-бірімен жақын қарым-қатынасқа, адалдыққа , мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: даналық сөздер, «Ислам және өркениет» газетінің топтамасы, мешіт суреттері, кітап көрмесі.
Барысы.
1-жүргізуші: Балалар, кәне еске түсірейік.
(Оқушыларға сұрақтар беріліп, олардан нақты жауап алынады.)
| № | Сұрақтар | Жауаптар |
| 1 | Сен мұсылмансың ба? | Әлхәмдулилләһ мұсылманмын. |
| 2 | Раббың кім? | Раббым-Аллаһ. |
| 3 | Дінің не? | Дінім-Ислам. |
| 4 | Біз кімге құлшылық етеміз? | Бір Аллаға ғана. |
| 5 | Пайғамбарың кім? | Пайғамбарым-Мұхаммед (с.а.у) |
| 6 | Сені кім жаратты? | Мені және барлық нәрсені Аллаһ жаратты. |
| 7 | Аллаһ адамды не үшін жаратты? | Аллаһ адамдарды өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратты. |
| 8 | Саған және барлық адамдарға ризық-несібе беруші кім? | Маған және барлық адамдарға ризық-несібе беруші-Аллаһ тағала. |
| 9 | Сенің қасиетті кітабың қалай аталады? | Қасиетті кітабым Құран Кәрім деп аталады. |
| 10 | Ислам дінінің негіздері қанша? | Ислам дінінің негіздері бесеу. |
| 11 | Ислам негіздерін атап бер. | Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың елшісі екеніне куәлік беру. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында ораза ұстау. Шамасы |
| 12 | Түн мен күндізді, күн, ай, тауларды, ағаштар мен өзендерді кім жаратты? | Түн мен күндізді, күн, ай, тауларды, ағаштар мен өзендерді және барлық нәрселерді Аллаһ Тағала жаратты |
2-жүргізуші: «Ислам» сөзінің араб тіліндегі мағынсы тілдік тұрғыдан «мойынұсұну, бағыну, амандықта, бейбітшілікте болу» дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім-наным мен ар-ұжлан мәселелерін қамтумен бірге амандық пен бейбітшілікті, татулықты, бір ауыз сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір сүру салтын білдіреді.
1-жүргізуші: Ислам-Жаратушы ие тарапынан жіберілген ең соңғы дін, бұдан кейін басқа дін келмейді. Өйткені Ислам діні ақырзаманға дейін өз үкімін жоғалтпайтын, кез-келген уақытқа және жерге жарамды болып табылады. Бұл дінді адамдарға жеткізіп баяндаған Мұхаммед (с.а.у)-ең соңғы Пайғамбар.
2-жүргізуші: Илсам-әлімдік дін.
1-жүргізуші: Ислам-иейірімділік пен қамқорлық діні.
2-жүргізуші: Ислам діні ғылым мен білім үйренуде, адал жолмен күн көру мақсатында жұмыс істеп еңбектенуді, табыс табуды құлшылық деп санайды.
1-жүргізуші.Ислам діні қоғамның салауатта өмір сүруге қол жеткізу, осы жағдайды үнемі сақтапқалу үшін жақсылықты бұйырып, жамандықты тыю негізін ұсынады.
2-жүргізуші:Сондай-ақ Ислам бір Аллаһқа иман келтірген барлық адамдарды бір-біріне бауыр деп жариялайды.
1-жүргізуші:Ислам діні адам баласын бірлікке шақырып, араларында бауырластықты мнасихаттайды. Адамдар арасындагы қарым-қатынасты олардың жаратылысына және психологиясына сәикес түрде реттеп отырады
2-жүргізуші:Хадис –Пайганбарымыздың өсиет сөздері.Хадис пен қазақ мақалының үйлесімі» бөлімі
1-оқушы: Алланы мойындау жөнінде.
Хадис: «Ақылдылықтың бастауы-құдайдан қорқу».
Қазақ мақалы: «Құдайдан қорықпағаннан қорық».
2-оқушы: Тазалық жөнінде.
Хадис: «Тазалық-имандылықтың жартысы».
Қазақ мақалы: «Бірінші байлық-денсаулық, денсаулықт кепілі-тазалық».
3-оқушы: Білім іздеу.
Хадис: «Ғылымды Қытайда болса да іздепбарыпүйреніңіз, ғылымды іздеу- әр адамның парызы. Жолдың қашықтығына, халықтың жаттығына қарамаңыз. Ғылымды қайдан көрсеңіз де сол жерге барып үйреніңіз».
Қазақ мақалы: «Өнерді үйрен де жирен» .
4-оқушы: Абайдың сөзі: «Мал жұтайды, өнер жұтымайды». «Ғылымың болмаса тұтқан оразаң, оқыған намазың пайда бермейді».
Хадис: «Дүниеден өткен кісілердің жақсылығын ғана айтыңдар, қалғандары сондай жақсы болуға ұмтылатын болсын».
Қазақ мақалы: «Жақсының жақсылығын айт иманы тасысын».
(Оқушыларға сауалғы сұрақтар беріліп, нақты жауап алынды.)
Рухани дүниені адам қандай сезім мүшесі арқылы сезінеді.
Жауабы: Жүрек
Адамдарды жақсылыққа, ізгілікке шақыратын тылсым дүние иесі.
Жауабы: Періште
Адам бойында жаман қылықтар болса, ол ненің ауруы
Жауабы: Жан
Құдайдың жердегі елшісі.
Жауабы: Пайғамбар
1-жүргізуші: Ақын-жазушылардың, ғұлыма ғалымдардың имандылық туралы айтқан сөздері қаншама десеңізші!
1-оқушы: Махаббатпенжаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және де Хақ жолы деп әділетті,-деген екен Абай Құнанбайұлы
2-оқушы: Ыбырай Алтынсарин өз өленің «Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар оқылық » деп бастауында үлкен мән бар.
3-оқушы: Түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұнның «Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме, Иман тонын үйінен шеше көрме» деген өлең жолдарында иман сөзі адамның бүкіл болмыс бітімін бейнелейтін жалпы кісілік қасиетін көрсетіп тұр.
Мұғалім: Біздің сыныпта бейсенбі «Рухани тазалық күні» болып белгіленді.
Бұл күні имандылыққа баулитын әңгімелер айтылады. Дініміз Ислам-негізінен адамды рухани жағынан, яғни әдеп, адалдық, ізгілік тәрізді жан тазалығына тәрбиелеу мектебі. Иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Ал «Иман» дегеніміз Аллаға сену дегенді білдіреді.