СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Информатика алғырлары" сайысы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында.  Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салады. сайыстың аты "Информатика алғырлары" Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады. Ойын 9 айналымнан тұрады. 

Просмотр содержимого документа
«"Информатика алғырлары" сайысы»

"Қазақстан Тұтынушылар Одағы Агробизнес және экономика колледжі"





























Информатика пәнінің мұғалімі: Даулетова А.Т.





2016 жыл.





Тақырыбы: “Информатика алғырлары” /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Жоспары:

1. Таныстыру

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. «Жүйрік болсаң, озып көр»

5. Қандай құрылғы? Сипаттамасын бер.

6. Қиял ғажайып арманы.

7. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

8.Көркем сурет. (Мамандыққа байланысты сурет салу және сұрақтарға жауап беру)

9.Информатиканы жырлаймын


Барысы:

Даулетова А.Т.: Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады. Ойын 9 айналымнан тұрады.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1-ші топ Принтер тобы

2-ші топ Сканер тобы



Даулетова А.Т. Ойынымыз 9 айналымнан тұрады:

1. Таныстыру

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. «Жүйрік болсаң, озып көр»

5. Қандай құрылғы? Сипаттамасын бер.

6. Қиял ғажайып арманы.

7. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

8.Көркем сурет. (Мамандыққа байланысты сурет салу және сұрақтарға жауап беру)

9.Информатиканы жырлаймын

Даулетова А.Т.: Бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болайық. Оспанова Динара Токабаевна, Сыдыкова Гүлстан Нурлановна, Сайлаубаева МейрамгульЕрбаевна

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе

1. Топтарды таныстыру: (10-20 бал аралығында)

1 топ – «Принтер»

Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)
Топтың ұраны:
Сәттілік тілейміз біз жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.


Топтың әні:
1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!
2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.

Қайырмасы:
Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.
Сенсіз бастамаймыз бір істі.
Драйверлік бағдарлама боламыз,
Орнатылған компьютерге келісті.

3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика - ғылымдардың патшасы
Ой – сананың түсінетін астарын.
4. Болашаққа бірге қадам басамыз,
Білімменен асулардан асамыз,
Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,
Сәттілікті жолдас қылып аламыз!

2 топ - «Сканер»

Топтың аты: Сканер
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

Тотың әні: (Қ. Нұртас «Сағыныш моншақтары» әнімен)
1. Жүректің жалынымен,
Қал сұрап амандасып,
Сіздермен қауыштырған,
Информатика апталығы.
Принтер мен Модем топтары
Қарсылас емес бізге.
Достармыз біз әрқашан
Жазылмас жұбы мүлде.
Қайырмасы.
Сен барда ұмытпаймыз біз.
Мектептің қызық шақтарын.
Сканер тобы ұмтыл алға,
Шыға бер биік шыңға.

2. ХХІ ғасыр
Технология заманы.
Ақпараттар Бүгінде
Информатика саласы.
Ұмтылыңдар сендер де
Информатиканы білуге.
Кибернетикасы атасы
Норберт Винер ізімен.


Даулетова А.Т. 2. Тур Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз. Топ басшылары берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.


1. Бәйге жарысы: 1)Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу пернесі? (enter)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14. Paint қандай редактор (графикалық)

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)


2) Лездік сұрақтары «Компьютер» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)

14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)



4. Даулетова А.Т. 3 тур полиглот


Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

15 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.


Принтер тобына қойылатын сұрақтар:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

/ Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

6. Кітап ненің бұлағы?

(білім, знание, knowledge)

7. Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды сақтайтын орын

(қапшық, папка, Folder )


7.


Сканер тобына қойылатын сұрақтар:

1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)

  1. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

  2. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)

  1. Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)

6. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не?

(тоқ, ток, current )

7. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар?

(Жүз бір-сто один-One hundred one)


Келесі айналым 4 тур

3. Жүйрік болсаң, озып көр: Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

- Екі топ тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру арқылы ұпай алады. Егер жауабы дұрыс болса, сол таңдаған ұпайды алады.


  • Қызыл 20 – Ең алғаш пайда болған есептеу құралы. Оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында. /ЕСЕПШОТ/


  • Жасыл 20 – 1846 ж Бэббидж машинасына программа жазған бірінші программист деп саналатын әйел кім? Ада Лавлейс

  • Көк 20 – Microsoft фирмасын құрған адам? Бил Гейтс

  • Қызыл 30- 1642 жылы француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деп атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды./Блез Паскаль/


  • Жасыл 30-1694 жылы атақты неміс математигі Паскалдың идеясы дамытып , өзінің механикалық есептеу машинасын арифометрді құрастырды. Дөңгелектің орнында мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Арифмометр қазір оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды./Лейбниц ?/


Көк 30 – Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы, сондықтан оны көптеген адамдар қазіргі компьтердің атасы деп атайды. 1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарыллатын «Аналитикалық машина»жобасын жасады/Ч. Бэббидж/


  • Қызыл 40 – ЭЕМ-нің бірінші буындары туралы айтыңдар?

(1945-1955) пайда болды.

электронды шамдармен жұмыс істеді

есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция

әр машинаның өз тілі болды

операциялық жүйелер болған жоқ


  • Жасыл 40 – ЭЕМ-нің екінші буыны туралы айтыңдар?

(1955-1965) пайда болды

жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар

(1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли)

жылдамдығы секундына 10-200 мың операция

алғашқы операциялық жүйелер

алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)


  • Көк 40 – ЭЕМ-нің үшінші буыны туралы атыңдар?

(1965-1980) пайда болған

интегралды микросхемалар

есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін

жедел жад – жүздеген мың байт

операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару

программалау тілдері Бэйсик (1965), Паскаль (1970, Н. Вирт), Си (1972, Д. Ритчи)


4. Келесі айналым «Қандай құрылғы?» Сипаттама бер. Экранда берліген төртбұрыштың кез-келген біреуін алып тастап астында қандай құрылғын екенін атау керек және оған сипаттама беру керек. (10 балдан)

Принтер тобына

  1. Принтер

  2. Флеш карта

  3. Монитор

Сканер тобына

  1. Пернетақта

  2. Тышқан

  3. Аналық жад


5. Келесі айналым «Қиял ғажайып арманы» сайысы. Бұл айнылмда берілген тақырып бойынша екі топ өздерінің армандарын пікірлерін айтады. ендеше екі топқа бірдей тақырып беріледі "Егерде мен хакер болсам......"(20-40 ұпай аралығында)

Көрермендермен ойын. «Сиқырлы тізбек»

Бір көрерменді шақырып ішіне ақпарат өлшемдері жазылған, дөңгелектеніп қиылған 5 дөңгелекше беріледі. Төмендегі ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек. Бит; байт; килобайт; мегабайт; гигабайт








  1. Ақпаратты компьютерден аламын

Бірақ өзім қағазға басып беремін (принтер)

  1. Компьютерге көмекпін

Жануарға ұқсаймын

Кілемше үстінде тұрамын

Мен қосымша құралмын (тышқан)

  1. Еселе десең еселеймін

Қи десең қиып аламын

Қой десең қоямын (алмасу буфері)

  1. Компьютердің миымын

Ақпаратты сақтаймын (процессор)

  1. Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамын

Тағы бассаң кіші әріппен жазамын (Caps Lock батырмасы)

  1. Ақпаратты қағаздан мен аламын

Бірақ оны компьтерге енгізем (сканер)

  1. Компьютерде тұрамын

Ауырса оны емдеймін (вирусты емдейтін бағдарлама)


Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)



6. Айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.


Ендеше Принтер тобы «П» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа)

Келесі кезекте Сканер тобы «С» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(Сканер, сағат,символ, сайт, сервис,сервер,сан,сурет,сызғыш,)

Тақтаға екі топ жазып жатқанда, корермендерге сұрақтар қоямын.


7. Айналым : Көркем сурет.

Екі өз мамандықтарына байланысты компьютерге суреттерін салады, сол кезде топ басшылары мамандықтарына байланысыты сұрақтарға жауап береді.




8.Айналым: Информатиканы жырлаймын.

Екі топ өздерінің шығарған өлеңдерін айтады.

ДаулетоваА.Т.:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.


“Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!